Қонақ туралы 91
Қонақ туралы қазақ мақал-мәтелдері қонақжайлық, сый-құрмет пен ынтымақтың мәнін қысқа да нұсқа жеткізеді.
91
Мақал-мәтелдер
14.3K
Барлық қаралым
157
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Қонақ қой жемей кетпейді,
Сыйлап құтылғанға жетпейді.
Сыйлап құтылғанға жетпейді.
Күттіруден күту қиын.
Мейман риза болғаны -
Құрметпен үйге қонғаны.
Кешіктірмей шай берсең,
Ұмыт болар тоңғаны.
Құрметпен үйге қонғаны.
Кешіктірмей шай берсең,
Ұмыт болар тоңғаны.
Қонағы көп үйдің баласы тоқ.
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
Мейманның алдында мысығыңа «Пыш!» деме.
Қонақ «тоймадым» демес, «соймадың» дер.
Ізетке арзымаған қонақ төсек былғайды.
Ораздының отыз қонағы бір келеді.
Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.
Тойған қонақтың екі көзі жолда болар.
Күтпеген қонақ - келімсек
Қонағы көп үйдің қазаны құр тұрмайды.
Қонағым, жүре тоярсың.
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Қонақ туралы» мақал-мәтелдер қазақтың қонақжайлық дәстүрін, келген жанға көрсетілер ілтипат пен құрметті бейнелейді. Бұл топтамада үй иесінің мәрттігі, дастарқанның берекесі, қонақтың қадірі мен жол-жоралғыға адалдық секілді құндылықтар сөз болады.
Мұндай нақылдар күнделікті өмірде де, той-томалақ пен басқосуда да тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді: қонақты күту әдебі, сыйласу мәдениеті, үлкенді құрметтеу, елдік пен бірлік идеялары айқын көрінеді. Категория қонақтың орны мен халықтық әдет-ғұрыпты тануға көмектесіп, ұлттық дүниетанымды тереңірек түсіндіреді.