Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Денсаулық , Дерт , Қасірет туралы 384

Денсаулық, дерт, қасірет туралы қазақ мақал-мәтелдері өмірдің қадірін, саулықтың бағасын ұқтырады.

384
Мақал-мәтелдер
39K
Барлық қаралым
101
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Өлім - кезек, дау - қонақ.
EN 1 тақырыпша 73
Азын ашпай жарлы өлер,
Көбін ашпай бай өлер.
EN 1 тақырыпша 73
Үйге кірген құр шықпас,
Көрге кірген тірі шықпас.
EN 1 тақырыпша 73
Қитар бір затқа қарап,
Екі нәрсе көреді.
EN 1 тақырыпша 73
Денсаулық - ғанибет,
Сырқаулығы болмаса.
Ер жолдасы - қатыны,
Ақ жаулығы болмаса.
EN 1 тақырыпша 73
Лұқпан мың жасаған.
EN 1 тақырыпша 73
Өлсек, көріміз бір,
Шықсақ, төріміз бір.
EN 1 тақырыпша 73
Қайғың қара көже болсын.
EN 1 тақырыпша 73
Туғаныңды көргенім жоқ,
Өлгеніңе жыламаймын.
EN 1 тақырыпша 73
Қайғың болса, досыңа бар,
Қарның ашса, қосыңа бар.
EN 1 тақырыпша 72
Соқыр - сезгіш, саңырау - көргіш.
EN 1 тақырыпша 72
Желге ұшқан ебелек,
Орға түспей тынар ма?
Отқа асық көбелек,
Өліп тынбай шыдар ма?
EN 1 тақырыпша 72
Қаза көрген жүрек жаралы.
EN 1 тақырыпша 72
Таз ашуын тырнаумен алады.
EN 1 тақырыпша 72
Өлімнен басқаның ертесі жоқ.
EN 1 тақырыпша 72

Ең көп қаралған осы тақырыпта

Бұл санатта денсаулық, дерт және қасірет жайлы қазақтың мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар саулықтың ең үлкен байлық екенін, аурудың алдын алудың маңызын, сабыр мен төзімнің адамға күш беретінін қысқа да нұсқа жеткізеді.

Мақал-мәтелдер арқылы халық ем-домға ғана емес, өмір салтына, еңбек пен тазалыққа, көңіл күй мен рухани қуатқа да мән бергені байқалады. Қасірет пен қиындықты бастан өткергенде қайрат жинап, үміт үзбей, жақсылыққа ұмтылуға үндейтін нақылдар осы бөлімнің өзегін құрайды.