Байлық туралы 86
Байлық туралы мақал-мәтелдер еңбектің қадірін, қанағат пен берекенің мәнін қысқа да нұсқа жеткізеді.
86
Мақал-мәтелдер
8.8K
Барлық қаралым
102
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Ата дәулеті балаға сәулет болмайды.
Қорлы саба сарқылмас.
Жарлы байға,
Бай Құдайға жетсем дейді.
Бай Құдайға жетсем дейді.
Барын берген байға сән.
Ашқышың жарамаса, абдыраң безеді.
Бай тамырлас, би құлақтас.
Есепші болмай, бай болмас,
Есер болмай, ер болмас.
Есер болмай, ер болмас.
Жетіскен жеті шапан киер.
Байлық - ұрылықтың жемісі.
Бір байдың жұртына,
Екі байғұс таласады.
Екі байғұс таласады.
Төлге төл қосылса - егіз,
Көлге көл қосылса - теңіз.
Көлге көл қосылса - теңіз.
Ерге дәулет бітерде,
Қарға салса, қаз алар.
Ерден дәулет кетерде,
Лашын салса, аз алар.
Қарға салса, қаз алар.
Ерден дәулет кетерде,
Лашын салса, аз алар.
Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.
Батыр аш болмас.
Қыста ызғар, жазда шаң тимеген.
Бар шабылса, табылар,
Жоқ шабылса, тарығар.
Жоқ шабылса, тарығар.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Байлық туралы» мақал-мәтелдер қазақтың дүние-мүлікке, несібеге, берекеге және адал еңбекке қатысты көзқарасын жинақтайды. Бұл нақылдар бай болудың өлшемі тек ақша емес, ниет, ынсап, еңбекқорлық пен жомарттық екенін еске салады.
Категориядағы мақалдар қанағат пен ысырап, адал табыс пен арам пайда, береке мен ырыс туралы ой салады. Олар адамды дүниеге құнықпауға, қолда бардың қадірін білуге, байлықты ақылмен жұмсауға және елге пайда тигізуге үндейді.
Категориядағы мақалдар қанағат пен ысырап, адал табыс пен арам пайда, береке мен ырыс туралы ой салады. Олар адамды дүниеге құнықпауға, қолда бардың қадірін білуге, байлықты ақылмен жұмсауға және елге пайда тигізуге үндейді.