Төрт түлік туралы 639

Түйе- байлық,
Қой - мырзалық,
Жылқы - сәндік,
Ешкі - жеңілдік ,
Сиыр - ақтық,
Шаруаның бәрі бес,
Диқаншылық оған ес. Túıe- baılyq,
Qoı - myrzalyq,
Jylqy - sándik,
Eshki - jeńildik ,
Sıyr - aqtyq,
Sharýanyń bári bes,
Dıqanshylyq oǵan es.
Түлік төлден өседі. Túlik tólden ósedi.
Түйе анасы бірден ,
Қой анасы бестен ,
Өсейін десе астаң -кестең. Túıe anasy birden ,
Qoı anasy besten ,
Óseıin dese astań -kesteń.
Мал баққанға бітеді. Mal baqqanǵa bitedi. Мал малсақты табады. Mal malsaqty tabady. Мал басқа , қына тасқа бітеді. Mal basqa , qyna tasqa bitedi. Мал жисаң қонысың ,
Ас жисаң ,ыдысын тап. Mal jısań qonysyń ,
As jısań ,ydysyn tap.
Малы бардың назы бар. Maly bardyń nazy bar. Мал - баласы, жер - анасы. Mal - balasy, jer - anasy. Мал төлімен жарасты,
Жер гүлімен жарасты. Mal tólimen jarasty,
Jer gúlimen jarasty.
Мал ашуы - жан ашуы. Mal ashýy - jan ashýy. Малдың тамағын қара,
Малшының табағына қара. Maldyń tamaǵyn qara,
Malshynyń tabaǵyna qara.
Мал аяған аттан құр,
Төл аяған ақтан құр. Mal aıaǵan attan qur,
Tól aıaǵan aqtan qur.
Малды іріктемесең,
Тұқымы азады.
Қонысты жаңартпасаң,
Өрісі азады. Maldy iriktemeseń,
Tuqymy azady.
Qonysty jańartpasań,
Órisi azady.
Асыл арытпайды,
Жасық жарытпайды. Asyl arytpaıdy,
Jasyq jarytpaıdy.
Мал арыстанның аузында, түрікменнің түбінде. Mal arystannyń aýzynda, túrikmenniń túbinde. Мал айдаса - жаудікі,
Ысқырса - желдікі. Mal aıdasa - jaýdiki,
Ysqyrsa - jeldiki.
Өсер малда өлім жоқ. Óser malda ólim joq. Кесімді малға өлім бар. Kesimdi malǵa ólim bar. Күйлі малдан күйкі төл тумайды. Kúıli maldan kúıki tól týmaıdy. Қайтқан малдың қайыры бар. Qaıtqan maldyń qaıyry bar. Қайтқан малға қасқыр өш. Qaıtqan malǵa qasqyr ósh. Семіздің аяғы сегіз. Semizdiń aıaǵy segiz. Ақылы жоқ жаманға,
Ауыл малы бұралқы. Aqyly joq jamanǵa,
Aýyl maly buralqy.
Көшсе, мал семіреді,
Көшпесе, қатын семіреді. Kóshse, mal semiredi,
Kóshpese, qatyn semiredi.
Мал жетім күтімменен бағылмаса. Mal jetim kútimmenen baǵylmasa. Атадан мал қалғанша ,тал қалсын. Atadan mal qalǵansha ,tal qalsyn. Малды жерден сұра,
Не аққан терден сұра. Maldy jerden sura,
Ne aqqan terden sura.
Үйірінен айырылған малды қасқыр жейді. Úıirinen aıyrylǵan maldy qasqyr jeıdi. Кетер мал қолдың кіріндей. Keter mal qoldyń kirindeı. Ақсақ малдың ақырын бақ. Aqsaq maldyń aqyryn baq. Бұйырған малға тісің тисін. Buıyrǵan malǵa tisiń tısin. Мал балада қалады,
Бай далада қалады. Mal balada qalady,
Baı dalada qalady.
Өрісі жуық оттайды,
Ауылы жуық ас ішеді. Órisi jýyq ottaıdy,
Aýyly jýyq as ishedi.
Тұяқты тұяқ жібермейді. Tuıaqty tuıaq jibermeıdi. Мыңды айдаған да бірді мінеді,
Бірді айдаған да бірді мінеді. Myńdy aıdaǵan da birdi minedi,
Birdi aıdaǵan da birdi minedi.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол. Bir túlikke baı bolǵansha,
Ár túlikke saı bol.
Күтімсіз мал өнбес,
Күйсіз көлік жүрмес. Kútimsiz mal ónbes,
Kúısiz kólik júrmes.
Тоңға жатқан мал оңбас,
Тобырға түскен іс оңбас. Tońǵa jatqan mal ońbas,
Tobyrǵa túsken is ońbas.
Мал құлағы - саңырау. Mal qulaǵy - sańyraý. Арыққа мінгенше, аяғыңа мін. Aryqqa mingenshe, aıaǵyńa min. Арықты күтсең - тойынар,
Кәріні күтсең - қойылар. Aryqty kútseń - toıynar,
Kárini kútseń - qoıylar.
Алты ай баққан арықты,
Бір күн ұрынған өлтірер. Alty aı baqqan aryqty,
Bir kún urynǵan óltirer.
Көтеремді отқа айдаса, жоққа қашады. Kóteremdi otqa aıdasa, joqqa qashady. Мал баққа өспейді, бапқа өседі. Mal baqqa óspeıdi, bapqa ósedi. Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа. Joǵalyp tabylǵan mal olja,
Aýyryp jazylǵan jan olja.
Жаманның малы үйінде күйеді,
Жақсының малы жиында күйеді. Jamannyń maly úıinde kúıedi,
Jaqsynyń maly jıynda kúıedi.
Ата-анадан мал тәтті,
Алтын үйден жан тәтті. Ata-anadan mal tátti,
Altyn úıden jan tátti.
Мал барда шығын бар. Mal barda shyǵyn bar. Мал, малдан кейін ал. Mal, maldan keıin al. Ауыл көркі - тал,
Дала көркі - мал. Aýyl kórki - tal,
Dala kórki - mal.
Бір мал арқан тоздырар,
Екі мал табан тоздырар. Bir mal arqan tozdyrar,
Eki mal taban tozdyrar.
Тегін жеген мал тесіп шығады. Tegin jegen mal tesip shyǵady. Жан жұтамай мал жұтамайды. Jan jutamaı mal jutamaıdy. Төлсіз тұяқ өспейді. Tólsiz tuıaq óspeıdi. Түйеде - жампоз,
Жылқыда - тұлпар,
Сиырда - тынжы,
Қойда құтпан асыл. Túıede - jampoz,
Jylqyda - tulpar,
Sıyrda - tynjy,
Qoıda qutpan asyl.
Жығылсаң:
сиыр мүйізін төсейді,
қой тұяғын төсейді,
жылқы жалын төсейді,
түйе шудасын төсейді. Jyǵylsań:
sıyr múıizin tóseıdi,
qoı tuıaǵyn tóseıdi,
jylqy jalyn tóseıdi,
túıe shýdasyn tóseıdi.
Малы бірдің жаны бір. Maly birdiń jany bir. Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ. Sıyrda aýnamaq joq,
Jylqyda kúısemek joq.
Таудағы қар - көлдің басы,
Күздегі күйек - төлдің басы. Taýdaǵy qar - kóldiń basy,
Kúzdegi kúıek - tóldiń basy.
Түсініспесе, төрт түлік жат. Túsinispese, tórt túlik jat. Төрт түліктің төресі - түйе. Tórt túliktiń tóresi - túıe. Мал мен бас - егіз. Mal men bas - egiz. Малы көптің қайғысы көп. Maly kóptiń qaıǵysy kóp. Өрісі жақсы мал оңалар. Órisi jaqsy mal ońalar. Малдың бір ұшы білекте,
Бір ұшы жүректе. Maldyń bir ushy bilekte,
Bir ushy júrekte.
Арық малдың жілігі татымайды. Aryq maldyń jiligi tatymaıdy. Мал иесіне тартады. Mal ıesine tartady. Киелі мал иелі. Kıeli mal ıeli. Қыздың малы - қардың суы. Qyzdyń maly - qardyń sýy. Қарызың болса, малым бар деме. Qaryzyń bolsa, malym bar deme. Бұралқы мал мінуге жақсы. Buralqy mal minýge jaqsy. Малдың жатар орны - жарым құрсақ. Maldyń jatar orny - jarym qursaq. Малды жисаң - машақат,
Жоғалтсаң - өкініш. Maldy jısań - mashaqat,
Joǵaltsań - ókinish.
Мал тұяғы - қазына. Mal tuıaǵy - qazyna. Отсыз өріс малға жайсыз,
Батпақты жер жолға жайсыз. Otsyz óris malǵa jaısyz,
Batpaqty jer jolǵa jaısyz.
Ағайынға қарап мал өсер,
Қарағайға қарап тал өсер. Aǵaıynǵa qarap mal óser,
Qaraǵaıǵa qarap tal óser.
Ағадағы мал - аспандағы мал,
Інідегі мал - індегі мал,
Баладағы мал - даладағы мал. Aǵadaǵy mal - aspandaǵy mal,
Inidegi mal - indegi mal,
Baladaǵy mal - daladaǵy mal.
Кереге басы - кержусан,
Жесе малға жұғымды. Kerege basy - kerjýsan,
Jese malǵa juǵymdy.
Біреудің баспағына өлім тілесең,
Өзіңнің өгізің өледі. Bireýdiń baspaǵyna ólim tileseń,
Ózińniń ógiziń óledi.
Көлік жисаң атан жи,
қияға салсаң мойытпас.
Сауын жисаң бие жи,
Үш ай тоқсан болғанда,
Ариды деп ағытпас. Kólik jısań atan jı,
qııaǵa salsań moıytpas.
Saýyn jısań bıe jı,
Úsh aı toqsan bolǵanda,
Arıdy dep aǵytpas.
Өріске қарай мал өсер,
Өзенге қарай тал өсер. Óriske qaraı mal óser,
Ózenge qaraı tal óser.
Өлкенің көркі мал болар,
Өзеннің көркі тал болар. Ólkeniń kórki mal bolar,
Ózenniń kórki tal bolar.
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата. Jylqy atasy - Qambar ata,
Sıyr atasy - Zeńgi baba,
Túıe atasy - Oısylqara,
Qoı atasy - Shopan ata,
Eshki atasy - Shekshek ata.
Күн күркіресе, жер иір,
Жер иісе, мал иір. Kún kúrkirese, jer ıir,
Jer ıise, mal ıir.
Жуас түйе жүндеуге жақсы. Jýas túıe júndeýge jaqsy. Түйе - көштің көркі,
Жылқы - жетекші,
Қой - береке. Túıe - kóshtiń kórki,
Jylqy - jetekshi,
Qoı - bereke.
Шолжимасыз мал жайма. Sholjımasyz mal jaıma. Мал тұяғы - қазына. Mal tuıaǵy - qazyna. «Ахахумен» жиған мал «охохумен» кетеді. «Ahahýmen» jıǵan mal «ohohýmen» ketedi. Құстың қонар жерін су білер,
Мал қонысын ну білер. Qustyń qonar jerin sý biler,
Mal qonysyn ný biler.
Малы бардың амалы бар. Maly bardyń amaly bar. Түйенің пірі - Ойсылқара. Túıeniń piri - Oısylqara. Түйе - түлік басы. Túıe - túlik basy. Түйе - түлік төресі. Túıe - túlik tóresi. Түйе - дала кемесі. Túıe - dala kemesi. Түйе - көштің көлігі, қойдың серігі. Túıe - kóshtiń kóligi, qoıdyń serigi. Түйе қараған жауға жолығар,
Сиыр қараған тойға жолығар. Túıe qaraǵan jaýǵa jolyǵar,
Sıyr qaraǵan toıǵa jolyǵar.
Түйеге - дақ, жылқыға - пышақ. Túıege - daq, jylqyǵa - pyshaq. Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінер. Túıesi joq aýylǵa taılaq atan kóriner. Түйе тулап жүктен құтылмас. Túıe týlap júkten qutylmas. Түйені көпір астына жасыра алмайсың. Túıeni kópir astyna jasyra almaısyń. Түйені тұзға айда. Túıeni tuzǵa aıda. Түйе көп болса, жүк сыймайды. Túıe kóp bolsa, júk syımaıdy. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалған. Túıe boıyna senip jyldan qur qalǵan. Түйе қартайғанда көшегіне ереді. Túıe qartaıǵanda kóshegine eredi. Түйенің танығаны - жапырақ. Túıeniń tanyǵany - japyraq. Түйе тұзға келер,
Күйеу қызға келер. Túıe tuzǵa keler,
Kúıeý qyzǵa keler.
Түйе бошалап кетсе де,
Түнейтін орын табады. Túıe boshalap ketse de,
Túneıtin oryn tabady.
Түйе қотыр болса,
Ботасын былғайды,
Ботасы келесін былғайды. Túıe qotyr bolsa,
Botasyn bylǵaıdy,
Botasy kelesin bylǵaıdy.
Жалғыз түйе бақырауық. Jalǵyz túıe baqyraýyq. Түйесін қу бас десең - иесіне тиеді. Túıesin qý bas deseń - ıesine tıedi. Нар сәулеті - ашамай. Nar sáýleti - ashamaı. Нар баласы бақ етпес. Nar balasy baq etpes. Нар жолында жүк қалмас. Nar jolynda júk qalmas. Нары бар, нары бардың малы бар. Nary bar, nary bardyń maly bar. Нар баласын қарпып сүйер. Nar balasyn qarpyp súıer. Жар басындағы жантақты
Жаннан кешкен нар жейді. Jar basyndaǵy jantaqty
Jannan keshken nar jeıdi.
Нар өлген жерде жүк қалады. Nar ólgen jerde júk qalady. Аруана - бір үйдің көлігі,
Бір үйдің көжесі. Arýana - bir úıdiń kóligi,
Bir úıdiń kójesi.
Түйелі ел - қырға,
Түйесіз ел - Сырға. Túıeli el - qyrǵa,
Túıesiz el - Syrǵa.
Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің. Qýyrdaqtyń kókesin túıe soıǵanda kórersiń. Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды. Qolda ósken túıeniń taılaq aty qalmaıdy. Елсізде екі түйе айда. Elsizde eki túıe aıda. Соңғы түйенің жүгі ауыр. Sońǵy túıeniń júgi aýyr. Қоныс ақысын түйе қайтарады. Qonys aqysyn túıe qaıtarady. Алыстан шабынған бураның күші қайтады. Alystan shabynǵan býranyń kúshi qaıtady. Көпірде түйенің үлкені таяқ жейді. Kópirde túıeniń úlkeni taıaq jeıdi. Өлі бураның басынан тірі атан қорықпас. Óli býranyń basynan tiri atan qoryqpas. Екі түйе сүйкеніссе, арасында шыбын өледі. Eki túıe súıkenisse, arasynda shybyn óledi. Буыршынды бура бұзар,
Пәйкелді бұғы бұзар. Býyrshyndy býra buzar,
Páıkeldi buǵy buzar.
Алпыс күн атан болғанша,
Алты күн бура бол. Alpys kún atan bolǵansha,
Alty kún býra bol.
Бақырауық демесең,
Бағалы түлік - түйе ғой.
Жаман да болса, өз ұлың,
Өз малыңа ие ғой. Baqyraýyq demeseń,
Baǵaly túlik - túıe ǵoı.
Jaman da bolsa, óz ulyń,
Óz malyńa ıe ǵoı.
Түйе деген жануар,
Түзде жүрсе семірер.
Тіздеп қойса аяғын,
Тұзға қарай емінер. Túıe degen janýar,
Túzde júrse semirer.
Tizdep qoısa aıaǵyn,
Tuzǵa qaraı eminer.
Жалғыз өркешті түйенің бәрі - нар,
Дегенмен, нардың да нары бар. Jalǵyz órkeshti túıeniń bári - nar,
Degenmen, nardyń da nary bar.
Түйе жайылса, шөлге қарай шығады,
Жатарда сорға қарай. Túıe jaıylsa, shólge qaraı shyǵady,
Jatarda sorǵa qaraı.
Салпиған қардан туады,
Салпы ерін нардан туады. Salpıǵan qardan týady,
Salpy erin nardan týady.
Түйе екеш түйе де,
Өз ботасының өркешті болғанын қалайды. Túıe ekesh túıe de,
Óz botasynyń órkeshti bolǵanyn qalaıdy.
Қас татының жаманы.
Қаракеш болар сипаңдап.
Қалбағайы түйені,
Жүк көтермес қалтаңдап.
Аруанадан туған нар,
Жүк көтерер талтаңдап. Qas tatynyń jamany.
Qarakesh bolar sıpańdap.
Qalbaǵaıy túıeni,
Júk kótermes qaltańdap.
Arýanadan týǵan nar,
Júk kóterer taltańdap.
Арту-арту құм келсе,
Атан тартар бүгіліп. Artý-artý qum kelse,
Atan tartar búgilip.
Базарда түйе пұл десе,
Ауылда қотыр тайлақ ойнақтайды. Bazarda túıe pul dese,
Aýylda qotyr taılaq oınaqtaıdy.
Түйені жүгендемейді,
Көп малды түгендемейді. Túıeni júgendemeıdi,
Kóp maldy túgendemeıdi.
Жолаушыға лайық жол тұрады,
Жампозға лайық қом тұрады. Jolaýshyǵa laıyq jol turady,
Jampozǵa laıyq qom turady.
Артында бар оңалар,
Арық түйе қом алар. Artynda bar ońalar,
Aryq túıe qom alar.
Түйе деген,
Түйеден кейін бетіңе күйе деген. Túıe degen,
Túıeden keıin betińe kúıe degen.
Айыр інген кез болса,
Мұрындығы қалар жырылып. Aıyr ingen kez bolsa,
Muryndyǵy qalar jyrylyp.
Өзеннің көркі - жар,
Түйенің көркі - нар. Ózenniń kórki - jar,
Túıeniń kórki - nar.
Алтын артқан түйенің,
Алдында есек, артында ит жүреді. Altyn artqan túıeniń,
Aldynda esek, artynda ıt júredi.
Түйе жаман, тоқтамайды,
Өзімнің арбам жақсы, оттамайды. Túıe jaman, toqtamaıdy,
Ózimniń arbam jaqsy, ottamaıdy.
Бір үйдің иесі - жүк көтерер түйесі. Bir úıdiń ıesi - júk kóterer túıesi. Түйе қартайса да, тартуын қоймайды,
Өрт сөніп бара жатса да, шарпуын қоймайды. Túıe qartaısa da, tartýyn qoımaıdy,
Órt sónip bara jatsa da, sharpýyn qoımaıdy.
Түйені ит жетелейді,
Сондықтан түйе қасқырды ит екен дейді. Túıeni ıt jeteleıdi,
Sondyqtan túıe qasqyrdy ıt eken deıdi.
Түйенің не де болса, түйе аты бар,
Сондықтан ботаның ұяты бар. Túıeniń ne de bolsa, túıe aty bar,
Sondyqtan botanyń uıaty bar.
Момынды момын қорғайды,
Түйе қомын қорғайды. Momyndy momyn qorǵaıdy,
Túıe qomyn qorǵaıdy.
Ашамай нарға жарасар,
Ақ түйе барға жарасар. Ashamaı narǵa jarasar,
Aq túıe barǵa jarasar.
Атанның күші қомында,
Азық-жемі жолында. Atannyń kúshi qomynda,
Azyq-jemi jolynda.
Шыры болса қомында,
Алты айшылық жолында,
Атан түйе арымас. Shyry bolsa qomynda,
Alty aıshylyq jolynda,
Atan túıe arymas.
Шөлге шықсаң
шөл екенін біліп шық,
шөл тәңірі - сары атанға мініп шық. Shólge shyqsań
shól ekenin bilip shyq,
shól táńiri - sary atanǵa minip shyq.
Атан түйені май қартайтады,
Май қартайтпай не қартайтады? Atan túıeni maı qartaıtady,
Maı qartaıtpaı ne qartaıtady?
Алаша тұқымын танытпас,
Жүк көтеріп жарытпас. Alasha tuqymyn tanytpas,
Júk kóterip jarytpas.
Керуен кері айналғанда,
Ақсақ түйе алға шығады. Kerýen keri aınalǵanda,
Aqsaq túıe alǵa shyǵady.
Жөңді салсаң, нарға сал,
Жөң қорқытар жампозды. Jóńdi salsań, narǵa sal,
Jóń qorqytar jampozdy.
Түйешіге жолықсаң,
Өркеші биік тайлағын айтар. Túıeshige jolyqsań,
Órkeshi bıik taılaǵyn aıtar.
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Түйе деген жарықтық. Eki kózi tanadaı,
Eki órkeshi baladaı,
Túıe degen jaryqtyq.
Қойдың басын құмға көм,
Сиырдың басын нуға көм,
Түйенің басын сорға көм. Qoıdyń basyn qumǵa kóm,
Sıyrdyń basyn nýǵa kóm,
Túıeniń basyn sorǵa kóm.
Түйе күндіз жайылады,
Түнде күйіс қайырады. Túıe kúndiz jaıylady,
Túnde kúıis qaıyrady.
Түйені жыңғылмен айдамайды,
Кендірмен байламайды. Túıeni jyńǵylmen aıdamaıdy,
Kendirmen baılamaıdy.
Жұрт жаманға қалды,
Жүк тайлаққа қалды. Jurt jamanǵa qaldy,
Júk taılaqqa qaldy.
Түйе жаманы - күрт,
Шөп жаманы - керт. Túıe jamany - kúrt,
Shóp jamany - kert.
Ауырлықты нар көтереді,
Нар көтермесе, бар көтереді. Aýyrlyqty nar kóteredi,
Nar kótermese, bar kóteredi.
Түйе атасы - нар,
Ағаш атасы - шынар. Túıe atasy - nar,
Aǵash atasy - shynar.
Түйе жисаң, нардан жи,
Жүк қалдырмас жолында. Túıe jısań, nardan jı,
Júk qaldyrmas jolynda.
Күртке күш салсаң өледі,
Өртке күш салсаң сөнеді, Kúrtke kúsh salsań óledi,
Órtke kúsh salsań sónedi,
Талдырмаш таза айырдан,
Жүк көтергіш қоспақ артық. Taldyrmash taza aıyrdan,
Júk kótergish qospaq artyq.
Екі жылда бір туған,
Түйенікі не талтаң? Eki jylda bir týǵan,
Túıeniki ne taltań?
Түйе, тайлақ жиғанмен,
Аунайтұғын шаңдақ жоқ. Túıe, taılaq jıǵanmen,
Aýnaıtuǵyn shańdaq joq.
Түйенің бәрі нар болса,
Жер бетінде жүк қалмас. Túıeniń bári nar bolsa,
Jer betinde júk qalmas.
Түйе алпыс күн аштыққа,
Отыз күн шөлдікке шыдайды. Túıe alpys kún ashtyqqa,
Otyz kún shóldikke shydaıdy.
Нардан туған жампозға,
Арыса кере сала алмас. Nardan týǵan jampozǵa,
Arysa kere sala almas.
Бір түйенің құмалағына
Қырық кісі тайып жығылыпты. Bir túıeniń qumalaǵyna
Qyryq kisi taıyp jyǵylypty.
Ақылды мен ақымақ келісе алмас,
Атан түйе текемен сүзісе алмас. Aqyldy men aqymaq kelise almas,
Atan túıe tekemen súzise almas.
Көш-қоныңды білмейді,
Қоңы семіз түйелі. Kósh-qonyńdy bilmeıdi,
Qońy semiz túıeli.
Пәле, жала жоламас,
Ақ түйелі алтауға. Pále, jala jolamas,
Aq túıeli altaýǵa.
Түйе майы - түгел май,
Шұбатын кертіп іш. Túıe maıy - túgel maı,
Shubatyn kertip ish.
Аруанадан туған кез өркеш,
Арқасын төсер ауырға. Arýanadan týǵan kez órkesh,
Arqasyn tóser aýyrǵa.
Көштің көркі түйе еді,
Шыңырауға қауға байлап бақ. Kóshtiń kórki túıe edi,
Shyńyraýǵa qaýǵa baılap baq.
Бурадан пішкен азбанға,
Буыршын басып шөге алмас. Býradan pishken azbanǵa,
Býyrshyn basyp shóge almas.
Түйені Түймебай бағады,
Сүтін Сүймебай ішеді. Túıeni Túımebaı baǵady,
Sútin Súımebaı ishedi.
Қос-қос орда, қос орда,
Қосылып қонбас малдан соң.
Қоспақ өркеш сары атан,
Қом жинамас майдан соң. Qos-qos orda, qos orda,
Qosylyp qonbas maldan soń.
Qospaq órkesh sary atan,
Qom jınamas maıdan soń.
Құнажын деп кемітпе,
Ертең-ақ атан болады. Qunajyn dep kemitpe,
Erteń-aq atan bolady.
Атан кетсе, тайлақ бар,
Шомы жерде қалған жоқ. Atan ketse, taılaq bar,
Shomy jerde qalǵan joq.
Бота ойнақтаса- молшылық,
Тайлақ ойнақтаса - тоқшылық,
Кәрі түйе ойнақтаса - жоқшылық. Bota oınaqtasa- molshylyq,
Taılaq oınaqtasa - toqshylyq,
Kári túıe oınaqtasa - joqshylyq.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар. Mań-mań basqan, mań basqan,
Shýdalaryn shań basńan,
Tórt aıaǵyn teń basqan -
Túıe degen janýar.
Егіз бота не баққа, не даққа туады. Egiz bota ne baqqa, ne daqqa týady. Түйе мінген тайлақ мінгенге күлмейді. Túıe mingen taılaq mingenge kúlmeıdi. Түйе қонаққа сойылмайды. Túıe qonaqqa soıylmaıdy. Қоңыраулы түйе жоғалмас. Qońyraýly túıe joǵalmas. Әулие сандықты көтеретін - түйе. Áýlıe sandyqty kóteretin - túıe. Қара қайыспен соққан түйенің дағы кетпес. Qara qaıyspen soqqan túıeniń daǵy ketpes. Отбасының жанжалы,
Қанбай ішкен шайдан туады.
Ауыр жолдың азабы,
Артар атан, нардан туады. Otbasynyń janjaly,
Qanbaı ishken shaıdan týady.
Aýyr joldyń azaby,
Artar atan, nardan týady.
Түйені жардан құлатқан - бір үзім шөп. Túıeni jardan qulatqan - bir úzim shóp. Жүк көтерген түйе қамыс қомды ауырламайды. Júk kótergen túıe qamys qomdy aýyrlamaıdy. Қартайған түйе кетеген келеді. Qartaıǵan túıe ketegen keledi. Басы қисайған түйе мал болмайды. Basy qısaıǵan túıe mal bolmaıdy. Қысылсаң, жүгіңді жөңге сал. Qysylsań, júgińdi jóńge sal. Тай мінген балаға жарасар. Taı mingen balaǵa jarasar. Үріккен түйеге шаңырақ салма, сындырады. Úrikken túıege shańyraq salma, syndyrady. Ботасы бар түйе боздамай жем жемейді. Botasy bar túıe bozdamaı jem jemeıdi. Бесті атанның күні күркірейді. Besti atannyń kúni kúrkireıdi. Бақырауық болса да, түйенің бары игі. Baqyraýyq bolsa da, túıeniń bary ıgi. Боталы түйе боздауық. Botaly túıe bozdaýyq. Түйе жұлғанын білмейді, жұтқанын біледі. Túıe julǵanyn bilmeıdi, jutqanyn biledi. Өкпелесең, көшке берген тайлағыңды қайтып ал. Ókpeleseń, kóshke bergen taılaǵyńdy qaıtyp al. Әркім өз ботасын үкілейді. Árkim óz botasyn úkileıdi. Алыс жолдың іздерін түйе білер. Alys joldyń izderin túıe biler. Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер. Aıyrym-aıyrym jol súrleýin túıe biler. Кірекештің түйесі жүгімен жайылар. Kirekeshtiń túıesi júgimen jaıylar. Бура құтырса, тайлақпен ойнайды. Býra qutyrsa, taılaqpen oınaıdy. Күркіреген бураны келеде көр. Kúrkiregen býrany kelede kór. Атан бол, бура бол, інгенімді қайыт. Atan bol, býra bol, ingenimdi qaıyt. «Шөк!» десе, түйе де шөгеді. «Shók!» dese, túıe de shógedi. Келеге түспеген бура керенау. Kelege túspegen býra kerenaý. Қомға шыдаған шомға да шыдайды. Qomǵa shydaǵan shomǵa da shydaıdy. Атанға туған күн ботаға да туады. Atanǵa týǵan kún botaǵa da týady. Түйе дырдай, ізі қылдай. Túıe dyrdaı, izi qyldaı. Түйе бауырынан тоңады. Túıe baýyrynan tońady. Ер кешуде, нар көшуде сыналады. Er keshýde, nar kóshýde synalady. Нарға - ашамай, қоспаққа - жазы. Narǵa - ashamaı, qospaqqa - jazy. Нар ізін нарша басады. Nar izin narsha basady. Барды сөкпе, нарды теппе. Bardy sókpe, nardy teppe. Түйеден нар туады моншақ өркеш. Túıeden nar týady monshaq órkesh. Шөккен түйе соққанды білмейді. Shókken túıe soqqandy bilmeıdi. Түйенің өзі түйе, құмалағы емес. Túıeniń ózi túıe, qumalaǵy emes. Түйе мінгеннің төбесі биік. Túıe mingenniń tóbesi bıik. Түйе мойнын тұз кесер. Túıe moınyn tuz keser. Түйенің басы тегешке сыймас. Túıeniń basy tegeshke syımas. Кәрі түйе тартыншақ. Kári túıe tartynshaq. Түйе үлкен болса да, өз жолына шөгеді. Túıe úlken bolsa da, óz jolyna shógedi. Жүк тартпаған түйенің нарлығы жоқ. Júk tartpaǵan túıeniń narlyǵy joq. Түйесі көп көш бастайды. Túıesi kóp kósh bastaıdy. Түйеден зор - піл. Túıeden zor - pil. Түйесіз көш сәнсіз. Túıesiz kósh sánsiz. Керуеннің күні қомда. Kerýenniń kúni qomda. Ақ түйелі алтаудың арманы жоқ. Aq túıeli altaýdyń armany joq. Нар - түйеден, тұлпар - биеден. Nar - túıeden, tulpar - bıeden. Азу тісі қаладай:
жабуы жамшыдай,
құйрығы қамшыдай,
бура сойған не сұмдық! Azý tisi qaladaı:
jabýy jamshydaı,
quıryǵy qamshydaı,
býra soıǵan ne sumdyq!
Ақ түйенің қарны жарылды. Aq túıeniń qarny jaryldy. Көрмес түйені де көрмес. Kórmes túıeni de kórmes. Кәрі түйе тапырақтаса, боран болар. Kári túıe tapyraqtasa, boran bolar. Жабу қисың емес, түйе қисық. Jabý qısyń emes, túıe qısyq. Қабырғалы қара нар,
Қабырғасын сөксең, бақ етпес. Qabyrǵaly qara nar,
Qabyrǵasyn sókseń, baq etpes.
Ботам, ботам дегенше,
Ботакөзім десеңші. Botam, botam degenshe,
Botakózim deseńshi.
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай. Jatqan jeri daladaı,
Eki órkeshi baladaı.
Жантақ жемеген түйенің тілі қышиды. Jantaq jemegen túıeniń tili qyshıdy. Інгеніме қараймын деп мінгенімнен айырылдым. Ingenime qaraımyn dep mingenimnen aıyryldym. Түйенің сүйген шөбі - жантақ.
Тиіннің сүйген асы - жаңғақ. Túıeniń súıgen shóbi - jantaq.
Tıinniń súıgen asy - jańǵaq.
Інген ыңыранса, бота боздайды. Ingen yńyransa, bota bozdaıdy. Ақсақ түйенің аузына,
Жел айдаған қаңбақ түсер. Aqsaq túıeniń aýzyna,
Jel aıdaǵan qańbaq túser.
Атан түйе жүк астында қартаяр. Atan túıe júk astynda qartaıar. Жуас түйеге әркім ие. Jýas túıege árkim ıe. «Әйт, шүу!» деген - атанға демеу,
«Әуп!» деген - ерге демеу. «Áıt, shúý!» degen - atanǵa demeý,
«Áýp!» degen - erge demeý.
Жебір түйе жабуын жер,
Жебір жігіт ауылын жер. Jebir túıe jabýyn jer,
Jebir jigit aýylyn jer.
Көтерем деп түйеден безбе,
Салтанатың емес пе?
Тебеген деп биеден безбе,
Қос қанатың емес пе? Kóterem dep túıeden bezbe,
Saltanatyń emes pe?
Tebegen dep bıeden bezbe,
Qos qanatyń emes pe?
Түйенің артқаны - алтын, жегені - тікен. Túıeniń artqany - altyn, jegeni - tiken. Бет-бетімен түйе айдап. Bet-betimen túıe aıdap. Бесті бура күнде күркірейді. Besti býra kúnde kúrkireıdi. Түйеге жантақ керек болса, мойнын созар. Túıege jantaq kerek bolsa, moınyn sozar. Кісі алатын бура көп жасамайды. Kisi alatyn býra kóp jasamaıdy. Көшке берген тайлағыңды сұрама. Kóshke bergen taılaǵyńdy surama. Түйе бақтым - түйме тақтым. Túıe baqtym - túıme taqtym. Жылқының пірі - Қамбар ата. Jylqynyń piri - Qambar ata. Жылқы - малдың патшасы,
Түйе - малдың қасқасы. Jylqy - maldyń patshasy,
Túıe - maldyń qasqasy.
Жылқы күнде мінілсе - есек
Айына мінілсе - ат,
Жылына мінілсе - тұлпар. Jylqy kúnde minilse - esek
Aıyna minilse - at,
Jylyna minilse - tulpar.
Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ. Jylqyda ót joq, qusta sút joq. Жылқылы елде жау көп,
Жатақ елде дау көп. Jylqyly elde jaý kóp,
Jataq elde daý kóp.
Жылқыны жауында, қойды дауылда көрме. Jylqyny jaýynda, qoıdy daýylda kórme. Жылқыны жауында, қойды дауылда бақ. Jylqyny jaýynda, qoıdy daýylda baq. Жүйрік бестіден,
Кеңдік келбеттіден шығады. Júırik bestiden,
Keńdik kelbettiden shyǵady.
Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды. Júırikti kekil qaǵysynan baıqaıdy. Жүйрікке - тұмар. Júırikke - tumar. Жүйрік атқа жел қамшы. Júırik atqa jel qamshy. Жүйрік атқа жал бітпес,
«Тәк-тәкке» мал бітпес. Júırik atqa jal bitpes,
«Ták-tákke» mal bitpes.
Жүйрік жүлдесін алмай қоймайды. Júırik júldesin almaı qoımaıdy. Қара байыр қазанат,
Қара жолда қалдырмас.
Қара жолда қалдырып,
Қанатыңды талдырмас. Qara baıyr qazanat,
Qara jolda qaldyrmas.
Qara jolda qaldyryp,
Qanatyńdy taldyrmas.
Жүйрік ат - бірде ат, бірде қанат. Júırik at - birde at, birde qanat. Жүйрік тоқтығын білдірмес. Júırik toqtyǵyn bildirmes. Жүйріктен жүйрік шықса,
аяғы тыпыр-тыпыр етер. Júırikten júırik shyqsa,
aıaǵy typyr-typyr eter.
Тұлпардың оттауы бір болса да, жусауы басқа. Tulpardyń ottaýy bir bolsa da, jýsaýy basqa. Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді. Tulpardyń izi bitpeıdi, tuıaǵy ketpeıdi. Тұлпардың өз тұяғы өзіне ем. Tulpardyń óz tuıaǵy ózine em. Сұлу аттың көркі - жал. Sulý attyń kórki - jal. Бәйге ат мүсінін жасырады. Báıge at músinin jasyrady. Жүйрік ат шаппаса да, қырындайды. Júırik at shappasa da, qyryndaıdy. Шабысты шабысы қалса да, қырындайды. Shabysty shabysy qalsa da, qyryndaıdy. Жүйрікке озудан қалу қиын. Júırikke ozýdan qalý qıyn. Бәйге атқа бәйге ат шалдырмайды. Báıge atqa báıge at shaldyrmaıdy. Торқалы той, тұмарлы жүйрік. Torqaly toı, tumarly júırik. Тұлпар желіде танылады. Tulpar jelide tanylady. Қу байтал екі айғырды аш қалдырады. Qý baıtal eki aıǵyrdy ash qaldyrady. Тай қоссаң, ауылыңмен. Taı qossań, aýylyńmen. Байтал мінген,
Айғыр мінгенге жолдас бола алмайды. Baıtal mingen,
Aıǵyr mingenge joldas bola almaıdy.
Құстың бәрі бұлбұл болмас,
Жылқының бәрі дүлдүл болмас. Qustyń bári bulbul bolmas,
Jylqynyń bári dúldúl bolmas.
Жаман биені жабула да, құлынын ал. Jaman bıeni jabýla da, qulynyn al. Құлынындағы сақау,
Құнанындағы тісеу. Qulynyndaǵy saqaý,
Qunanyndaǵy tiseý.
Құлынның түрі құлпырып,
Түгі сынбас жауынға. Qulynnyń túri qulpyryp,
Túgi synbas jaýynǵa.
Ит қаппас деме,
Ат теппес деме. It qappas deme,
At teppes deme.
Жылқы: «Көктем де бір тойдым» -дер. Jylqy: «Kóktem de bir toıdym» -der. Батпағы бар көлдерден
Су ішетін сай артық.
Қамшылатқан шабаннан
Өзі жүрер тай артық. Batpaǵy bar kólderden
Sý ishetin saı artyq.
Qamshylatqan shabannan
Ózi júrer taı artyq.
Жылқыдағы боз айғыр,
Қуып құлын таламас. Jylqydaǵy boz aıǵyr,
Qýyp qulyn talamas.
Түйе мініп қойға барма,
Жөндеп баға алмайсың.
Бие мініп тойға барма,
Көкпарға шаба алмайсың. Túıe minip qoıǵa barma,
Jóndep baǵa almaısyń.
Bıe minip toıǵa barma,
Kókparǵa shaba almaısyń.
Арғымақтың тұяғы,
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер. Arǵymaqtyń tuıaǵy,
Tasty bassa, ketiler,
Sazdy bassa, jetiler.
Айғырды аладан салсаң,
Атты аладан мінесің.
Айғырды құладан салсаң,
Атты құладан мінесің. Aıǵyrdy aladan salsań,
Atty aladan minesiń.
Aıǵyrdy quladan salsań,
Atty quladan minesiń.
Боталаған түйеден,
Бұлақ суы артылмас;
Құлындаған биеден,
Құдық суы артылмас. Botalaǵan túıeden,
Bulaq sýy artylmas;
Qulyndaǵan bıeden,
Qudyq sýy artylmas.
Ботасы өлген інгенге,
Нар теліген зорлық.
Құлыны өлген қулыққа,
Тай теліген зорлық. Botasy ólgen ingenge,
Nar teligen zorlyq.
Qulyny ólgen qýlyqqa,
Taı teligen zorlyq.
Арбаға тоқпақ көргенді жекпе,
Соқпақ көргенді жек. Arbaǵa toqpaq kórgendi jekpe,
Soqpaq kórgendi jek.
Түйе жүктен қашып құтылмас,
Ат арбадан қашып құтылмас. Túıe júkten qashyp qutylmas,
At arbadan qashyp qutylmas.
Қырқын мінгеннен қыр артылмас. Qyrqyn mingennen qyr artylmas. Арыған ат шұқанақ санайды,
Ашыққан ат қолыңды жалайды,
Жараған ат көзіңе қарайды. Aryǵan at shuqanaq sanaıdy,
Ashyqqan at qolyńdy jalaıdy,
Jaraǵan at kózińe qaraıdy.
Қой мен түйе - байлыққа, жылқы - сәндікке. Qoı men túıe - baılyqqa, jylqy - sándikke. Нардың бақырғаны - ұят,
Арғымақтың жорғалағаны - ұят. Nardyń baqyrǵany - uıat,
Arǵymaqtyń jorǵalaǵany - uıat.
Тартыншақ түйе жаман,
Итіншек бие жаман. Tartynshaq túıe jaman,
Itinshek bıe jaman.
Қазанат қамшы салдырмайды. Qazanat qamshy saldyrmaıdy. Ат биеден, атан түйеден. At bıeden, atan túıeden. Жылқының сүті - шекер, еті - бал. Jylqynyń súti - sheker, eti - bal. Айғырмен ойнаған ат арқасын алдырады. Aıǵyrmen oınaǵan at arqasyn aldyrady. Жақсы айғыр енесіне шаппайды. Jaqsy aıǵyr enesine shappaıdy. Қубас айғыр құлынын талайды. Qýbas aıǵyr qulynyn talaıdy. Айғыр азынап үйірінен шықпас. Aıǵyr azynap úıirinen shyqpas. Бие кіндігінен өседі. Bıe kindiginen ósedi. Түйесіне қарай жазысы,
Биесіне қарай қазысы. Túıesine qaraı jazysy,
Bıesine qaraı qazysy.
Желі құтты болса, бие сүтті. Jeli qutty bolsa, bıe sútti. Иесі келсе, биесін бер. Iesi kelse, bıesin ber. Түйенің жолы үлкен,
Аттың жоны үлкен. Túıeniń joly úlken,
Attyń jony úlken.
Сұңқар көптен шығады,
Тұлпар топтан шығады. Suńqar kópten shyǵady,
Tulpar toptan shyǵady.
Көшпелі елге түйе қол,
Жылқылы елге бие қол. Kóshpeli elge túıe qol,
Jylqyly elge bıe qol.
Мың қойға - бір Шопан,
Мың жылқыға - бір Қамбар. Myń qoıǵa - bir Shopan,
Myń jylqyǵa - bir Qambar.
Түйе сойсаң, сорпа май,
Жылқы сойсаң, етке май. Túıe soısań, sorpa maı,
Jylqy soısań, etke maı.
Ердің ісін ауыр қылма,
Сәйгүлікті жауыр қылма. Erdiń isin aýyr qylma,
Sáıgúlikti jaýyr qylma.
Соқыр құлын аттан емшек іздейді. Soqyr qulyn attan emshek izdeıdi. Кебек жеген ат жүйрік болмас. Kebek jegen at júırik bolmas. Арпасыз дорбаны ат иіскемейді. Arpasyz dorbany at ıiskemeıdi. Ат болар құлынның
артқы аяғы талтақ келер. At bolar qulynnyń
artqy aıaǵy taltaq keler.
Жабы семірсе, желік бітеді. Jaby semirse, jelik bitedi. Асау атты таға тоқтатады. Asaý atty taǵa toqtatady. Саяқтың ажалы қасқырдан. Saıaqtyń ajaly qasqyrdan. Үйірлі жылқы үрікпес. Úıirli jylqy úrikpes. Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі. Tulpar shaba jetiledi,
Suńqar usha jetiledi.
Тұлпар бітпейді, бітсе кетпейді. Tulpar bitpeıdi, bitse ketpeıdi. Тұлпар түбін табады. Tulpar túbin tabady. Ат - биеден, аруана - түйеден. At - bıeden, arýana - túıeden. Серінің аты да сері. Seriniń aty da seri. Ат жалдаған өтер, ит жалдаған кетер. At jaldaǵan óter, ıt jaldaǵan keter. Аттың атағы, түйенің табаны үлкен. Attyń ataǵy, túıeniń tabany úlken. Атқа мінген кісінің тайға тақымы толмайды. Atqa mingen kisiniń taıǵa taqymy tolmaıdy. Ат шаппайды, бақ шабады,
Бақ шаппайды, бап шабады. At shappaıdy, baq shabady,
Baq shappaıdy, bap shabady.
Қасқадан ала аяқ туады,
Қотырдан - қыршаңқы. Qasqadan ala aıaq týady,
Qotyrdan - qyrshańqy.
Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады. Qııańqy baıtal eki aıǵyrdy qyrqystyrady. Ат аунаған жерде түк қалады. At aýnaǵan jerde túk qalady. Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады. Atpen oınaǵan taıdyń jiligi synady. Аты семіздің жолы тегіс. Aty semizdiń joly tegis. Жетелеген ат аңға жарамайды. Jetelegen at ańǵa jaramaıdy. Ат тұяғын тай басар. At tuıaǵyn taı basar. Буаз бие сүзеген сиырды мүйізінен таниды. Býaz bıe súzegen sıyrdy múıizinen tanıdy. Жүйріктің шашасына шаң жұқпайды. Júıriktiń shashasyna shań juqpaıdy. Ат ұстаған азабынан құтылар,
Ер ұстаған бейнетінен құтылар. At ustaǵan azabynan qutylar,
Er ustaǵan beınetinen qutylar.
Аттан аттың несі артық?
Бір аттаған бұты артық. Attan attyń nesi artyq?
Bir attaǵan buty artyq.
Атты күнде мінсең - тулақ,
Аптада мінсең - қунақ. Atty kúnde minseń - týlaq,
Aptada minseń - qýnaq.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз. Arǵymaq jalsyz, er malsyz. Тайлы бие тайлақты түйедей. Taıly bıe taılaqty túıedeı. Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Atty qamshymen aıdama, jemmen aıda. Аттың жемін жеп,
Тайдың жүгін көтереді. Attyń jemin jep,
Taıdyń júgin kóteredi.
Атты батыр атсыз жатыр. Atty batyr atsyz jatyr. Арық аттан аяғым артық. Aryq attan aıaǵym artyq. Байтал шауып бәйге алмас. Baıtal shaýyp báıge almas. Бір биеде екі емшек,
Бірі кетсе, сүті жоқ.
Бір түйеде екі өркеш,
Бірі кетсе, күші жоқ. Bir bıede eki emshek,
Biri ketse, súti joq.
Bir túıede eki órkesh,
Biri ketse, kúshi joq.
Аттыға тай мінсе де жарасады. Attyǵa taı minse de jarasady. Атпен ойнаған тайдың арқасы кетеді. Atpen oınaǵan taıdyń arqasy ketedi. Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла. Atyńdy júrip turǵanda qamshyla. Атының сыры иесіне мәлім. Atynyń syry ıesine málim. Жақсы ат - жанға серік,
Жақсы ит - малға серік. Jaqsy at - janǵa serik,
Jaqsy ıt - malǵa serik.
Тай атқа, ат мұратқа жеткізер. Taı atqa, at muratqa jetkizer. Су айналып жазығын табар,
Ат айналып қазығын табар. Sý aınalyp jazyǵyn tabar,
At aınalyp qazyǵyn tabar.
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау. Aryq atqa qamshy jaý,
Jyrtyq úıge tamshy jaý.
Жақсы ат алдынан сүрінбей,
Артынан сүрінеді. Jaqsy at aldynan súrinbeı,
Artynan súrinedi.
Шідерлі атың - өз атың,
Тұсаулы атың - бос атың. Shiderli atyń - óz atyń,
Tusaýly atyń - bos atyń.
Балықшының аты шөлден өледі. Balyqshynyń aty shólden óledi. Қартайғанда кәрі боз жорға шығады. Qartaıǵanda kári boz jorǵa shyǵady. Кәрі атын мақтаған жолда қалады. Kári atyn maqtaǵan jolda qalady. Алаботаға ат байлама. Alabotaǵa at baılama. Соқыр атқа қотыр ат үйір. Soqyr atqa qotyr at úıir. Тай тулап үйірінен шықпас. Taı týlap úıirinen shyqpas. Арқандалған ат қазығына оралар. Arqandalǵan at qazyǵyna oralar. Жігітке лайық ат туар. Jigitke laıyq at týar. Көбеңді көр де қой. Kóbeńdi kór de qoı. Көбең мініс көтермейді,
Мәстек жүріс көтермейді. Kóbeń minis kótermeıdi,
Mástek júris kótermeıdi.
Жаман да болса жылқы жасығы. Jaman da bolsa jylqy jasyǵy. Жалғыз шапқан ат жүйрік. Jalǵyz shapqan at júırik. Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы. Jaqsy atqa bir qamshy,
Jaman atqa myń qamshy.
Жауыр атқа жіп құйысқан. Jaýyr atqa jip quıysqan. Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар. Júzden - júırik, myńnan - tulpar. Бар қашаған құтылмас,
Жоқ қашаған жеткізбес. Bar qashaǵan qutylmas,
Joq qashaǵan jetkizbes.
Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді. Jaqsy attan jal ketse de, ál ketpeıdi. Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас. Saýyn saýsań, bıe saý,
Boz qyraý túspeı sýalmas.
Көбік қарда түлкі ойнар,
Көк шалғында жылқы ойнар. Kóbik qarda túlki oınar,
Kók shalǵynda jylqy oınar.
Желген атқа жел жаңғырық. Jelgen atqa jel jańǵyryq. Айдың ізін ай басар,
Аттың ізін тай басар. Aıdyń izin aı basar,
Attyń izin taı basar.
Алуан-алуан жүйрік бар,
Әліне қарай шабатын. Alýan-alýan júırik bar,
Áline qaraı shabatyn.
Тұлпар тулақ болар,
Орта түссе аясы. Tulpar týlaq bolar,
Orta tússe aıasy.
Мынау атты жұрт көргендей тәуір ғып бер,
Болмаса, бәрін құртып, жауыр ғып бер. Mynaý atty jurt kórgendeı táýir ǵyp ber,
Bolmasa, bárin qurtyp, jaýyr ǵyp ber.
Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын. Atalastyń aty ozǵansha,
Aýyldastyń taıy ozsyn.
Кісі аты тершең,
Кісі киімі кіршең. Kisi aty tersheń,
Kisi kıimi kirsheń.
Жылқының басы мың қаладан қайтады. Jylqynyń basy myń qaladan qaıtady. Басты балта бұзар, жылқыны маңқа бұзар. Basty balta buzar, jylqyny mańqa buzar. Жортар аттың тоқтығы жақсы. Jortar attyń toqtyǵy jaqsy. Арба атқа келмейді,
Ат арбаға келеді. Arba atqa kelmeıdi,
At arbaǵa keledi.
Арық атты түсте бақ,
Қарғып тұрса қанатың. Aryq atty túste baq,
Qarǵyp tursa qanatyń.
Керді мінбегенде жерді мінемін бе? Kerdi minbegende jerdi minemin be? Ақсақ ат алтынмен тағаласаң да ақсайды. Aqsaq at altynmen taǵalasań da aqsaıdy. Елің жаман болса,
Бір жақсыны сағала.
Атың жаман болса,
Ақтекенің мүйізімен тағала. Eliń jaman bolsa,
Bir jaqsyny saǵala.
Atyń jaman bolsa,
Aqtekeniń múıizimen taǵala.
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да, отқа жақ. Altyn eriń atqa tıse,
Altynyn al da, otqa jaq.
Алдымен атыңды тұсаула,
Кейін Құдайға тапсыр. Aldymen atyńdy tusaýla,
Keıin Qudaıǵa tapsyr.
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас. Enesi tepken qulynnyń eti aýyrmas. Құрық тимес құлын жоқ,
Қырықтық тимес қозы жоқ. Quryq tımes qulyn joq,
Qyryqtyq tımes qozy joq.
Ала жылқы жоғалмас. Ala jylqy joǵalmas. Жүйрік аттың сауырын берік алар. Júırik attyń saýyryn berik alar. Ер қанаты - ат. Er qanaty - at. Төрт аяғы тең жорға,
Сүдігерге сүрінер. Tórt aıaǵy teń jorǵa,
Súdigerge súriner.
Айғырды неден салсаң,
Атты содан аларсың. Aıǵyrdy neden salsań,
Atty sodan alarsyń.
Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды. Jaqsy aıǵyrdyń úıirin at jaqtaıdy. Жақсы айғыр үйірін қорғайды,
Құж мойын бұқа
сом мүйізі мен сасық тұмсығын қорғайды. Jaqsy aıǵyr úıirin qorǵaıdy,
Quj moıyn buqa
som múıizi men sasyq tumsyǵyn qorǵaıdy.
Қасқа айғырдың баласы
Қасқа тумаса да, төбел туар. Qasqa aıǵyrdyń balasy
Qasqa týmasa da, tóbel týar.
Жаман айғыр енесіне тап берер. Jaman aıǵyr enesine tap berer. Бие көп болса, құлын көп. Bıe kóp bolsa, qulyn kóp. Бие қоста жүріп терлесе,
Құлын босқа жүріп терлейді. Bıe qosta júrip terlese,
Qulyn bosqa júrip terleıdi.
Бие кәрі, құлын жас,
Келер жылы қолың бос. Bıe kári, qulyn jas,
Keler jyly qolyń bos.
Екі бие - ел асы,
Үш бие - бұлақ басы,
Бір бие - жоқтың қасы. Eki bıe - el asy,
Úsh bıe - bulaq basy,
Bir bıe - joqtyń qasy.
Ат шабады, құс ұшады. At shabady, qus ushady. Бір бие үйдікі, екі бие елдікі. Bir bıe úıdiki, eki bıe eldiki. Бір биеден ала да, құла да туар. Bir bıeden ala da, qula da týar. Қулық құлынжанды. Qýlyq qulynjandy. Шабысы жоқ төбелден,
Терісі кең жабы артық. Shabysy joq tóbelden,
Terisi keń jaby artyq.
Құлындаған байталдан,
Құдықтағы су артылмайды. Qulyndaǵan baıtaldan,
Qudyqtaǵy sý artylmaıdy.
Саумал ішсең, қымыз жоқ,
Байтал мінсең, құлын жоқ. Saýmal ishseń, qymyz joq,
Baıtal minseń, qulyn joq.
Ат аяған жерге қарайды,
Құс аяған көкке қарайды. At aıaǵan jerge qaraıdy,
Qus aıaǵan kókke qaraıdy.
Атдорба түбін иіскемей ат тоймайды. Atdorba túbin ıiskemeı at toımaıdy. Ат айында, бие жылында құлындайды. At aıynda, bıe jylynda qulyndaıdy. Ат жақсысы қартады, негізіне тартады. At jaqsysy qartady, negizine tartady. Таяқ тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер. Taıaq taıǵa jetkizer,
Taı qunanǵa jetkizer.
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер. Qunan atqa jetkizer,
At muratqa jetkizer.
Жігіттің сорлысын,
Жылқының жолдысы теңейді. Jigittiń sorlysyn,
Jylqynyń joldysy teńeıdi.
Атың арық болса, бір шап,
Отының аз болса, бір жақ. Atyń aryq bolsa, bir shap,
Otynyń az bolsa, bir jaq.
Күн бұлтты деп,
Жылқыны суармай жүрме. Kún bultty dep,
Jylqyny sýarmaı júrme.
Жорға мінген жолда қалады,
Жүйрік мінген қолды болады. Jorǵa mingen jolda qalady,
Júırik mingen qoldy bolady.
Алалы жылқы, ақтылы қой. Alaly jylqy, aqtyly qoı. Ағайыннан жат жақсы,
Сыйласа алса.
Арғымақтан жабы жақсы,
Шаба алса. Aǵaıynnan jat jaqsy,
Syılasa alsa.
Arǵymaqtan jaby jaqsy,
Shaba alsa.
Атанның жүгі тайлаққа, аттың жүгі тайға қалады. Atannyń júgi taılaqqa, attyń júgi taıǵa qalady. Бұғаудан шошынған асау,
Қамытқа басын сұқпайды. Buǵaýdan shoshynǵan asaý,
Qamytqa basyn suqpaıdy.
Тұлпардан жабы озады,
Тұлпар мамада тұрып бұтын созады. Tulpardan jaby ozady,
Tulpar mamada turyp butyn sozady.
Ат пен ат ақырлас болса,
Меңі жұғады.
Ат пен есек ақырлас болса,
Зеңі жұғады. At pen at aqyrlas bolsa,
Meńi juǵady.
At pen esek aqyrlas bolsa,
Zeńi juǵady.
Мыңнан шыққан,
Жүзден озған. Myńnan shyqqan,
Júzden ozǵan.
Болдырған ат болпақ. Boldyrǵan at bolpaq. Жалпы бар деп жабыдан айғыр салмаңыз. Jalpy bar dep jabydan aıǵyr salmańyz. Жылқы бақтым - жорғалаттым. Jylqy baqtym - jorǵalattym. Сиырдың пірі - Зеңгі баба. Sıyrdyń piri - Zeńgi baba. Сиыр су ішкенде бұзау мұз жалайды. Sıyr sý ishkende buzaý muz jalaıdy. Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді. Sıyr sýdan jerıdi, sý sıyrdan jerıdi. Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді. Sıyr sıpaǵandy bilmeıdi,
Jaman syılaǵandy bilmeıdi.
Сиыр сүйкенбей жүрмес. Sıyr súıkenbeı júrmes. Сиырдың сүті тілінде. Sıyrdyń súti tilinde. Сиыр алсаң, танып ал,
Танымасаң, тарғыл ал. Sıyr alsań, tanyp al,
Tanymasań, tarǵyl al.
Сиырға ер жараспас. Sıyrǵa er jaraspas. Мал жақсысы - сиыр. Mal jaqsysy - sıyr. Жаман сиыр жазда бұзаулайды. Jaman sıyr jazda buzaýlaıdy. Өлген сиыр сүтті. Ólgen sıyr sútti. Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын. Sengen qoıym sen bolsań,
Kúısegenińe bolaıyn.
Болдырған сиыр молаға сүйкенеді. Boldyrǵan sıyr molaǵa súıkenedi. Нәсілі жаман сиырдан өлі бұзау туады. Násili jaman sıyrdan óli buzaý týady. Сүзеген сиырға Қүдай мүйіз бермейді. Súzegen sıyrǵa Qúdaı múıiz bermeıdi. Өгіз терісі - талыс. Ógiz terisi - talys. Өгізді өрге айдағанның өмірі өксиді. Ógizdi órge aıdaǵannyń ómiri óksıdi. Өгіз өлгенше өседі. Ógiz ólgenshe ósedi. Өгізге туған күн бұзауға да туады. Ógizge týǵan kún buzaýǵa da týady. Өгіз өлер жерінде өкіреді. Ógiz óler jerinde ókiredi. Өгізімнің өлерін білсем,
Өзбекке сатпас па едім. Ógizimniń ólerin bilsem,
Ózbekke satpas pa edim.
Өгіз мүйізді сиырдың сүті болмайды,
Сиыр мүйізді өгіздің күші болмайды. Ógiz múıizdi sıyrdyń súti bolmaıdy,
Sıyr múıizdi ógizdiń kúshi bolmaıdy.
Бұқа буға, азбан дуға семіреді. Buqa býǵa, azban dýǵa semiredi. Бұқаның арамзасы бұзау арасында. Buqanyń aramzasy buzaý arasynda. Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды. Súzegen buqa múıizin jasyrmaıdy. Құнажын көзін сүзбесе,
Бұқа жібін үзбейді. Qunajyn kózin súzbese,
Buqa jibin úzbeıdi.
Пәлені қара тана бастайды. Páleni qara tana bastaıdy. Есекке жүк артқанмен, түйе болмас,
Сиырды жиі сауғанмен, бие болмас. Esekke júk artqanmen, túıe bolmas,
Sıyrdy jıi saýǵanmen, bıe bolmas.
Адам баладан өседі,
Сиыр танадан өседі. Adam baladan ósedi,
Sıyr tanadan ósedi.
Түйелі кісі күйлі,
Сиырлы кісі сыйлы. Túıeli kisi kúıli,
Sıyrly kisi syıly.
Сиыр жайған тоқ болады,
Уайым-қайғы жоқ болады. Sıyr jaıǵan toq bolady,
Ýaıym-qaıǵy joq bolady.
Сиырдың майы жанға рахат,
Зығырдың майы тәнге рахат. Sıyrdyń maıy janǵa rahat,
Zyǵyrdyń maıy tánge rahat.
Жаман сиыр өрешіл. Jaman sıyr óreshil. Сиыр баққанды сүттен қаққан оңбас. Sıyr baqqandy sútten qaqqan ońbas. Өлермен өгіз балтадан қорықпайды. Ólermen ógiz baltadan qoryqpaıdy. Атан өгіз мүйізімен де соқа сүйретеді. Atan ógiz múıizimen de soqa súıretedi. Өгіздің құйрығы болғанша,
Бұзаудың құлағы бол. Ógizdiń quıryǵy bolǵansha,
Buzaýdyń qulaǵy bol.
Болатын өгіз бұзауынан белгілі. Bolatyn ógiz buzaýynan belgili. Арбаның жүгі өгізге түсер. Arbanyń júgi ógizge túser. Бұқаның малға сандығы жоқ. Buqanyń malǵa sandyǵy joq. Қолда өскен бұзау бұқа болмас. Qolda ósken buzaý buqa bolmas. Көшкен елдің бұқасын,
Еру елдің тайыншасы қорқытады. Kóshken eldiń buqasyn,
Erý eldiń taıynshasy qorqytady.
Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау. Qoıǵa eki qulaǵynan basqanyń bári jaý. Қасапшыға жолықсаң,
Сойғаны мен сатқанын айтады.
Сиыршыға жолықсаң,
Шелегіндегі қаймағын айтады. Qasapshyǵa jolyqsań,
Soıǵany men satqanyn aıtady.
Sıyrshyǵa jolyqsań,
Shelegindegi qaımaǵyn aıtady.
Сиыр жисаң, тарлан жи. Sıyr jısań, tarlan jı. Аяз мүйізді қысады,
Мүйіз сиырды қысады. Aıaz múıizdi qysady,
Múıiz sıyrdy qysady.
Түйе торы болмас,
Сиыр шабдар болмас. Túıe tory bolmas,
Sıyr shabdar bolmas.
Қашпаған қашардың уызына қаратып. Qashpaǵan qashardyń ýyzyna qaratyp. Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмас. Úıde ósken buzaý túzde ógiz bolmas. Ортақ өгізден оңаша бұзау. Ortaq ógizden ońasha buzaý. Түзде бұзау өлсе,
Үйдегі сүтке ит тиеді. Túzde buzaý ólse,
Úıdegi sútke ıt tıedi.
Түзде бұзауы жамырағанның
Үйде айраны төгілер. Túzde buzaýy jamyraǵannyń
Úıde aırany tógiler.
Бас білген өгізге «Өк!» деген өлім. Bas bilgen ógizge «Ók!» degen ólim. Ойда сиырдың мүйізі сырқыраса,
Қырда бұғының мүйізі сырқырайды. Oıda sıyrdyń múıizi syrqyrasa,
Qyrda buǵynyń múıizi syrqyraıdy.
Бұзаудың жүгіргені сабанханаға дейін. Buzaýdyń júgirgeni sabanhanaǵa deıin. Пиғылы жаман бұқа,
Ұрғашы бұзаудың қасына жатады. Pıǵyly jaman buqa,
Urǵashy buzaýdyń qasyna jatady.
Тана желіндегенді білмейді,
Бұзаулағанды біледі. Tana jelindegendi bilmeıdi,
Buzaýlaǵandy biledi.
Табында да жоқ,
Сауында да жоқ. Tabynda da joq,
Saýynda da joq.
Сиырлы бай - сары май. Sıyrly baı - sary maı. Сиырлының үйі - айран,
Сиырсыздың үйі - сырдаң. Sıyrlynyń úıi - aıran,
Sıyrsyzdyń úıi - syrdań.
Диқан болсаң, өгізің болсын. Dıqan bolsań, ógiziń bolsyn. Бұқа кімдікі болса, онікі болсын,
бұзау өзімдікі. Buqa kimdiki bolsa, oniki bolsyn,
buzaý ózimdiki.
Мақтаған сиыр шелекке тышар. Maqtaǵan sıyr shelekke tyshar. Қашарыңда қашарсың,
Туарыңда сасарсың. Qasharyńda qasharsyń,
Týaryńda sasarsyń.
Құдай жүгіртпегенді
Бұзау - жүгіртеді. Qudaı júgirtpegendi
Buzaý - júgirtedi.
Сиыр бақтым - сидаң қақтым. Sıyr baqtym - sıdań qaqtym. Қойдың пірі - Шопан ата. Qoıdyń piri - Shopan ata. Қой анасы - оннан,
Жылқы анасы - бестен. Qoı anasy - onnan,
Jylqy anasy - besten.
Қой егіз тапса,
Шөптің басы айыр шығады. Qoı egiz tapsa,
Shóptiń basy aıyr shyǵady.
Қора толы қойыңды қотыр тоқты бүлдірер. Qora toly qoıyńdy qotyr toqty búldirer. Қой өрісі - қорадан. Qoı órisi - qoradan. Қой мыңға жетсе,
Кереге басынан бас кетпейді. Qoı myńǵa jetse,
Kerege basynan bas ketpeıdi.
Қой ақсағымен мың болар. Qoı aqsaǵymen myń bolar. Қой үріккен жағына беттемейді. Qoı úrikken jaǵyna bettemeıdi. Қой шелді болмай, төлді болмайды. Qoı sheldi bolmaı, tóldi bolmaıdy. Қойың болмаса,
Байлықта ойың болмасын. Qoıyń bolmasa,
Baılyqta oıyń bolmasyn.
Қой сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын. Qoı súti - qorǵasyn,
Qoıdy soqqan ońbasyn.
Қой асығы демеңіз,
Қолыңа жақса, сақа тұт. Qoı asyǵy demeńiz,
Qolyńa jaqsa, saqa tut.
Қойға қоңырау жараспас. Qoıǵa qońyraý jaraspas. Қой өлсе, қозы болады,
Келер жылы өзі болады. Qoı ólse, qozy bolady,
Keler jyly ózi bolady.
Құрттаған қой құдық басында. Qurttaǵan qoı qudyq basynda. Қой алты күн аштыққа шыдайды. Qoı alty kún ashtyqqa shydaıdy. Қойдан қалған қозы қасқырға тап болады. Qoıdan qalǵan qozy qasqyrǵa tap bolady. Ақсақ қой ауыл қасында,
не құдық басында. Aqsaq qoı aýyl qasynda,
ne qudyq basynda.
Ақсақ қой жатып семіреді. Aqsaq qoı jatyp semiredi. Күн батса, қойға соқпақ табылады. Kún batsa, qoıǵa soqpaq tabylady. Семіздікті қой көтереді. Semizdikti qoı kóteredi. Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды. Ala qoıdy bóle qyryqqan júnge jarymaıdy. Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір. Mal ósirseń, qoı ósir,
Ónimi onyń kól-kósir.
Жүн керек болса, қойды қазанда қырық,
Қой керек болса, мизамда қырық. Jún kerek bolsa, qoıdy qazanda qyryq,
Qoı kerek bolsa, mızamda qyryq.
Қыста қойыңды қопалы жерге қыстат,
Жазда жазық жерге жайлат. Qysta qoıyńdy qopaly jerge qystat,
Jazda jazyq jerge jaılat.
Қойдың жайын ойласаң, құмға көш,
Сиыр жайын ойласаң, Сырға көш. Qoıdyń jaıyn oılasań, qumǵa kósh,
Sıyr jaıyn oılasań, Syrǵa kósh.
Қойды күзде құмға айда,
Жаз шыққанда шымға айда. Qoıdy kúzde qumǵa aıda,
Jaz shyqqanda shymǵa aıda.
Аз қойда айран бар да, өре жоқ. Az qoıda aıran bar da, óre joq. Түйе сойған жиыннан тоқты сойған той артық. Túıe soıǵan jıynnan toqty soıǵan toı artyq. Біреу тойға айналды,
Біреу қойға айналды. Bireý toıǵa aınaldy,
Bireý qoıǵa aınaldy.
Қос аттылымен қол көбейеді,
Қозысымен қой көбейеді. Qos attylymen qol kóbeıedi,
Qozysymen qoı kóbeıedi.
Тойған қозы момақан. Toıǵan qozy momaqan. Қозы көкпарға жарамас. Qozy kókparǵa jaramas. Еркек қозы - құрбандық. Erkek qozy - qurbandyq. Қозысы өлген саулыққа
Қой теліген барлықта. Qozysy ólgen saýlyqqa
Qoı teligen barlyqta.
Қой көрмеген көргенсіз қуалап жүріп өлтірер. Qoı kórmegen kórgensiz qýalap júrip óltirer. Қой семіз болса,
Ішіндегісі егіз болады. Qoı semiz bolsa,
Ishindegisi egiz bolady.
Қарақұрт жеген қой семіреді. Qaraqurt jegen qoı semiredi. Қойды қорада сат,
Астықты ұрада сат. Qoıdy qorada sat,
Astyqty urada sat.
Жаман қой ісегінде қартаяды. Jaman qoı iseginde qartaıady. Сүтсіз қой маңырауық. Sútsiz qoı mańyraýyq. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Aqsaq qoı tústen keıin mańyraıdy. Ешкі жейді ебелек,
Ешкіні жейді кебенек. Eshki jeıdi ebelek,
Eshkini jeıdi kebenek.
Малды бақсаң, қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан,
Қой бермейді қорадан. Maldy baqsań, qoıdy baq,
Maı ketpeıdi sharadan.
It asyrasań syrttannan,
Qoı bermeıdi qoradan.
Еркек қой бұралқы болмас. Erkek qoı buralqy bolmas. Құрттаған қой далаға кетер,
Екі бұршақ, бір сабауды ала кетер. Qurttaǵan qoı dalaǵa keter,
Eki burshaq, bir sabaýdy ala keter.
Маңырағанның бәрі қой емес. Mańyraǵannyń bári qoı emes. Қораң оңды болса, қойың қоңды болады. Qorań ońdy bolsa, qoıyń qońdy bolady. Жақсы қошқар жарты отар қойға тең. Jaqsy qoshqar jarty otar qoıǵa teń. Қошқардың жайын қой баққан біледі. Qoshqardyń jaıyn qoı baqqan biledi. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Eki qoshqardyń basy bir qazanǵa syımaıdy. Саулықтың жасы үлкен,
Ісектің басы үлкен. Saýlyqtyń jasy úlken,
Isektiń basy úlken.
Құдай бергеннің тоқтысын Қыдыр бағады. Qudaı bergenniń toqtysyn Qydyr baǵady. Жаман жасаққа қарамайды,
Желінсау қосаққа қарамайды. Jaman jasaqqa qaramaıdy,
Jelinsaý qosaqqa qaramaıdy.
Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер. Bir qozy týsa, bir túp jýsan artyq óser. Жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар. Jetim qozy tasbaýyr, túńiler de otyǵar. Жетім қозы сүтке тоймас. Jetim qozy sútke toımas. Жетім қозы түртіншек. Jetim qozy túrtinshek. Жетім қозы емеген. Jetim qozy emegen. Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады. Semiz qozy pyshaqqa suranyp turady. Әркім өз қозысын қошқар санайды. Árkim óz qozysyn qoshqar sanaıdy. Кәрі қойдың басы піскенше,
Тоқты басының арсасы шығады. Kári qoıdyń basy piskenshe,
Toqty basynyń arsasy shyǵady.
Тәңірі асыраған тоқтыны қасқыр жемейді. Táńiri asyraǵan toqtyny qasqyr jemeıdi. Тоғыз қабат торқадан
Тоңтышағымның терісі артық. Toǵyz qabat torqadan
Tońtyshaǵymnyń terisi artyq.
Жетім қозы маңырауық. Jetim qozy mańyraýyq. Арық қойда төстік жоқ. Aryq qoıda tóstik joq. Ала қойда кінә жоқ, жүні болмаса. Ala qoıda kiná joq, júni bolmasa. Қырсықты қой қыста қырқылады. Qyrsyqty qoı qysta qyrqylady. Қолаңсалы қошқарға тоқты күйлейді. Qolańsaly qoshqarǵa toqty kúıleıdi. Қой өгіз табады:
Бірі қонаққа сойылады,
Бірі қошқар қойылады. Qoı ógiz tabady:
Biri qonaqqa soıylady,
Biri qoshqar qoıylady.
Қатпа болған түйеге,
Ойсылқара не қылсын?
Қотыр болған қойға,
Шопан ата не қылсын? Qatpa bolǵan túıege,
Oısylqara ne qylsyn?
Qotyr bolǵan qoıǵa,
Shopan ata ne qylsyn?
Семіз қойдың өмірі қысқа. Semiz qoıdyń ómiri qysqa. Қой бақтым -қоңырау тақтым. Qoı baqtym -qońyraý taqtym. Ешкінің пірі - Сексек ата. Eshkiniń piri - Seksek ata. Ешкілі қой өреген. Eshkili qoı óregen. Ешкі бастаған қой егінге түсер, Eshki bastaǵan qoı eginge túser, Ешкі қырыққан сайын бір өледі. Eshki qyryqqan saıyn bir óledi. Ешкінің ажалы жетсе, Қойшының таяғына сүйкенер. Eshkiniń ajaly jetse, Qoıshynyń taıaǵyna súıkener. Ешкі егіз тауып, қойдан аспас,
Ит сегіз тауып, елден аспас. Eshki egiz taýyp, qoıdan aspas,
It segiz taýyp, elden aspas.
Есі кеткен ешкі жинар,
Ешкі жинап есін жияр. Esi ketken eshki jınar,
Eshki jınap esin jııar.
Айдағаны - бес ешкі,
ЬІсқырығы жер жарады. Aıdaǵany - bes eshki,
ЬIsqyryǵy jer jarady.
Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен ізде. Túıeni jel shaıqasa,
Eshkini kókten izde.
Тоқал ешкі лақпын деп ойлайды. Toqal eshki laqpyn dep oılaıdy. Әркім тапқанын теке қояды. Árkim tapqanyn teke qoıady. Жылқыны бөгелек,
Ешкіні кебенек аздырады. Jylqyny bógelek,
Eshkini kebenek azdyrady.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
Құлақтан айырылыпты. Toqal eshki múıiz suraımyn dep
Qulaqtan aıyrylypty.
Қотыр теке қора былғар. Qotyr teke qora bylǵar. Бір лақ екі адамды талтаңдатады. Bir laq eki adamdy taltańdatady. Сегіз ешкіге сексен теке. Segiz eshkige seksen teke. Бұрын шыққан құлақтан
Кейін шыққан мүйіз артық. Buryn shyqqan qulaqtan
Keıin shyqqan múıiz artyq.
Таудағы ешкі ыңғай берсе,
Етектегі теке дедектеп жетеді. Taýdaǵy eshki yńǵaı berse,
Etektegi teke dedektep jetedi.
Жаман теке сүзеген. Jaman teke súzegen. Ешкі сойып жесең, бір күндік,
Сауып ішсең, мың күндік. Eshki soıyp jeseń, bir kúndik,
Saýyp ishseń, myń kúndik.
Арамнан алған түйеден
Адалдан алған ешкі артық. Aramnan alǵan túıeden
Adaldan alǵan eshki artyq.
Ешкілі үй ағы көп сиырлымен тең. Eshkili úı aǵy kóp sıyrlymen teń. Түйе ағаш басын кемірсе,
Ешкі таңданады. Túıe aǵash basyn kemirse,
Eshki tańdanady.
Түйесі кетеген, ешкісі өреген. Túıesi ketegen, eshkisi óregen. Тоқал ешкі қой бұзар. Toqal eshki qoı buzar. Түйенің құйрығы жерге жетсе,
Ешкінің құйрығы көкке жетер. Túıeniń quıryǵy jerge jetse,
Eshkiniń quıryǵy kókke jeter.
Қысыр қалған ешкіден лақтаған шыбыш артық. Qysyr qalǵan eshkiden laqtaǵan shybysh artyq. Қорада лақ туса, өрісте от өнер. Qorada laq týsa, óriste ot óner. Серкесіз қой отары болмайды. Serkesiz qoı otary bolmaıdy. Өзі келген текенің
Өзін атпа, көзін ат. Ózi kelgen tekeniń
Ózin atpa, kózin at.
Ешкі бақсаң, түбіті көп, мүйізі пышаққа сап. Eshki baqsań, túbiti kóp, múıizi pyshaqqa sap. Ешкі баққан зыр қағар. Eshki baqqan zyr qaǵar. Жалаңқия жартаста ешкі жүреді. Jalańqııa jartasta eshki júredi. Ешкі сойғанның екі амалы бар:
Мүйізі- пұшпағына сап,
Терісі - бұтына қап. Eshki soıǵannyń eki amaly bar:
Múıizi- pushpaǵyna sap,
Terisi - butyna qap.
Қой көрмесек те, ешкілі байдың қызы едік. Qoı kórmesek te, eshkili baıdyń qyzy edik. Ешкі бақтым - еңіреп бақтым. Eshki baqtym - eńirep baqtym. Ағайын ащы, мал тұщы. Aǵaıyn aщy, mal tuщy.