Оқу, білім, ғылым туралы 139
Оқу, білім, ғылым жайлы қазақ мақал-мәтелдері: ізденіс, еңбексүйгіштік, ақыл мен тәрбие құндылығы туралы нақылдар.
139
Мақал-мәтелдер
27.4K
Барлық қаралым
197
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Талапты бала талпынған құстай,
Құмары қанбас биікке ұшпай.
Құмары қанбас биікке ұшпай.
Шәр кітапты оқысаң,
Әр кітапты оқырсың.
Әр кітапты оқырсың.
Жаста оқыған оқуың -
тасқа жазғанмен бірдей;
Қартайғанда оқыған оқуың -
мұзға жазғанмен бірдей.
тасқа жазғанмен бірдей;
Қартайғанда оқыған оқуың -
мұзға жазғанмен бірдей.
Білім іздеген өсер,
Бүлік іздеген өшер.
Бүлік іздеген өшер.
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
Оқығанның беті жарық,
Оқымағанның беті көн шарық.
Оқымағанның беті көн шарық.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Өнер көкке жеткізер.
Қатыныңмен дос бол,
Үйіңе береке кіреді.
Азаматпен дос бол,
Қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
Үйіңе береке кіреді.
Азаматпен дос бол,
Қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
Білгенге - тоғыз, білмегенге - тоқсан тоғыз.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса, кішіден сұра.
Үлкен болмаса, кішіден сұра.
Өнер көпке де жеткізеді,
Көкке де жеткізеді.
Көкке де жеткізеді.
Біліп тұрсаң да, сұрап ал.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
Білім - таусылмайтын кен.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл бөлімде оқу, білім және ғылым туралы қазақтың мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар білімнің адам өміріндегі орнын, оқу арқылы көкжиек кеңейіп, ой-сананың жетілетінін қысқа да нұсқа жеткізеді. Мақал-мәтелдерде ұстазға құрмет, кітаптың қадірі, ізденіс пен еңбек арқылы нәтижеге жету идеясы айқын көрінеді.
Оқу-білімге қатысты нақылдар жасқа да, үлкенге де бағыт-бағдар береді: білімнің байлықтан да қымбат екенін, ғылымның дамуы қоғамның өркендеуіне жол ашатынын еске салады. Бұл категориядағы мақалдар мотивация беріп, оқу үдерісінде табандылық сақтауға, үздіксіз үйренуге және ақыл-парасатты биік ұстауға шақырады.
Оқу-білімге қатысты нақылдар жасқа да, үлкенге де бағыт-бағдар береді: білімнің байлықтан да қымбат екенін, ғылымның дамуы қоғамның өркендеуіне жол ашатынын еске салады. Бұл категориядағы мақалдар мотивация беріп, оқу үдерісінде табандылық сақтауға, үздіксіз үйренуге және ақыл-парасатты биік ұстауға шақырады.