Мақал-мәтел ойындары
Мақалды жалғастырыңыз, жоғалған сөзін табыңыз, мағынасы арқылы таныңыз. Үш қысқа ойын Telegram ішінде ашылады — тегін, ештеңе орнатудың қажеті жоқ.
- 3 ойын
- Күн сайын 6 сұрақ
- Достармен сайыс
- Апта рейтингі
Үш ойын
-
Мақалды жалғастыр
Мақалдың басы берілген — жалғасын төрт нұсқаның ішінен табыңыз.
Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей
-
Жоғалған сөз
Мақалдан бір сөз түсіп қалған. Нұсқалардың жалғауы бірдей, сондықтан сөзді мағынасына қарап табасыз.
Өнер алды — тіл.
қызыл
-
Мағынасы арқылы мақалды тап
Мақалдың мағынасы берілген — соны айтатын мақалды табыңыз. Нұсқалардың бәрі бір тақырыпта, сондықтан оңай емес.
Туған жер адамға бәрінен де қымбат.
Отан — оттан да ыстық.
Әр жауаптан кейін мақалдың мағынасы шығады: ойын жаттау үшін емес, түсіну үшін.
Қалай ойналады
-
Күнделікті
Күн сайын үш ойыннан алты сұрақ. Сұрақтар бәріне бірдей — нәтижені достарыңызбен салыстырыңыз.
-
Сайыс
Досыңызды шақырыңыз: бәріңіз бір алты сұраққа жауап бересіз, кесте кімнің көп білетінін көрсетеді. Бір уақытта ойнаудың қажеті жоқ.
-
10 сұрақ және Қателеспей
Кез келген ойында: қатарынан он сұрақ немесе бірінші қатеге дейін. Ең жақсы нәтиже рекорд болып сақталады.
-
Апта рейтингі
Бір дұрыс жауап — бір ұпай. Апта дүйсенбі күні басталады.
-
Серия
«Күнделікті» ойынды қатарынан ойнаған күндер санап отырады. Кеше ойнап, бүгін ұмытып кетсеңіз, бот кешкі 20:00-де еске салады.
-
Қателерім
Қате жауап берген мақалдар бөлек тізімге жиналады. Қайталап, дұрыс жауап берсеңіз — тізімнен шығады.
Сабақта пайдалану
Сайыс сыныпқа ыңғайлы. Мұғалім алты сұраққа өзі жауап беріп, сайыстың сілтемесін сынып чатына жібереді. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді, ал кесте кімнің озғанын көрсетеді: ұпай тең болса, жылдамырақ жауап бергені жоғары тұрады.
Әр сұрақтан кейін мақалдың мағынасы шығады, ал толық түсіндірмесі мен ұқсас мақалдар maqal.kz сайтында — сабақты осыдан жалғастыруға болады. Тіркелу керек емес, Telegram жеткілікті.
Сұрақ-жауап
Ойындар тегін бе?
Иә, тегін.
Не орнату керек?
Ештеңе. Ойындар Telegram ішінде ашылады: ботты ашып, «Бастау» басыңыз — бот «▶️ Ойнау» батырмасын жібереді. Кейін ойындар чаттағы «Ойындар» батырмасынан ашылады.
Сайтта ойнауға бола ма?
Сайтта күн сайын бір сұрақ бар — осы бетте және әр мақалдың бетінде. Толық ойындар, сайыс пен рейтинг — Telegram-да.
Атым басқаларға көріне ме?
Апта рейтингінде атыңыз бен тегіңіздің бірінші әрпі көрінеді, мысалы «Айгерім С.». Рейтинг бетінде «Атымды жасыру» қосылса, «Аты жасырын» деп жазылады, ұпайларыңыз сақталады. Толығырақ — құпиялылық саясатында.
Бот хабарлама жібере ме?
Бот күн сайын таңғы 09:00-де бір мақал жібереді. Ойын туралы еске салуды рейтинг бетінде өшіруге болады, ал /stop барлық хабарламаны тоқтатады.
Бүгінгі алты сұрақ күтіп тұр
Үш ойыннан екі сұрақтан, бәріне бірдей. Бүгін кім көп біледі?
Telegram-да ойнау