Денсаулық , Дерт , Қасірет туралы 384
Денсаулық, дерт, қасірет туралы қазақ мақал-мәтелдері өмірдің қадірін, саулықтың бағасын ұқтырады.
384
Мақал-мәтелдер
39.1K
Барлық қаралым
101
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Таздың басынан емге бит таппассың.
Тіріде жанға тыным жоқ.
Ескі жұрттың қадірін көшкенде білер,
Қас жақсының қадірін өлгенде білер.
Қас жақсының қадірін өлгенде білер.
Ажалда жаңылыс жоқ.
Сынықтан өзге аурудың бәрі жұғады.
Іші кеткеннің арты білер.
Кещеге бәрі күлкі.
Ауру жан иесіне тәтті.
Қасық асым - қайғысыз басым.
Тал бесікке түскен жер бесікке де түседі.
Жұрт өлгенге келмейді,
Артында қалғанға келеді.
Артында қалғанға келеді.
Арамдықты адалдық жеңеді,
Жамандықты амандық жеңеді.
Жамандықты амандық жеңеді.
Иесіз ауруды жалғыз бақсы бағады.
Өлімнің егізінен сақта.
Ауруға емші көп.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл санатта денсаулық, дерт және қасірет жайлы қазақтың мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар саулықтың ең үлкен байлық екенін, аурудың алдын алудың маңызын, сабыр мен төзімнің адамға күш беретінін қысқа да нұсқа жеткізеді.
Мақал-мәтелдер арқылы халық ем-домға ғана емес, өмір салтына, еңбек пен тазалыққа, көңіл күй мен рухани қуатқа да мән бергені байқалады. Қасірет пен қиындықты бастан өткергенде қайрат жинап, үміт үзбей, жақсылыққа ұмтылуға үндейтін нақылдар осы бөлімнің өзегін құрайды.