Байлық туралы 86
Байлық туралы мақал-мәтелдер еңбектің қадірін, қанағат пен берекенің мәнін қысқа да нұсқа жеткізеді.
86
Мақал-мәтелдер
8.8K
Барлық қаралым
102
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Байдың малы ортақ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ.
Бірде бар да, бірде жоқ.
Бірде бар да, бірде жоқ.
Ішкені алдында, ішпегені артында.
Мұртын балта шаппайды.
Бай байыған сайын қалтырайды.
Бай болсаң аспа,
Жоқ болсаң саспа.
Жоқ болсаң саспа.
Байдан пайда құтылмас.
Келген - дәулет, кеткен - бейнет.
Байдың малы ардақты,
Жарлының жаны ардақты.
Жарлының жаны ардақты.
Дүние кейде орта, кейде толы.
Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
Байдан жұғар, балдан тамар.
Түгін тартса, түбінен май шығады.
Бермесе де бай жақсы,
Жемесе де май жақсы.
Жемесе де май жақсы.
Бір-бірлеп мың болар,
Тама-тама көл болар.
Тама-тама көл болар.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Байлық туралы» мақал-мәтелдер қазақтың дүние-мүлікке, несібеге, берекеге және адал еңбекке қатысты көзқарасын жинақтайды. Бұл нақылдар бай болудың өлшемі тек ақша емес, ниет, ынсап, еңбекқорлық пен жомарттық екенін еске салады.
Категориядағы мақалдар қанағат пен ысырап, адал табыс пен арам пайда, береке мен ырыс туралы ой салады. Олар адамды дүниеге құнықпауға, қолда бардың қадірін білуге, байлықты ақылмен жұмсауға және елге пайда тигізуге үндейді.
Категориядағы мақалдар қанағат пен ысырап, адал табыс пен арам пайда, береке мен ырыс туралы ой салады. Олар адамды дүниеге құнықпауға, қолда бардың қадірін білуге, байлықты ақылмен жұмсауға және елге пайда тигізуге үндейді.