Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Білім туралы 90

Білім туралы мақал-мәтелдер ақыл, оқу, ғылымның қадірін ұқтырып, адамды ізденіс пен парасатқа бастайды.

90
Мақал-мәтелдер
16.4K
Барлық қаралым
182
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Шәр кітапты оқысаң,
Әр кітапты оқырсың.
1 EN 1 тақырыпша 942
Жаста оқыған оқуың -
тасқа жазғанмен бірдей;
Қартайғанда оқыған оқуың -
мұзға жазғанмен бірдей.
EN 2 тақырыпша 503
Білім іздеген өсер,
Бүлік іздеген өшер.
EN 1 тақырыпша 470
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
EN 1 тақырыпша 447
Оқығанның беті жарық,
Оқымағанның беті көн шарық.
EN 1 тақырыпша 433
Білгенге - тоғыз, білмегенге - тоқсан тоғыз.
EN 1 тақырыпша 352
Біліп тұрсаң да, сұрап ал.
EN 1 тақырыпша 305
Білімді өлсе, қағазда аты қалар,
Ұста өлсе, істеген заты қалар.
EN 1 тақырыпша 281
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
EN 1 тақырыпша 267
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
EN 1 тақырыпша 265
Көп біл, аз сөйле.
EN 1 тақырыпша 251
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
EN 1 тақырыпша 246
Мың ділдә - білімдінің жалғыз сөзі.
EN 1 тақырыпша 232
Білімді әр нәрсенің байыбын айтады,
Білімсіз біреудің айыбын айтады.
EN 1 тақырыпша 223
Ғылым - теңіз, білім - қайық.
EN 1 тақырыпша 222
Алдыңғы
1 2 ... 6
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Білім туралы» мақал-мәтелдер — оқу, ғылым, ұстаз, еңбекқорлық және ізденістің құнын айқындайтын халық даналығы. Бұл нақылдар білімнің адамды биікке көтеретінін, надандықтың тұсау болатынын қысқа да нұсқа оймен жеткізеді.

Категориядағы мақал-мәтелдер жас ұрпақты кітап оқуға, үйренуден жалықпауға, тәжірибе жинап, ақылды іс қылуға үндейді. Білімді құр сөз емес, күнделікті әрекет пен тәртіп арқылы меңгеру керегін еске салып, өмірлік бағдар береді.