Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Ой туралы 76

Ой туралы мақал-мәтелдер ақыл, терең толғаныс пен дұрыс шешімнің қадірін ұғындырады.

76
Мақал-мәтелдер
10.6K
Барлық қаралым
138
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Ой түбінде алтын бар,
Ойлай берсең, табарсың.
Қанша ұзақ болғанмен,
Жүре берсең, барарсың.
EN 1 тақырыпша 345
Ертеңін ойламаған еркектен без.
EN 1 тақырыпша 339
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
EN 1 тақырыпша 277
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған -
Адамдықтың белгісі.
EN 1 тақырыпша 265
Көңілдегі көрікті ойдың
Ауыздан шыққанда өңі қашады.
EN 1 тақырыпша 246
Ойлай берсең дана боларсың,
Ойнай берсең бала боларсың.
EN 1 тақырыпша 243
Қиынға қиналмаған оңайға ойланбайды.
EN 1 тақырыпша 217
Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.
EN 1 тақырыпша 197
Қыстың қамын жаз ойла,
Жаздың қамын қыс ойла.
EN 2 тақырыпша 194
Әркімнің бір ойы бар,
Қорасында мың қойы бар.
EN 1 тақырыпша 179
Ойлай берсең, ой да көп, сана да көп,
Ойнай берсең, ой да жоқ, сана да жоқ.
EN 1 тақырыпша 175
Түйедей бой бергенше,
Түймедей ой бер.
EN 1 тақырыпша 171
Ойы шолақ адамның ісі олақ.
EN 1 тақырыпша 166
Айнаға үйір бойын түзейді,
Халыққа үйір ойын түзейді.
EN 1 тақырыпша 166
Оқу ойдан артық емес.
EN 1 тақырыпша 160
Алдыңғы
1 2 ... 6
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Ой туралы» мақал-мәтелдер адам санасының қуаты, ақылдың өлшемі және терең толғаныстың өмірдегі орны жайлы баяндайды. Бұл топқа ойланбай айтылған сөздің салдары, асығыс шешімнің зияны, ал байыппен ой қорыту мен парасатты пайымның пайдасы туралы нақылдар кіреді.

Мұндай мақалдар күнделікті тұрмыста да, тәрбие мен білімде де жиі қолданылады: адамды сабырға, дәлелге сүйенуге, әр істің ақырына көз жіберуге шақырады. Ойды жүйелеу, сөзді таразылау, ниет пен мақсатты айқындау сияқты құндылықтарды дәріптеп, дұрыс ой — дұрыс қадамға бастайтынын еске салады.