Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Бақыт туралы 50

Бақыт туралы қазақ мақал-мәтелдері өмірдің мәнін, қуаныш пен қанағаттың құнын қысқа да нұсқа жеткізеді.

50
Мақал-мәтелдер
6.7K
Барлық қаралым
134
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Таудай талап бергенше,
Бармақтай бақ бер.
EN 1 тақырыпша 544
Бақ кейде тауып қонады,
Кейде ауып қонады.
Тауып қонса, ескертеді,
Ауып қонса, есіртеді.
EN 1 тақырыпша 315
Білім - бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы.
EN 1 тақырыпша 181
Шыбынның басына бақ қонса,
Самұрық келіп сәлем береді.
EN 1 тақырыпша 177
Тақ пен бақ егіз.
EN 1 тақырыпша 176
Татулық - табылмайтын бақыт.
EN 1 тақырыпша 173
Керіскеннің кесірі келген бақты кетірер.
EN 1 тақырыпша 168
Қайратты ерге мал тұрар,
Өнерлі ерге бақ тұрар.
EN 1 тақырыпша 153
Ер жігіттің:
аты жақсы болса - бір бақыт,
жары жақсы болса - бір бақыт.
EN 1 тақырыпша 151
Бақ қонатын адамның ,
Ұлы епті , қызы көрікті болады.
EN 1 тақырыпша 150
Бақыт - қолдың кірі.
EN 1 тақырыпша 145
Тату үйдің бақыты тасыр,
Араз үйдің ырысы қашар.
EN 1 тақырыпша 144
Бақыттың көзі соқыр:
не тазға, не ақылы азға қонады.
EN 1 тақырыпша 144
Бақыт кілті - еңбекте.
EN 1 тақырыпша 143
Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.
EN 1 тақырыпша 137
Алдыңғы
1 2 ... 4
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

Бұл бөлімде бақыт туралы қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар адамның бақыты байлықта ғана емес, еңбек, ниет, денсаулық, отбасы, бірлік және шүкіршілік сияқты құндылықтарда екенін меңзейді.

Бақыт жайлы нақыл сөздер әр кезеңде ой салатын тәлім береді: өзгені құрметтеу, адалдықты сақтау, жақсы істің қайтарымы барын ұғыну. Осы мақал-мәтелдер арқылы қазақ дүниетанымындағы бақыттың өлшемі мен оған апарар жол айқындалады.