Туыс туралы 83
Туыс туралы мақал-мәтелдер туыстықтың қадірін, ағайынның бірлігін, жақындық пен сыйластықты дәріптейді.
83
Мақал-мәтелдер
7.6K
Барлық қаралым
91
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Алғал сөйлеп былғама,
Адал туған ағаны.
Адал туған ағаны.
Аға адасса, іні із кесер.
Нағашы алған торықпас,
Жиен алған молықпас.
Жиен алған молықпас.
Қаба-қаба сөйлейтін,
Қарындастың бары жақсы.
Қарындастың бары жақсы.
Нағашы - бәйтерек, жиен - қотыр тайлақ.
Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.
Амандық - ағадан.
Түбі бір түтпейді,
Туысы бір түртпейді.
Туысы бір түртпейді.
Інің ағаңдай болмас,
Ағаң атаңдай болмас.
Ағаң атаңдай болмас.
Бөле берік емес,
Итмұрын өрік емес.
Итмұрын өрік емес.
Жаман болса туысьң,
Туыспай-ақ құрысын.
Туыспай-ақ құрысын.
Жаман болса ағамыз,
Жақсыны қайдан табамыз?
Жақсыны қайдан табамыз?
Туысы бірдің уысы бір.
Балта сабынан озбас.
Жақының өлсе қойысқан,
Атың өлсе сойысқан,
Жауың келсе қуысқан,
Бәрінен жақсы туысқан.
Атың өлсе сойысқан,
Жауың келсе қуысқан,
Бәрінен жақсы туысқан.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл бөлімде туыс туралы қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар отбасы, ағайын-туыс, ата-ана, бауыр арасындағы байланыс пен жауапкершілікті қысқа да нұсқа оймен жеткізеді. Халық даналығы туыстың қадірін білуді, жақынға жанашыр болуды, татулықты сақтауды өсиет етеді.
Туысқа қатысты мақалдар өмірлік тәжірибеден туған: бірлік бар жерде береке болатынын, ал араздық туғанды да жат қылатынын ескертеді. Бұл нақылдар күнделікті қарым-қатынаста, тәрбие мен әдеп туралы әңгімеде, үлкеннің батасында жиі қолданылып, ұрпаққа ортақ құндылықтарды түсіндіруге көмектеседі.