Ас туралы 237
«Ас туралы» мақал-мәтелдер тағамның қадірін, қонақжайлық пен ырыс-берекені дәріптейді.
237
Мақал-мәтелдер
26.3K
Барлық қаралым
111
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Шажырқайда май болмас.
Жаужұмыр жақсы болса, итке тастар ма еді.
Көже деген тоқ ас,
Түре келсең жоқ ас.
Түре келсең жоқ ас.
Ерді қорласаң, састырар,
Асты қорласаң, құстырар.
Асты қорласаң, құстырар.
Жақсы асын жер,
Жаман басын жер.
Жаман басын жер.
Үйінде асы жоқтың,
Түзде досы болмайды.
Түзде досы болмайды.
Таңдағы тауықтан,
Сол күнгі жұмыртқа артық.
Сол күнгі жұмыртқа артық.
Біреудің палауынан өзімнің көмешім артық.
Айға жетпес асыңды,
Ауылдастан аяма.
Ауылдастан аяма.
Байғұстың асы,
Ауыз тиюмен таусылар.
Ауыз тиюмен таусылар.
Жұтқаның - бұйырғаны,
Шайнағаның - күмән.
Шайнағаның - күмән.
Аздың ашпын дегеніне нанба,
Көптің тоқпын дегеніне нанба.
Көптің тоқпын дегеніне нанба.
Жеген білмес,
Кескен білер.
Кескен білер.
Екі бас, екі басқа малта да ас.
Табағының басқасы болмаса,
бәрі бір тамақ.
бәрі бір тамақ.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Ас туралы» мақал-мәтелдер қазақтың дастарқан мәдениетін, қонақ күту дәстүрін және тағамға деген құрметін бейнелейді. Бұл топтағы нақыл сөздер астың адалдығын, берекенің бастауын, еңбектің жемісін және ризықтың қасиетін ұрпаққа өнеге етіп жеткізеді.
Мұнда ас ішудің әдебі, дастарқан басындағы сыйластық, ысыраптан қашу, қанағат пен шүкір ұғымдары жиі айтылады. Сондай-ақ қонақтың орны, дәм-тұздың тартуы, ортақ табақтың ынтымаққа бастайтыны сияқты түсініктер қысқа да нұсқа түрде түйінделеді.
Мұнда ас ішудің әдебі, дастарқан басындағы сыйластық, ысыраптан қашу, қанағат пен шүкір ұғымдары жиі айтылады. Сондай-ақ қонақтың орны, дәм-тұздың тартуы, ортақ табақтың ынтымаққа бастайтыны сияқты түсініктер қысқа да нұсқа түрде түйінделеді.