Пендешілік көлеңкелері туралы 849
Пендешілік көлеңкелері туралы мақал-мәтелдер: адам әлсіздігі, нәпсі, өкініш пен тәубе жайлы ойлы нақылдар.
849
Мақал-мәтелдер
77.8K
Барлық қаралым
91
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Тебегеннің артынан,
Қабағанның алдынан жүрме.
Қабағанның алдынан жүрме.
Мақтаншақ өз дамбалын былғайды.
Адам басына әңгіртаяқ ойнатады.
Құнанын Құдайындай,
Тайын Тәңіріндей көреді.
Тайын Тәңіріндей көреді.
Екі мүйізі көк тіреген.
Ала жіпті көрген жылан деп қорқады.
Қаңқу сөздің қоспасы көп.
Тентек - жұртқа тентек, өзіне мақұл.
Шапшаңдықтан қашпа,
Аптығуға баспа.
Аптығуға баспа.
Бүк түссе де менікі, .
Шік түссе де менікі.
Шік түссе де менікі.
Екі суайт бірін-бірі иландыра алмайды.
<<Түу» дегенде түкірігі жерге түспейді.
Әрі кіріп, бері шыққан.
Ақшелегі түскендей ақтарылады.
Долы кісі бұтына сиеді.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Пендешілік көлеңкелері туралы» санатында адам болмысының әлсіз тұстары — нәпсі, ашу, қызғаныш, мансапқорлық, сараңдық сияқты қасиеттерді әшкерелейтін мақал-мәтелдер топтастырылған. Бұл нақылдар пенденің қателігін тануға, өз-өзіне сын көзбен қарауға және ар-ұят пен иман таразысын ұмытпауға үндейді.
Осындағы даналық сөздер өмірлік тәжірибеден туған: кейде бір ауыз сөз адамды тәубеге келтіріп, дұрыс жолға бұрады. Пендешіліктің көлеңкесі жүрекке түссе, ақыл тұманданып, қарым-қатынасқа сызат түсіреді деген ой жиі айтылады. Сондықтан бұл санаттағы мақалдар сабыр, қанағат, адалдық, кешірім секілді құндылықтарды алға шығарып, мінезді түзеуге бағыт береді.