Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Қожа - молда туралы 48

Қожа мен молда жайлы мақал-мәтелдер діндарлық, мінез, әділдік пен жалған тақуалықты бейнелейді.

48
Мақал-мәтелдер
4.4K
Барлық қаралым
90
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Тентек молда - телмірген өгіз.
EN 1 тақырыпша 76
Молда ашықса, базар кезеді,
Сопы жұтаса, мазар кезеді.
EN 1 тақырыпша 75
Шала молда - жалтақ,
Сөйлер сөзге шорқақ.
EN 1 тақырыпша 74
Өлейін деп өліп бара жатқаным жоқ,
Молдадан ұялғаннан өліп бара жатырмын.
EN 1 тақырыпша 73
Әкімге қарсы келме,
Күніңе кемшілік келер,
Молдаға қарсы келме,
Дініңе кемшілік келер.
EN 1 тақырыпша 71
Қой аяғы - кілмек,
Қожа аяғы ілмек.
EN 1 тақырыпша 69
Қалтаң құр болса, молда саңырау.
EN 1 тақырыпша 67
Қожа, молда елді аздырады,
Қурай, құмай жерді аздырады.
EN 1 тақырыпша 66
Молдадан хат қалады,
Жақсыдан зат қалады.
EN 1 тақырыпша 66
Құдайдың өзіне дұға үйреткендей.
EN 1 тақырыпша 66
Қожаның қарны тоқ,
Құлымен жұмысы жоқ.
EN 1 тақырыпша 66
Қожа, молда сабақтас.
EN 1 тақырыпша 66
Жаман сопы - тобашыл,
Жаман адам - табашыл.
EN 1 тақырыпша 65
Қожа бардағы күн қайда?
EN 1 тақырыпша 64
Қожа диуанадан телім сұрар.
EN 1 тақырыпша 59

Ең көп қаралған осы тақырыпта

Бұл санатта қожа мен молда туралы қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар ел ішіндегі діни ұғым, имандылық, уағыздың мәні, адалдық пен аманатқа беріктік секілді құндылықтарды қысқа да нұсқа оймен жеткізеді.

Сонымен бірге бұл мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қожа-молданың беделі мен жауапкершілігін, білім мен парасаттың орнын, сондай-ақ екіжүзділік пен жалған діндарлықты әшкерелейтін астарлы сын-сықақты да қамтиды. Осы топтама арқылы дәстүрлі дүниетанымдағы ақыл, тәлім және қоғамдық мінез-құлық өлшемдері танылады.