Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Басшы туралы 44

Басшы туралы мақал-мәтелдер: көшбасшылық, әділдік, жауапкершілік пен ел басқару жөніндегі халық даналығы.

44
Мақал-мәтелдер
6.7K
Барлық қаралым
152
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.
1 EN 2 тақырыпша 413
Басшысын таппаған ел азады,
Жолдасын таппаған ер азады.
EN 1 тақырыпша 293
Ақылды басшы алдырмас.
EN 1 тақырыпша 266
Батыр қол бастар,
Шешен сөз бастар,
Көсем жол бастар.
EN 1 тақырыпша 257
Көреген басшы елді өсіреді,
Күшті майдан ерді өсіреді.
EN 1 тақырыпша 254
Көпті жаман басшы тоздырады,
Жақсы басшы оздырады.
EN 1 тақырыпша 249
Сөйлей-сөйлей шешен,
Көре-көре көсем боласың.
EN 1 тақырыпша 228
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел.
EN 1 тақырыпша 201
Көпке сөзің ұнаса - шешендіктің белгісі ,
Көп ішінде сөйлеген - көсемдіктің белгісі.
EN 1 тақырыпша 186
Елуде - ел ағасы.
EN 1 тақырыпша 180
Керуенбасы білікті болса, түйе азбайды;
Қолбасы білікті болса, сарбазы азбайды.
EN 1 тақырыпша 168
Көргені жақсы көш бастар.
EN 1 тақырыпша 162
Ел ағасы іріткішіл болса,
Елін жауы шабар.
EN 1 тақырыпша 159
Жүзден біреу - шешен,
Мыңнан біреу - көсем.
EN 1 тақырыпша 158
Мың қосшыға бір басшы.
EN 1 тақырыпша 154
Алдыңғы
1 2 3
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Басшы туралы» мақал-мәтелдер – ел басқару, жетекшілік ету, әділ шешім, тәртіп пен жауапкершілік жайлы халықтың өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздер. Бұл топтағы даналық ойлар басшының мінезі, сөзі мен ісінің бірлігі, қарашаға қамқорлығы, қиын шақта дұрыс бағыт көрсете білуі сияқты қасиеттерді бағалайды.

Мұндай мақал-мәтелдер жақсы басшының елді ұйыстырып, еңбекке жұмылдыратынын, ал әділетсіз, менмен жетекшінің берекені қашыратынын еске салады. Сондай-ақ олар бағыныштының да міндетін, бірлік пен ынтымақтың маңызын, кеңес пен парасаттың жетекшіге тірек болатынын көркем түрде жеткізеді.