Білім туралы 90
Білім туралы мақал-мәтелдер ақыл, оқу, ғылымның қадірін ұқтырып, адамды ізденіс пен парасатқа бастайды.
90
Мақал-мәтелдер
9.8K
Барлық қаралым
109
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Белгі болса, жолдан адаспас,
Білімді болса, сөзден жаңылмас.
Білімді болса, сөзден жаңылмас.
Қазының қазынасы - білігі,
Байдың қазынасы - түлігі.
Байдың қазынасы - түлігі.
Өзің жақсы ғалым болсаң,
Елге мәшһүр мәлім боларсың.
Елге мәшһүр мәлім боларсың.
Білгеннің жауы - білмеген.
Қараңғының көзі жоқ.
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
Жеті түрлі ілім біл.
Жасыңда ұқпағанды жасай келе түсінерсің.
Білмегенді үйрет,
Жерге соқа салдырып сүйрет.
Жерге соқа салдырып сүйрет.
Шексіз оқу болса да, тексіз оқу жоқ.
Алған сабағың біреу болсын,
Тоқығаның мың болсын.
Тоқығаның мың болсын.
Білгенге - «жыр», білмегенге - «дыр>>.
Білсе - барымта, білмесе - қарымта.
Тұлпар дүлдүлдігінен,
Адам білгірлігінен.
Адам білгірлігінен.
Білмегенді білдір,
Қолына алтын жүзік ілдір.
Қолына алтын жүзік ілдір.
Бұлдыр білген бүлдірер.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Білім туралы» мақал-мәтелдер — оқу, ғылым, ұстаз, еңбекқорлық және ізденістің құнын айқындайтын халық даналығы. Бұл нақылдар білімнің адамды биікке көтеретінін, надандықтың тұсау болатынын қысқа да нұсқа оймен жеткізеді.
Категориядағы мақал-мәтелдер жас ұрпақты кітап оқуға, үйренуден жалықпауға, тәжірибе жинап, ақылды іс қылуға үндейді. Білімді құр сөз емес, күнделікті әрекет пен тәртіп арқылы меңгеру керегін еске салып, өмірлік бағдар береді.
Категориядағы мақал-мәтелдер жас ұрпақты кітап оқуға, үйренуден жалықпауға, тәжірибе жинап, ақылды іс қылуға үндейді. Білімді құр сөз емес, күнделікті әрекет пен тәртіп арқылы меңгеру керегін еске салып, өмірлік бағдар береді.