Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Сауда туралы 37

Сауда туралы қазақ мақал-мәтелдері: адалдық, пайда, келісім мен еңбектің құнын ұғындыратын нақылдар.

37
Мақал-мәтелдер
5.5K
Барлық қаралым
148
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Арзанның сорпасы татымас.
6 EN 1 тақырыпша 298
Сауда сақал сипағанша.
EN 1 тақырыпша 297
Шаруа түбі - кеңес,
Сауда түбі - келіс.
1 EN 1 тақырыпша 269
Әкім әділ болмаса, халық бұзылады,
Сауда әділ болмаса, нарық бұзылады.
1 EN 1 тақырыпша 207
Арзан алдайды.
EN 1 тақырыпша 190
Саудагер - қасық, ел - теңіз.
EN 1 тақырыпша 184
Сауда садақпен тең,
Иілсе бір түзелмейді.
EN 1 тақырыпша 179
Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.
EN 1 тақырыпша 172
Саудагерде иман жоқ, арын сатады,
Өтірікшіде иман жоқ, жанын сатады.
EN 1 тақырыпша 167
Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас,
Жаманмен сауда қылсаң, тегіс болмас.
EN 1 тақырыпша 161
Кілем сатсаң, ауылдасыңа сат,
Бір шетінде өзің отырасың.
EN 1 тақырыпша 152
Саудагер есепке байиды.
EN 1 тақырыпша 151
Ақысын берсе, боқысын шығарады.
EN 1 тақырыпша 149
Жортуыл түбі еш,
Сауда түбі - борыш.
EN 1 тақырыпша 147
Қолдағының құны жоқ.
EN 1 тақырыпша 146
Алдыңғы
1 2 3
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Сауда туралы» мақал-мәтелдер – қазақтың нарық, айырбас, табыс пен тәуекел жайлы өмірлік тәжірибесін жинақтаған даналық сөздер. Бұл нақылдар саудадағы адалдықты, уәде мен келісімнің қадірін, өлшем мен бағаның әділ болуын дәріптейді.

Категориядағы мақалдар сатып алу-сату мәдениетін, кәсіп пен еңбектің бағасын, пайда мен шығынның арақатынасын түсіндіреді. Саудаға қатысты мақал-мәтелдер адамды ұқыптылыққа, есепке, кісілікке және сенімге тәрбиелеп, күнделікті тірлікте дұрыс шешім жасауға бағыт береді.