Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Туған - туыс туралы 53

Туған-туыс жайлы мақал-мәтелдер: ағайынның қадірі, бірлік пен бауырмалдықты дәріптейтін халық нақылы.

53
Мақал-мәтелдер
8.8K
Барлық қаралым
166
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Жаман ағайын
бар болса, көре алмайды,
жоқ болса, бере алмайды.
EN 2 тақырыпша 558
Нағашы жұрт
жақсылығыңа сүйінеді,
жамандығыңа күйінеді.
әрқашан тілеуіңді тілейді,
тілеуқорлық ниеті билейді.
EN 3 тақырыпша 365
Ағайын
бар болсаң, көре алмайды,
жоқ болсаң, бөліп бере алмайды.
жақсы болсаң, күндейді,
жаман болсаң, жүндейді.
EN 3 тақырыпша 303
Ата-ананың ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы,
Сарқылмайтын көлмен тең.
1 EN 4 тақырыпша 303
Ағайын ала болғанда,
Ауыздағы ас кетер.
Аңдыған дұшпан көбейіп,
Жау қолында бас кетер.
EN 4 тақырыпша 278
Қарына тартпағанның қары сынсын.
EN 3 тақырыпша 278
Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл келеді.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл келеді.
EN 5 тақырыпша 216
Ай көрмесе, ағайын жат,
Жыл көрмесе, жекжат жат.
EN 2 тақырыпша 208
Абысынның аразы,
Ағайынның сәнін кетірер.
Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер.
EN 3 тақырыпша 205
Арғымақты жамандап,
Кәне, тұлпар тапқаның?
Ағайынды жамандап,
Кәне, туған тапқаның?
EN 5 тақырыпша 201
Асу-асу белдер бар,
Аса алмаса ат өлсін.
Ағайынмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.
EN 4 тақырыпша 199
Үйдің жылы, суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Кімнің алыс, жақынын,
Іс түскенде білерсің.
EN 3 тақырыпша 198
Жарлы болар жігіт,
Байталын атқа сатады.
Жалғыз болар жігіт,
Ағайынын жатқа сатады.
EN 5 тақырыпша 183
Ағайын-туыс кімде жоқ,
Сыйласпаса жат жуық.
EN 2 тақырыпша 180
У ішсең - руыңмен.
EN 3 тақырыпша 175
Алдыңғы
1 2 ... 4
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Туған - туыс туралы» мақал-мәтелдер қазақ дүниетанымындағы ағайынның орны, қандас жақындықтың құны және туыстық жауапкершілік жайын айтады. Бұл нақылдар ата-ана, бауыр, нағашы-жиен, құда-жекжат секілді қатынастардың мәнін ашып, татулық пен сыйластықты алға қояды.

Осындай мақалдар қиын сәтте сүйеніш болатын жақынның қадірін, реніштің орнына келісім іздеуді, ұрпаққа үлгі болар адамгершілікті үйретеді. Туыспен араны бекем ұстап, бірлікке шақыратын даналық сөздер күнделікті өмірде де, тәрбиеде де бағыт-бағдар береді.