Туыс туралы 83
Туыс туралы мақал-мәтелдер туыстықтың қадірін, ағайынның бірлігін, жақындық пен сыйластықты дәріптейді.
83
Мақал-мәтелдер
7.6K
Барлық қаралым
91
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Мал қонысын іздейді,
Ер туысын іздейді.
Ер туысын іздейді.
Жігіт жақсы болса, нағашысын сұра.
Ырыс қашса да, туыс қашпайды.
Жиен келді дегенше, жеті бөрі келді де.
Аға - қорған, іні - зордан.
Сұрай келе жанындағы әйелің қарын бөле шығады.
Тумаң бар, туысқандай болмайды,
Тұрман бар, құйысқандай болмайды.
Тұрман бар, құйысқандай болмайды.
Апасы киген тонды сіңлісі де киеді.
Күйеу атымен күл шығар.
Қарағай бойы қар жауса,
Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Қиыспайды туысқан.
Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Қиыспайды туысқан.
Балалығың ұстаса, нағашыңа бар,
Жігіттікті сағынсаң, қайныңа бар.
Жігіттікті сағынсаң, қайныңа бар.
Мен де едім сендей ,
Сен де боларсың мендей .
Сен де боларсың мендей .
Төрт аяқтыда бота тату,
Адам баласында бажа тату.
Адам баласында бажа тату.
Оң қолың, сол қолың - бәрі өз қолың.
Бір ауылда мың туысқан болғанша,
Әр ауылда бір туысқан болсын.
Әр ауылда бір туысқан болсын.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл бөлімде туыс туралы қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар отбасы, ағайын-туыс, ата-ана, бауыр арасындағы байланыс пен жауапкершілікті қысқа да нұсқа оймен жеткізеді. Халық даналығы туыстың қадірін білуді, жақынға жанашыр болуды, татулықты сақтауды өсиет етеді.
Туысқа қатысты мақалдар өмірлік тәжірибеден туған: бірлік бар жерде береке болатынын, ал араздық туғанды да жат қылатынын ескертеді. Бұл нақылдар күнделікті қарым-қатынаста, тәрбие мен әдеп туралы әңгімеде, үлкеннің батасында жиі қолданылып, ұрпаққа ортақ құндылықтарды түсіндіруге көмектеседі.
Туысқа қатысты мақалдар өмірлік тәжірибеден туған: бірлік бар жерде береке болатынын, ал араздық туғанды да жат қылатынын ескертеді. Бұл нақылдар күнделікті қарым-қатынаста, тәрбие мен әдеп туралы әңгімеде, үлкеннің батасында жиі қолданылып, ұрпаққа ортақ құндылықтарды түсіндіруге көмектеседі.