Қайраттылық туралы 75
Қайраттылық туралы мақал-мәтелдер ерік-жігер, табандылық пен қиындықты жеңу рухын дәріптейді.
75
Мақал-мәтелдер
10.8K
Барлық қаралым
144
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Жұдырық жең ішінде түйілер.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Қару ұстаған күшті.
Ағаш та ұстаған жерінен сынбайды.
Шар болат шоқта шыңдалады.
Әл керек, айбар керек,
Әлсіз айбар неге керек?
Әлсіз айбар неге керек?
Алмасты алмас кеседі.
Қаттыны жұмсақ жеңеді.
Барымтаға - қарымта.
Болат бүгілмес, шорт сынар.
Әлі жетпеген ақыретшіл.
Қолынан келген қонышынан басар.
Сыйынғаннан сүйенгенің күшті болсын.
Әлсіз әр уақытта да айыпты.
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.
Күші көп жеңеді.
Арба кімдікі болса,
Күпшек сонікі.
Күпшек сонікі.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл бөлімде қайраттылық туралы қазақтың мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар ерік-жігерді шыңдау, мақсатқа беріктік, қажыр-қайрат пен табандылықтың адам өміріндегі маңызын қысқа да нұсқа жеткізеді.
Қайратты адамға тән қасиеттер — еңбекқорлық, төзім, жауапкершілік және қиын сәтте мойымау. Осындағы нақыл сөздер жас ұрпақты жігерлендіріп, үлкенді-кішіліге өмірлік бағыт-бағдар береді.
Қайраттылыққа қатысты мақалдар күнделікті тіршілікте де, оқу-білім мен еңбек жолында да рух беретін өнеге. Олар уақыт сынынан өткен халық даналығы ретінде адамды әрекетке шақырып, алға ұмтылуға үндейді.