Имандылық иірімдері туралы 523
Имандылық туралы қазақ мақал-мәтелдері: ар-ождан, адалдық, мейірім мен рухани тәрбиеге жетелер нақылдар.
523
Мақал-мәтелдер
70.8K
Барлық қаралым
135
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Таң атпайын десе, Күн қоймайды,
Өтірікті қуалап, шын қоймайды.
Өтірікті қуалап, шын қоймайды.
Жақсы болсаң жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген;
Таза болсаң судай бол,
Бәрін жуып кетірген.
Бәрін шыдап көтерген;
Таза болсаң судай бол,
Бәрін жуып кетірген.
Әрлі болғанша, арлы бол.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар, ұят керек әр уақытта.
Ар, ұят керек әр уақытта.
Талабы жоқ жас ұлың
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Адамгершілігі ниетінде.
Жауды күшті деме,
Ерлік етсең - жығасың.
Тауды биік деме,
Талап етсең - шығасың.
Ерлік етсең - жығасың.
Тауды биік деме,
Талап етсең - шығасың.
Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.
Сый қылсаң, сыпыра қыл.
Көңіл - сөздің сандығы.
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Қоянды қамыс өлтіреді.
Көңілден көңіл су ішеді.
Сын түзелмей, мін түзелмейді.
Өзіңді өзің сыйламасаң,
Өзгеден сый күтпе.
Өзгеден сый күтпе.
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
Жаман сыйлағанды білмейді.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Имандылық иірімдері туралы» санатында адам бойындағы ар-ождан, адалдық, ұят, мейірім, сабыр секілді қасиеттерді ұлықтайтын қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Бұл нақылдар иманның тек діни ұғым емес, күнделікті мінез-құлық, ниет тазалығы, әділ сөз бен тура істің өлшемі екенін ұқтырады.
Мұндағы мақалдар үлкенді құрметтеу, кішіні қорғау, аманатқа беріктік, нәпсіні тию, жақсылықты жария қылмай жасау сияқты өмірлік қағидаларды бекітеді. Санат оқырманға рухани тәлім беріп, отбасылық тәрбиеде, сөз мәдениетінде және адамгершілік таңдауда бағыт-бағдар ұсынатын даналық қазынасын ашады.
Мұндағы мақалдар үлкенді құрметтеу, кішіні қорғау, аманатқа беріктік, нәпсіні тию, жақсылықты жария қылмай жасау сияқты өмірлік қағидаларды бекітеді. Санат оқырманға рухани тәлім беріп, отбасылық тәрбиеде, сөз мәдениетінде және адамгершілік таңдауда бағыт-бағдар ұсынатын даналық қазынасын ашады.