Байлық туралы 86

Байлық мұрат емес,
Кедейлік ұят емес. Baılyq murat emes,
Kedeılik uıat emes.
Байда пейіл болса,
Кедейде мейір болады. Baıda peıil bolsa,
Kedeıde meıir bolady.
Байдың малы ортақ. Baıdyń maly ortaq. Бай болып көргеніміз жоқ,
Кедей болып өлгеніміз жоқ. Baı bolyp kórgenimiz joq,
Kedeı bolyp ólgenimiz joq.
Жасауды алты жастан жинаса, асады,
Жеті жастан жинаса, жетеді. Jasaýdy alty jastan jınasa, asady,
Jeti jastan jınasa, jetedi.
Байдан жұғар, балдан тамар. Baıdan juǵar, baldan tamar. Байлыққа жомарттық жарасады. Baılyqqa jomarttyq jarasady. Бай - жарлының бақташысы. Baı - jarlynyń baqtashysy. Дәулеттінің дәмімен. Dáýlettiniń dámimen. Бай ауызында семіз сөз. Baı aýyzynda semiz sóz. Түгін тартса, түбінен май шығады. Túgin tartsa, túbinen maı shyǵady. Байдың малы ардақты,
Жарлының жаны ардақты. Baıdyń maly ardaqty,
Jarlynyń jany ardaqty.
Жүзді айдап, бірді жетелеген. Júzdi aıdap, birdi jetelegen. Бай кісі балпаң,
Жарлы кісі жалтаң. Baı kisi balpań,
Jarly kisi jaltań.
Бай болсаң аспа,
Жоқ болсаң саспа. Baı bolsań aspa,
Joq bolsań saspa.
Басытқыға бал ішкен,
Сусынына шай ішкен. Basytqyǵa bal ishken,
Sýsynyna shaı ishken.
Қойлы бай - қорлы бай,
Жылқылы бай - сылдыр бай. Qoıly baı - qorly baı,
Jylqyly baı - syldyr baı.
Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас. Baı toq bolmas,
Batyr ash bolmas.
Байда - сәурік, жарлыда - байтал. Baıda - sáýrik, jarlyda - baıtal. Қайырсыз байдан қайнатқан су артық. Qaıyrsyz baıdan qaınatqan sý artyq. Бай тамырлас, би құлақтас. Baı tamyrlas, bı qulaqtas. Бай тамырлас, би құлақтас. Baı tamyrlas, bı qulaqtas. Ашқышың жарамаса, абдыраң безеді. Ashqyshyń jaramasa, abdyrań bezedi. Бай тойғанынан кекіреді,
Кедей аштықтан секіреді. Baı toıǵanynan kekiredi,
Kedeı ashtyqtan sekiredi.
Қыста ызғар, жазда шаң тимеген. Qysta yzǵar, jazda shań tımegen. Бай болам десең, аузыңды бақ. Baı bolam deseń, aýzyńdy baq. Түйелі бай - киелі бай. Túıeli baı - kıeli baı. Артын қысқан бай болар. Artyn qysqan baı bolar. Мал қолда, жан ұяда. Mal qolda, jan uıada. Бәсеке, байлық кімде жоқ,
Бірде бар да, бірде жоқ. Báseke, baılyq kimde joq,
Birde bar da, birde joq.
Бір-бірлеп мың болар,
Тама-тама көл болар. Bir-birlep myń bolar,
Tama-tama kól bolar.
Бай байға құяды,
Сай сайға құяды. Baı baıǵa quıady,
Saı saıǵa quıady.
Жарлы байға,
Бай Құдайға жетсем дейді. Jarly baıǵa,
Baı Qudaıǵa jetsem deıdi.
Дәулетіне сәулеті сай,
Сәулетіне дәулеті сай. Dáýletine sáýleti saı,
Sáýletine dáýleti saı.
Ақырғы бай түбі аштан өледі. Aqyrǵy baı túbi ashtan óledi. Кен байлық -
Кең байлық. Ken baılyq -
Keń baılyq.
Мұртын балта шаппайды. Murtyn balta shappaıdy. Бақша байлық - бір айлық. Baqsha baılyq - bir aılyq. Қорлы саба сарқылмас. Qorly saba sarqylmas. Ақырып хан болмайды,
Бақырып бай болмайды. Aqyryp han bolmaıdy,
Baqyryp baı bolmaıdy.
Байлың түбі - бақыл,
Қазына түбі - ақыл. Baılyń túbi - baqyl,
Qazyna túbi - aqyl.
Барын берген байға сән. Baryn bergen baıǵa sán. Жетіскен жеті шапан киер. Jetisken jeti shapan kıer. Байдан пайда құтылмас. Baıdan paıda qutylmas. Кім бай болғысы келмейді,
Құдайы қаламайды.
Кім би болғысы келмейді,
Халқы қаламайды. Kim baı bolǵysy kelmeıdi,
Qudaıy qalamaıdy.
Kim bı bolǵysy kelmeıdi,
Halqy qalamaıdy.
Байлықтың бір тоқтығы, бір жоқтығы бар. Baılyqtyń bir toqtyǵy, bir joqtyǵy bar. Барлық не жегізбес,
Жоқтың не дегізбес. Barlyq ne jegizbes,
Joqtyń ne degizbes.
Бар шабылса, табылар,
Жоқ шабылса, тарығар. Bar shabylsa, tabylar,
Joq shabylsa, taryǵar.
Есепші болмай, бай болмас,
Есер болмай, ер болмас.
Esepshi bolmaı, baı bolmas,
Eser bolmaı, er bolmas.
Барлық жарастырады,
Жоқтық таластырады. Barlyq jarastyrady,
Joqtyq talastyrady.
Ескі байдан жұрт қалмас,
Жаңа байдан шөп қалмас. Eski baıdan jurt qalmas,
Jańa baıdan shóp qalmas.
Жаңадан байыған жақынын танымас. Jańadan baıyǵan jaqynyn tanymas. Жаңа байдан қалтаң қалмайды,
Ескі байдан талтаң қалмайды. Jańa baıdan qaltań qalmaıdy,
Eski baıdan taltań qalmaıdy.
Келген - дәулет, кеткен - бейнет. Kelgen - dáýlet, ketken - beınet. Ерге дәулет бітерде,
Қарға салса, қаз алар.
Ерден дәулет кетерде,
Лашын салса, аз алар. Erge dáýlet biterde,
Qarǵa salsa, qaz alar.
Erden dáýlet keterde,
Lashyn salsa, az alar.
Сыртың сыйлы болғанша,
Ішің майлы болсын. Syrtyń syıly bolǵansha,
Ishiń maıly bolsyn.
Етек толғанда тезек кездесер. Etek tolǵanda tezek kezdeser. Төлге төл қосылса - егіз,
Көлге көл қосылса - теңіз. Tólge tól qosylsa - egiz,
Kólge kól qosylsa - teńiz.
Малдының беті жарық,
Малсыздың беті шарық. Maldynyń beti jaryq,
Malsyzdyń beti sharyq.
Бай баласы жатық, малшысы қодаң. Baı balasy jatyq, malshysy qodań. Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін. Aýzy qısyq bolsa da, baı balasy sóılesin. Теңіз - тамшыдан. Teńiz - tamshydan. Бір байдың жұртына,
Екі байғұс таласады. Bir baıdyń jurtyna,
Eki baıǵus talasady.
Пайдасы жоқ байдан без,
Панасы жоқ сайдан без. Paıdasy joq baıdan bez,
Panasy joq saıdan bez.
Дәулет есіктен, бала бесіктен кіреді. Dáýlet esikten, bala besikten kiredi. Батыр аңғырт, бай салғырт. Batyr ańǵyrt, baı salǵyrt. Сарғая сақтасаң, қызара бөртесің. Sarǵaıa saqtasań, qyzara bórtesiń. Ішкені алдында, ішпегені артында. Ishkeni aldynda, ishpegeni artynda. Байды Құдай ұрайын десе, жортуыл жасайды,
Биені Құдай ұрайын десе, құлын тастайды. Baıdy Qudaı uraıyn dese, jortýyl jasaıdy,
Bıeni Qudaı uraıyn dese, qulyn tastaıdy.
Нысап сайын береке. Nysap saıyn bereke. Ата дәулеті балаға сәулет болмайды. Ata dáýleti balaǵa sáýlet bolmaıdy. Бермесе де бай жақсы,
Жемесе де май жақсы. Bermese de baı jaqsy,
Jemese de maı jaqsy.
Бай бастас, батыр құлақтас. Baı bastas, batyr qulaqtas. Көктегі жұлдыз жиылса,
Бірден туған Айдай жоқ.
Өңкей жарлы жиылса,
Жалғыз үйлі байдай жоқ. Kóktegi juldyz jıylsa,
Birden týǵan Aıdaı joq.
Óńkeı jarly jıylsa,
Jalǵyz úıli baıdaı joq.
Бай болсаң, жарлылығыңды айтпа,
Жарлы болсаң, байлығыңды айтпа. Baı bolsań, jarlylyǵyńdy aıtpa,
Jarly bolsań, baılyǵyńdy aıtpa.
Бай байыған сайын қалтырайды. Baı baıyǵan saıyn qaltyraıdy. Байдан ауысады, балдан жұғысады. Baıdan aýysady, baldan juǵysady. Дүние кейде орта, кейде толы. Dúnıe keıde orta, keıde toly. Бай малына мәз. Baı malyna máz. Көшпелі дәулет кімде жоқ.
Бірде бар да, бірде жоқ. Kóshpeli dáýlet kimde joq.
Birde bar da, birde joq.
Менмен бай Құдайға да ауыз салады. Menmen baı Qudaıǵa da aýyz salady. Байлық - ұрылықтың жемісі. Baılyq - urylyqtyń jemisi. Үш рет жұтаған байда,
Үш рет шабылған ханда қазына қалмайды. Úsh ret jutaǵan baıda,
Úsh ret shabylǵan handa qazyna qalmaıdy.
Арамнан жиған дәулет емес. Aramnan jıǵan dáýlet emes. Кері кеткен бай кедейден қарыз сұрар. Keri ketken baı kedeıden qaryz surar. Жүзді жетелеп, бірді мінген. Júzdi jetelep, birdi mingen.