Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Төре туралы 35

Төре туралы мақал-мәтелдер билік, тектілік, әділдік пен ел басқару жөніндегі халық даналығын жинақтайды.

35
Мақал-мәтелдер
3.1K
Барлық қаралым
89
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Арғымақ аттың баласы,
Аз оттап, көп жусайды.
Хан, төренің баласы,
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
EN 1 тақырыпша 223
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
EN 1 тақырыпша 196
Таста тамыр жоқ,
Төреде бауыр жоқ.
EN 1 тақырыпша 189
Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.
EN 1 тақырыпша 179
Су перісі - сұлтан.
EN 2 тақырыпша 118
Жер төбесіз, ел төресіз болмайды.
EN 2 тақырыпша 117
Қожаны көрсең, Қыдыр тұт,
Төрені көрсең, қадір тұт.
EN 1 тақырыпша 107
Төресіз ел болмас,
Төбесіз жер болмас.
EN 2 тақырыпша 103
Төре - төр иесі.
EN 1 тақырыпша 98
Жер бастырығы - тау,
Ел бастырығы - бек.
EN 2 тақырыпша 93
Төре айғақ болса, бітім болмас,
Төбе тайғақ болса, шығып болмас.
EN 1 тақырыпша 90
Күшті есіктен кірсе,
Төре түндіктен шығады.
EN 1 тақырыпша 85
Төресі мен төбесі бар ел алыстан көрінеді.
EN 1 тақырыпша 79
Бек берсе, бетіне қарама.
EN 1 тақырыпша 78
Бар жақсыңды төреден аяма,
Арқаңды іргесіне таяма.
EN 1 тақырыпша 77
Алдыңғы
1 2 3
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Төре туралы» мақал-мәтелдер — ел басқарған, төрелік айтқан, тектілік пен тәртіпке жауапты тұлғаларға қатысты қалыптасқан халық нақылдары. Бұл топта биліктің салмағы, сөздің құны, әділ төрелік, ақыл-парасат пен жауапкершілік сияқты ұғымдар кең көрініс табады.

Категориядағы мақал-мәтелдер төренің ел ішіндегі орны мен міндетін, жақсы басшының сипатын, әділетсіз төреліктің зардабын астарлап жеткізеді. Олар қоғамдағы тәртіп пен ынтымақты сақтаудың жолын, үлкенге құрмет пен заңға бағынудың маңызын да еске салады. Төре туралы нақылдар тарих пен дәстүрді танытып, бүгінгі оқырманға да өнеге береді.