Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

Білім туралы 90

Білім туралы мақал-мәтелдер ақыл, оқу, ғылымның қадірін ұқтырып, адамды ізденіс пен парасатқа бастайды.

90
Мақал-мәтелдер
9.8K
Барлық қаралым
109
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл.
EN 1 тақырыпша 130
Жер - ырыстың кіндігі,
Білім - ырыстың тізгіні.
EN 2 тақырыпша 128
Қатты жерге егін шықпас,
Қаңсыған басқа білім жұқпас.
EN 1 тақырыпша 128
Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.
EN 1 тақырыпша 127
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
EN 1 тақырыпша 125
Білімсіз адамның сөзі білектей,
Білімді адамның сөзі жібектей.
EN 1 тақырыпша 125
Әрбір ғалым хакім емес,
Әрбір хакім ғалым.
EN 1 тақырыпша 122
Білім сүріндірмейді, білек сүріндіреді.
EN 1 тақырыпша 115
Ғылым - Алланың бір сипаты.
EN 1 тақырыпша 109
Көп сөйлеген білімді емес,
Дөп сөйлеген білімді.
EN 1 тақырыпша 106
Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.
EN 1 тақырыпша 106
Өзің білмес ісіңді
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң наданнан
Қабіріңді жырақ қыл.
EN 1 тақырыпша 106
Білім - ер азығы,
Ер -ел қазығы.
EN 1 тақырыпша 105
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
EN 1 тақырыпша 103
Білімсіздің білмегенін кешірмесең,
Білгенің қайсы.
EN 1 тақырыпша 103

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Білім туралы» мақал-мәтелдер — оқу, ғылым, ұстаз, еңбекқорлық және ізденістің құнын айқындайтын халық даналығы. Бұл нақылдар білімнің адамды биікке көтеретінін, надандықтың тұсау болатынын қысқа да нұсқа оймен жеткізеді.

Категориядағы мақал-мәтелдер жас ұрпақты кітап оқуға, үйренуден жалықпауға, тәжірибе жинап, ақылды іс қылуға үндейді. Білімді құр сөз емес, күнделікті әрекет пен тәртіп арқылы меңгеру керегін еске салып, өмірлік бағдар береді.