Батырлық туралы 145

Батыр - елдің сәулеті,
Балқұрақ - көлдің сәулеті. Batyr - eldiń sáýleti,
Balquraq - kóldiń sáýleti.
Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды. Batyr myń qol bastaıdy,
Sheshen tar jerde sóz bastaıdy.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды. Batyrǵa oq darymaıdy,
Batylǵa jaý jolamaıdy.
Батыр бастас. Batyr bastas. Батыр - айғақ, палуан - куә. Batyr - aıǵaq, palýan - kýá. Батырдан - сауға, мергеннен - сыралғы. Batyrdan - saýǵa, mergennen - syralǵy. Батырға да жан керек,
Пақырға да жан керек. Batyrǵa da jan kerek,
Paqyrǵa da jan kerek.
Батырлық айқаста танылар. Batyrlyq aıqasta tanylar. Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар,
Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар. Batyr maqtansa, jaýǵa shapqanyn aıtar,
Qý maqtansa, aldap qaqqanyn aıtar.
Батырға таяқ та жарақ. Batyrǵa taıaq ta jaraq. Айлалы батыр алдырмас. Aılaly batyr aldyrmas. Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр жерде жатыр. Eki batyr elde jatyr,
Jeke batyr jerde jatyr.
Шамасыз батырлық - шарасыз өлім. Shamasyz batyrlyq - sharasyz ólim. Елуінде ер дана. Elýinde er dana. Ер мойнында қыл арқан шірімейді. Er moınynda qyl arqan shirimeıdi. Ер шекіспей (өліспей) бекіспейді. Er shekispeı (ólispeı) bekispeıdi. Ер тарықпай молықпас. Er taryqpaı molyqpas. Ер қаруы - бес қару. Er qarýy - bes qarý. Ер кезегі үшке дейін. Er kezegi úshke deıin. Ер елуде бала мінезді,
Ер сайыста шала мінезді. Er elýde bala minezdi,
Er saıysta shala minezdi.
Ер - елдің ық жағының қалқасы,
Жел жағының панасы. Er - eldiń yq jaǵynyń qalqasy,
Jel jaǵynyń panasy.
Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. Er jigit el úshin týady, el úshin óledi. Ер - елдің айнасы. Er - eldiń aınasy. Ер сасқанда белгілі,
Ат шапқанда белгілі. Er sasqanda belgili,
At shapqanda belgili.
Ер есімі ел есінде. Er esimi el esinde. Ер арыса - аруақ, ат арыса - тулақ. Er arysa - arýaq, at arysa - týlaq. Ер не көрмейді,
Ер көңіл есе бермейді. Er ne kórmeıdi,
Er kóńil ese bermeıdi.
Ер болсаң, бопсаға шыда. Er bolsań, bopsaǵa shyda. Қаһарлы қамал бұзады. Qaһarly qamal buzady. Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік. Er jigit bir kúnde bir kisilik,
Bir kúnde myń kisilik.
Ер қосы жүре түзеледі. Er qosy júre túzeledi. Ер татулығы - ел татулығы. Er tatýlyǵy - el tatýlyǵy. Ер басына күн туса,
Долданар да, тасынар.
Жауын жеңсе жарқырап,
Жауған күндей ашылар. Er basyna kún týsa,
Doldanar da, tasynar.
Jaýyn jeńse jarqyrap,
Jaýǵan kúndeı ashylar.
Ер айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны. Er aıtsa, el aıtqany,
Eldiń qamyn jep aıtqany.
Ер аруағы қарулы. Er arýaǵy qarýly. Ердің сыншысы - елі. Erdiń synshysy - eli. Ерден ердің қаупі бар. Erden erdiń qaýpi bar. Ерді кебенек ішінде таны. Erdi kebenek ishinde tany. Ер жігіт не көрмейді,
Ер көңіл не бермейді. Er jigit ne kórmeıdi,
Er kóńil ne bermeıdi.
Еруліге - қарулы. Erýlige - qarýly. Ерді көрсең, Қыдыр тұт,
Асты көрсең, қадір тұт. Erdi kórseń, Qydyr tut,
Asty kórseń, qadir tut.
Ерді жаяулық емес, қаяулық аздырар. Erdi jaıaýlyq emes, qaıaýlyq azdyrar. Ердің малы - елдің малы. Erdiń maly - eldiń maly. Ерлік білекте емес, жүректе. Erlik bilekte emes, júrekte. Ердің малы елде, еріккенде қолда. Erdiń maly elde, erikkende qolda. Ерлікте қорлық жоқ. Erlikte qorlyq joq. Ерліктік шарты - өзіне сенгендік. Erliktik sharty - ózine sengendik. Ерлік керсеткенге оқ та дарымас. Erlik kersetkenge oq ta darymas. Ердің ерлігін білмеген
Құдайдың бірлігін білмейді. Erdiń erligin bilmegen
Qudaıdyń birligin bilmeıdi.
Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды. Erge berseń asyńdy,
Erler syılar basyńdy.
Ердің атағы туырлықтай,
Өзі бұлдырықтай. Erdiń ataǵy týyrlyqtaı,
Ózi buldyryqtaı.
Ел - ырыстың кілті, El - yrystyń kilti, Ер - ырыстың кепілі. Er - yrystyń kepili. Етігін шешпей ер тыңаймас,
Ер-тоқымын сыпырмай ат тыңаймас. Etigin sheshpeı er tyńaımas,
Er-toqymyn sypyrmaı at tyńaımas.
Ел даусыз болмас,
Ер жаусыз болмас. El daýsyz bolmas,
Er jaýsyz bolmas.
Ел шаруасыз болмас,
Ер жарасыз болмас. El sharýasyz bolmas,
Er jarasyz bolmas.
Ер көрмеймін деген жерін үш көреді,
Ат баспаймын деген жерін үш басады. Er kórmeımin degen jerin úsh kóredi,
At baspaımyn degen jerin úsh basady.
Ездің тілі - батыр,
Ердің қолы - батыр. Ezdiń tili - batyr,
Erdiń qoly - batyr.
Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер. At basyna kún týsa,
Aýyzdyǵymen sý isher.
Er basyna kún týsa,
Etigimen sý kesher.
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады. Bolat qaınaýda shynyǵady,
Batyr maıdanda shynyǵady.
Жауынгерге жара да жарасады. Jaýyngerge jara da jarasady. Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас. Shyn er jeńse tasymas, jeńilse jasymas. Назыңды ер көтерер,
Ер көтермесе, ел көтерер. Nazyńdy er kóterer,
Er kótermese, el kóterer.
Өзіңді ер білсең, өзгені шер біл. Ózińdi er bilseń, ózgeni sher bil. Тымырсық болса, ер оңбас,
Тоңға жатса, мал оңбас. Tymyrsyq bolsa, er ońbas,
Tońǵa jatsa, mal ońbas.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар. El úmitin er aqtar,
Er ataǵyn el saqtar.
Аман ердің аты шығар. Aman erdiń aty shyǵar. Су тасыса - жиегіне,
Ер тасыса - еліне. Sý tasysa - jıegine,
Er tasysa - eline.
Өкпеден соққан жел жаман
Елінен безген ер жаман. Ókpeden soqqan jel jaman
Elinen bezgen er jaman.
Ылдисыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды. Yldısyz ór bolmaıdy,
Qapysyn tappas er bolmaıdy.
Алыстан шабынған батырдың күші қайтар. Alystan shabynǵan batyrdyń kúshi qaıtar. Жүк ауырын ер көтереді. Júk aýyryn er kóteredi. Оқсыз мылтық - таяқ. Oqsyz myltyq - taıaq. Оқсыз мылтық - таяқ. Oqsyz myltyq - taıaq. Шын батыр сын үстінде танылар. Shyn batyr syn ústinde tanylar. Түзде жүріп, жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп, құрт қайнатқан батырмын. Túzde júrip, jaý jaıratqan batyrmyn,
Úıge kelip, qurt qaınatqan batyrmyn.
Алыстан ердің дәрібі бар,
Қасына барсаң, баладай.
Алыстан таудың дәрібі бар,
Қасына барсаң, обадай. Alystan erdiń dáribi bar,
Qasyna barsań, baladaı.
Alystan taýdyń dáribi bar,
Qasyna barsań, obadaı.
Ер қартайса, қазаншыл болады,
Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады. Er qartaısa, qazanshyl bolady,
Búrkit qartaısa, tyshqanshyl bolady.
Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты. Tabaq tamaǵymen jarasty,
Batyr jaraǵymen jarasty.
Жаулық тартқанның бері қатын емес,
Бөрік кигеннің бәрі батыр емес. Jaýlyq tartqannyń beri qatyn emes,
Bórik kıgenniń bári batyr emes.
Ердің атын не аты шығарады,
Не қатыны шығарады. Erdiń atyn ne aty shyǵarady,
Ne qatyny shyǵarady.
Ер жаңылып қолға түсер,
Құс жаңылып торға түсер. Er jańylyp qolǵa túser,
Qus jańylyp torǵa túser.
Ер айтпас, айтса қайтпас. Er aıtpas, aıtsa qaıtpas. Батырдың басы екеу болмайды. Batyrdyń basy ekeý bolmaıdy. Ер басына күн туса,
Ереуіл атқа ер салар. Er basyna kún týsa,
Ereýil atqa er salar.
Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа жаниды. Almas qanjardy jumsaq qaıraqqa janıdy. Ер иесіз қос табар. Er ıesiz qos tabar. Ел күйінгенде күйінген батыр,
Ел сүйінгенде сүйінген батыр
Ерегісте мыңға татыр. El kúıingende kúıingen batyr,
El súıingende súıingen batyr
Eregiste myńǵa tatyr.
Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас. Jomart bergenin aıtpas,
Er aıtqanynan qaıtpas.
Ердің жасы - екі елу. Erdiń jasy - eki elý. Батыр - аңғал, палуан - аптық. Batyr - ańǵal, palýan - aptyq. Батырды «бәрекелді» өлтіреді. Batyrdy «bárekeldi» óltiredi. Саналы ерде сауыт бар,
Санасыз ерде қауіп бар. Sanaly erde saýyt bar,
Sanasyz erde qaýip bar.
Ерді ел мүддесі өсіреді. Erdi el múddesi ósiredi. Ер қуаты - қаруы. Er qýaty - qarýy. Ерден иман құтылмас. Erden ıman qutylmas. Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді. Batyr túsinde jaý kóredi,
Balyqshy túsinde aý kóredi.
Ебін тапқан ер өлмес. Ebin tapqan er ólmes. Ат сыны - біреу, ер сыны - мың. At syny - bireý, er syny - myń. Баталы батыр арымас. Bataly batyr arymas. Ердің ері - егеудің сынығы. Erdiń eri - egeýdiń synyǵy. Ер намысына қарай шабады. Er namysyna qaraı shabady. Батыр өлмейді, мерт болады. Batyr ólmeıdi, mert bolady. Байға жалтақ, батырға қошемет көп. Baıǵa jaltaq, batyrǵa qoshemet kóp. Шын жомартқа жолықсаң,
Су орнына бал берер.
Шын батырға жолықсаң,
Сен үшін жан берер. Shyn jomartqa jolyqsań,
Sý ornyna bal berer.
Shyn batyrǵa jolyqsań,
Sen úshin jan berer.
Ердің құны - екі елу Erdiń quny - eki elý Сарман тауда салқын жоқ,
Саналы ерде ұйқы жоқ. Sarman taýda salqyn joq,
Sanaly erde uıqy joq.
Жерді тамшы, ерді қамшы ширатады. Jerdi tamshy, erdi qamshy shıratady. Тамшы - жерге пайда, талқы - ерге пайда. Tamshy - jerge paıda, talqy - erge paıda. Қорқақ қонған жерінен де қорқады,
Батыр жауын жеңгенше жортады. Qorqaq qonǵan jerinen de qorqady,
Batyr jaýyn jeńgenshe jortady.
Ер - егіз.
Ер - елінде әз. Er - egiz.
Er - elinde áz.
Ердің аты көлдей, өзі шөлдей. Erdiń aty kóldeı, ózi shóldeı. Асылды зергер, ерді ер таниды. Asyldy zerger, erdi er tanıdy. Ердің аты елменен,
Ел қорғаны ерменен. Erdiń aty elmenen,
El qorǵany ermenen.
Ердің құны - жүз түйе,
Көздің құны - елу тайлақ. Erdiń quny - júz túıe,
Kózdiń quny - elý taılaq.
Керуен көркі - нармен,
Батыр керкі - армен. Kerýen kórki - narmen,
Batyr kerki - armen.
Қой еркесі - серке,
Ел еркесі - ер. Qoı erkesi - serke,
El erkesi - er.
Бай бастас,
Би құлақтас,
Батыр қандас. Baı bastas,
Bı qulaqtas,
Batyr qandas.
Нар жолына шөгер,
Ер жөніне көнер. Nar jolyna shóger,
Er jónine kóner.
Кілем түрге керек,
Қылыш ерге керек. Kilem túrge kerek,
Qylysh erge kerek.
Аттан аттың несі артық?
Жүрісі мен күші артық;
Ерден ердің несі артық?
Ерлігі мен ісі артық. Attan attyń nesi artyq?
Júrisi men kúshi artyq;
Erden erdiń nesi artyq?
Erligi men isi artyq.
Ат үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар. At úıirin saǵynsa,
Artqy aıaǵyn qaǵynar.
Ер елін сағынса,
Ер-тұрманын тағынар. Er elin saǵynsa,
Er-turmanyn taǵynar.
Ерден ердің несі артық?
Бір сөйлеген сөзі артық. Erden erdiń nesi artyq?
Bir sóılegen sózi artyq.
Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүрінбей ел танымас. At súrinbeı jer tanymas,
Er súrinbeı el tanymas.
Ат күйгелек болса, арық болар,
Ер күйгелек болса, кәріп болар. At kúıgelek bolsa, aryq bolar,
Er kúıgelek bolsa, kárip bolar.
Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас. Aıbyndy saltyn el buzbas,
Adamdyq antyn er buzbas.
Өзінің елін таныған ер,
Әрбір істің қамын жер.
Өзінің елін танымаған ер,
Намысын сатып, арын жер. Óziniń elin tanyǵan er,
Árbir istiń qamyn jer.
Óziniń elin tanymaǵan er,
Namysyn satyp, aryn jer.
Ен-таңбасы болмаса,
Малды қайдан танырсың?
Ақ найзасы болмаса,
Ерді қайдан танырсың? En-tańbasy bolmasa,
Maldy qaıdan tanyrsyń?
Aq naızasy bolmasa,
Erdi qaıdan tanyrsyń?
Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес.
Айтулы ерге оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес. Aqqý qusqa oq tıse,
Qanatyn sýǵa tıgizbes.
Aıtýly erge oq tıse,
Qınalǵanyn bildirmes.
Арғымаққа оқ тисе,
Жабыдай боп туламас
Қас батырға оқ тисе,
Жамандай боп шуламас. Arǵymaqqa oq tıse,
Jabydaı bop týlamas
Qas batyrǵa oq tıse,
Jamandaı bop shýlamas.
Өршіл рухтан өлмес батыр туады. Órshil rýhtan ólmes batyr týady. Батырдан барымташыл туады. Batyrdan barymtashyl týady. Инабат - ер азығы,
Инабатты ер - ел қазығы. Inabat - er azyǵy,
Inabatty er - el qazyǵy.
Ерлігі бар елге жағар.
Айласыз батыр алдырар. Erligi bar elge jaǵar.
Aılasyz batyr aldyrar.
Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес. El ebelek emes,
Er kóbelek emes.
Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Kóńili pasyq erde dáýlet bolmas. Мал тапқан ердің жазығы жоқ. Mal tapqan erdiń jazyǵy joq. Жолбарыстың артында тері,
Батырдың артында елі қалады. Jolbarystyń artynda teri,
Batyrdyń artynda eli qalady.
Жер нені көтермейді,
Ер не көрмейді. Jer neni kótermeıdi,
Er ne kórmeıdi.
Он екі жылда ердің басы салауат. On eki jylda erdiń basy salaýat. Ердің ғайбатын айтпа,
Қайратын айт. Erdiń ǵaıbatyn aıtpa,
Qaıratyn aıt.
Пірдің соңы - Бекет,
Ердің соңы - Есет. Pirdiń sońy - Beket,
Erdiń sońy - Eset.
Батыр аңғал, ер көдек. Batyr ańǵal, er kódek. Ердің басы - тәуекел. Erdiń basy - táýekel.