Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Төре туралы 35

Төре туралы мақал-мәтелдер билік, тектілік, әділдік пен ел басқару жөніндегі халық даналығын жинақтайды.

35
Мақал-мәтелдер
4.6K
Барлық қаралым
132
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Арғымақ аттың баласы,
Аз оттап, көп жусайды.
Хан, төренің баласы,
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
1 EN 1 тақырыпша 287
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
EN 1 тақырыпша 282
Таста тамыр жоқ,
Төреде бауыр жоқ.
EN 1 тақырыпша 258
Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.
EN 1 тақырыпша 231
Жер төбесіз, ел төресіз болмайды.
EN 2 тақырыпша 173
Су перісі - сұлтан.
EN 2 тақырыпша 162
Төре - төр иесі.
EN 1 тақырыпша 150
Қожаны көрсең, Қыдыр тұт,
Төрені көрсең, қадір тұт.
EN 1 тақырыпша 144
Төресіз ел болмас,
Төбесіз жер болмас.
EN 2 тақырыпша 144
Жер бастырығы - тау,
Ел бастырығы - бек.
EN 2 тақырыпша 137
Тірілігіміздің билігі «Арқар» ұранды төреде. Өліміміздің билігі «Алдияр» ұранды қожада.
EN 1 тақырыпша 129
Төре айғақ болса, бітім болмас,
Төбе тайғақ болса, шығып болмас.
EN 1 тақырыпша 127
Күшті есіктен кірсе,
Төре түндіктен шығады.
EN 1 тақырыпша 124
Бек берсе, бетіне қарама.
EN 1 тақырыпша 122
Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.
EN 1 тақырыпша 118
Алдыңғы
1 2 3
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Төре туралы» мақал-мәтелдер — ел басқарған, төрелік айтқан, тектілік пен тәртіпке жауапты тұлғаларға қатысты қалыптасқан халық нақылдары. Бұл топта биліктің салмағы, сөздің құны, әділ төрелік, ақыл-парасат пен жауапкершілік сияқты ұғымдар кең көрініс табады.

Категориядағы мақал-мәтелдер төренің ел ішіндегі орны мен міндетін, жақсы басшының сипатын, әділетсіз төреліктің зардабын астарлап жеткізеді. Олар қоғамдағы тәртіп пен ынтымақты сақтаудың жолын, үлкенге құрмет пен заңға бағынудың маңызын да еске салады. Төре туралы нақылдар тарих пен дәстүрді танытып, бүгінгі оқырманға да өнеге береді.