Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Батырлық туралы 145

Батырлық туралы мақал-мәтелдер ерлік, намыс, қайсарлық пен Отанды қорғау рухын дәріптейді.

145
Мақал-мәтелдер
19.8K
Барлық қаралым
136
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Аттан аттың несі артық?
Жүрісі мен күші артық;
Ерден ердің несі артық?
Ерлігі мен ісі артық.
EN 1 тақырыпша 650
Көңілі пасық ерде дәулет болмас.
EN 1 тақырыпша 584
Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес.
Айтулы ерге оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес.
EN 2 тақырыпша 380
Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
EN 2 тақырыпша 343
Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
EN 1 тақырыпша 311
Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
EN 1 тақырыпша 286
Ер жігіт не көрмейді,
Ер көңіл не бермейді.
EN 1 тақырыпша 285
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
EN 1 тақырыпша 283
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
1 EN 1 тақырыпша 275
Ер татулығы - ел татулығы.
EN 1 тақырыпша 255
Ерлік білекте емес, жүректе.
EN 1 тақырыпша 242
Батыр - елдің сәулеті,
Балқұрақ - көлдің сәулеті.
EN 1 тақырыпша 235
Ерлігі бар елге жағар.
Айласыз батыр алдырар.
EN 1 тақырыпша 226
Ер көрмеймін деген жерін үш көреді,
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
EN 2 тақырыпша 206
Ердің жасы - екі елу.
EN 1 тақырыпша 198
Алдыңғы
1 2 ... 10
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Батырлық туралы» мақал-мәтелдер – қазақтың ерлікке, намысқа, қайсар мінезге қатысты ғасырлар бойы жинаған даналығы. Бұл санаттағы нақылдар батырдың болмысын, ел үшін жан аямай қызмет етуді, қиындықта тайсалмай, тура жолды таңдауды үлгі етеді.

Мұнда жауға қарсы тұру ғана емес, күнделікті өмірдегі батыл шешім, адалдық, жауапкершілік секілді қасиеттер де дәріптеледі. Батырлыққа арналған мақалдар жас ұрпақты рухтандырып, бірлік пен отансүйгіштікке шақырады, елдік мүддені биік қоюдың мәнін түсіндіреді.