Денсаулық , Дерт , Қасірет туралы 384
Денсаулық, дерт, қасірет туралы қазақ мақал-мәтелдері өмірдің қадірін, саулықтың бағасын ұқтырады.
384
Мақал-мәтелдер
39.1K
Барлық қаралым
101
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Өмірді өлім тұсайды.
Сақау алыстан сайрамаса,
Үйіне жеткенше дауысы шықпайды.
Үйіне жеткенше дауысы шықпайды.
Иманды адам айт күні өледі.
Күйікті күлкі сүймейді.
Өткен қайтып оралмас,
Өлген қайтып тірілмес.
Өлген қайтып тірілмес.
Жеткіншектен айырылған,
Жер таянбай тұрмайды.
Жер таянбай тұрмайды.
Өлім - тіршіліктің елесі.
Пұшыққа айна ұсынсаң, ашуландырасың.
Ажалды тышқанға аш мысық тап келер.
Діңкелеген дәрменсізге мұңын шағады.
Ауырған азап шегеді.
Зорлықшыл зорлықтан қаза табады.
Жау болжаусыз, ажал болжаусыз.
Кісісі буынып өлген үйде,
Жіпті ауызға алмайды.
Жіпті ауызға алмайды.
Түздегі май құсса, үйдегі қан құсады.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл санатта денсаулық, дерт және қасірет жайлы қазақтың мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар саулықтың ең үлкен байлық екенін, аурудың алдын алудың маңызын, сабыр мен төзімнің адамға күш беретінін қысқа да нұсқа жеткізеді.
Мақал-мәтелдер арқылы халық ем-домға ғана емес, өмір салтына, еңбек пен тазалыққа, көңіл күй мен рухани қуатқа да мән бергені байқалады. Қасірет пен қиындықты бастан өткергенде қайрат жинап, үміт үзбей, жақсылыққа ұмтылуға үндейтін нақылдар осы бөлімнің өзегін құрайды.