Туыс туралы 83
Туыс туралы мақал-мәтелдер туыстықтың қадірін, ағайынның бірлігін, жақындық пен сыйластықты дәріптейді.
83
Мақал-мәтелдер
7.6K
Барлық қаралым
91
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Ағаға ықылас - іні парызы.
Туысы жақын жақын емес,
Қонысы жақын жақын.
Қонысы жақын жақын.
Қан туысынан жан туысы артық.
Аға ұрар болар, іні тұрар болар.
Қасыңдағы күйеуден,
Қарғылаған тазы артық.
Қарғылаған тазы артық.
Жетім бала секілді жездем пақыр.
Жақсы қасиет нағашыдан жұғады.
Апама жездем сай.
Алты қойы артық болса,
Інісі ағасына сәлем бермес.
Інісі ағасына сәлем бермес.
Ай көрмесең, туысың жат,
Жыл көрмесең, досың жат.
Жыл көрмесең, досың жат.
Жиен мыңнан, күйеу жүзден үлкен.
Апаның үйі - кең жайлау.
Құл күйеуге күң жеңге,
Мәмілесі - бір теңге.
Мәмілесі - бір теңге.
Аға жақсы болса, панасы бар,
Жаман болса, жабатын жаласы бар.
Жаман болса, жабатын жаласы бар.
Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл бөлімде туыс туралы қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар отбасы, ағайын-туыс, ата-ана, бауыр арасындағы байланыс пен жауапкершілікті қысқа да нұсқа оймен жеткізеді. Халық даналығы туыстың қадірін білуді, жақынға жанашыр болуды, татулықты сақтауды өсиет етеді.
Туысқа қатысты мақалдар өмірлік тәжірибеден туған: бірлік бар жерде береке болатынын, ал араздық туғанды да жат қылатынын ескертеді. Бұл нақылдар күнделікті қарым-қатынаста, тәрбие мен әдеп туралы әңгімеде, үлкеннің батасында жиі қолданылып, ұрпаққа ортақ құндылықтарды түсіндіруге көмектеседі.