Ас туралы 237
«Ас туралы» мақал-мәтелдер тағамның қадірін, қонақжайлық пен ырыс-берекені дәріптейді.
237
Мақал-мәтелдер
26.3K
Барлық қаралым
111
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Тікенексіз құрма тәтті болмас.
Қам қаймақ құстырмай қоймайды.
Тарыны берген кісіден көрейін бе,
Жей білмеген кісіден көрейін бе?!
Жей білмеген кісіден көрейін бе?!
Асағысы келген,
Ұрттағанды ынсап етпейді.
Ұрттағанды ынсап етпейді.
Аспаздың қарны асқанына тояды.
«Жемеймін, жемеймін» деп,
жеңді білектей құйрықты тауысыпты.
жеңді білектей құйрықты тауысыпты.
Жазым болса, быламыққа тіс сынады.
Көженің кенеуі бар,
Қымыздың қызуы бар.
Қымыздың қызуы бар.
Тойсаң, тоқтының еті қи сасиды.
Түсіңде жеген қазыдан,
Өңіңде жеген құйқа артық.
Өңіңде жеген құйқа артық.
Шай ішіп үйренген,
Қымыз сұрап қыстамайды.
Қымыз сұрап қыстамайды.
Төгілгеннен жалап қал.
Құмаршықты, құмаршықтың ішінен
жылан шықты.
жылан шықты.
Ет жүзге жетеді,
Жүзге жетсе де, күзге жетпейді.
Жүзге жетсе де, күзге жетпейді.
Тау белгісі таста,
Бай белгісі аста.
Бай белгісі аста.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Ас туралы» мақал-мәтелдер қазақтың дастарқан мәдениетін, қонақ күту дәстүрін және тағамға деген құрметін бейнелейді. Бұл топтағы нақыл сөздер астың адалдығын, берекенің бастауын, еңбектің жемісін және ризықтың қасиетін ұрпаққа өнеге етіп жеткізеді.
Мұнда ас ішудің әдебі, дастарқан басындағы сыйластық, ысыраптан қашу, қанағат пен шүкір ұғымдары жиі айтылады. Сондай-ақ қонақтың орны, дәм-тұздың тартуы, ортақ табақтың ынтымаққа бастайтыны сияқты түсініктер қысқа да нұсқа түрде түйінделеді.
Мұнда ас ішудің әдебі, дастарқан басындағы сыйластық, ысыраптан қашу, қанағат пен шүкір ұғымдары жиі айтылады. Сондай-ақ қонақтың орны, дәм-тұздың тартуы, ортақ табақтың ынтымаққа бастайтыны сияқты түсініктер қысқа да нұсқа түрде түйінделеді.