Туыс туралы 83
Туыс туралы мақал-мәтелдер туыстықтың қадірін, ағайынның бірлігін, жақындық пен сыйластықты дәріптейді.
83
Мақал-мәтелдер
7.6K
Барлық қаралым
91
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Інінің реті - тас қару,
Ағаның жолы - басқару.
Ағаның жолы - басқару.
Жиен неге ел болмайды, малы болса;
Желке неге ас болмайды, майы болса.
Желке неге ас болмайды, майы болса.
Ағайын өзгеге қиса да, өлімге қимайды.
Құс жаманы - шажа, ілік жаманы - бажа.
Су сүзілмейді, сүйек үзілмейді.
Ағайын бірде араз, бірде тату.
Аға - бор, іні - тас.
Ағаға қарап іні өсер.
Өз ағасын ағалай алмаған
Кісі ағасын жағалай алмас.
Кісі ағасын жағалай алмас.
Бірге туғаннан ірге туған жақсы .
Су ағады сағадан,
Жол болады ағадан.
Жол болады ағадан.
Бажа бажаны көрсе, басы қышиды.
Өз жұртың - күншіл,
Қайын жұртың - сыншыл,
Нағашы жұртың - шыншыл.
Қайын жұртың - сыншыл,
Нағашы жұртың - шыншыл.
Күйеу қартайса, жиен болады.
Нағашымен күрессе, жығылар.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл бөлімде туыс туралы қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар отбасы, ағайын-туыс, ата-ана, бауыр арасындағы байланыс пен жауапкершілікті қысқа да нұсқа оймен жеткізеді. Халық даналығы туыстың қадірін білуді, жақынға жанашыр болуды, татулықты сақтауды өсиет етеді.
Туысқа қатысты мақалдар өмірлік тәжірибеден туған: бірлік бар жерде береке болатынын, ал араздық туғанды да жат қылатынын ескертеді. Бұл нақылдар күнделікті қарым-қатынаста, тәрбие мен әдеп туралы әңгімеде, үлкеннің батасында жиі қолданылып, ұрпаққа ортақ құндылықтарды түсіндіруге көмектеседі.