Ас туралы 237
«Ас туралы» мақал-мәтелдер тағамның қадірін, қонақжайлық пен ырыс-берекені дәріптейді.
237
Мақал-мәтелдер
26.3K
Барлық қаралым
111
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Тау белгісі - тас,
Жомарт белгісі - ас.
Жомарт белгісі - ас.
Алтын қайшы пішкенге жақсы,
Алтын қасық ішкенге жақсы.
Алтын қасық ішкенге жақсы.
Алуа дегенмен ауыз тұшымас.
Жаяушылық тартқанда,
Жүрмес есек ат болар.
Қарын қатты ашңанда,
Қара талқан қант болар.
Жүрмес есек ат болар.
Қарын қатты ашңанда,
Қара талқан қант болар.
Етке тойғанның емі табылмайды.
Қазан ботқаға тоймас.
Ескерген ескі асынан сақтар.
Қомағайдың сыбағасы - бір шөкім ет.
Келеді деп көп қойдым,
Келмеген соң жеп қойдым.
Келмеген соң жеп қойдым.
Түнемел қымыздың ашуы қатты.
Әр астың өз орны бар.
Жеп тоймаған жалап тоймас.
Аш болса, аңдайды,
Тоқ болса, таңдайды.
Тоқ болса, таңдайды.
Дәм айдаса, қалман,
Адам айдаса, барман.
Адам айдаса, барман.
Ас та бір несібе.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Ас туралы» мақал-мәтелдер қазақтың дастарқан мәдениетін, қонақ күту дәстүрін және тағамға деген құрметін бейнелейді. Бұл топтағы нақыл сөздер астың адалдығын, берекенің бастауын, еңбектің жемісін және ризықтың қасиетін ұрпаққа өнеге етіп жеткізеді.
Мұнда ас ішудің әдебі, дастарқан басындағы сыйластық, ысыраптан қашу, қанағат пен шүкір ұғымдары жиі айтылады. Сондай-ақ қонақтың орны, дәм-тұздың тартуы, ортақ табақтың ынтымаққа бастайтыны сияқты түсініктер қысқа да нұсқа түрде түйінделеді.
Мұнда ас ішудің әдебі, дастарқан басындағы сыйластық, ысыраптан қашу, қанағат пен шүкір ұғымдары жиі айтылады. Сондай-ақ қонақтың орны, дәм-тұздың тартуы, ортақ табақтың ынтымаққа бастайтыны сияқты түсініктер қысқа да нұсқа түрде түйінделеді.