Туыс туралы 83
Туыс туралы мақал-мәтелдер туыстықтың қадірін, ағайынның бірлігін, жақындық пен сыйластықты дәріптейді.
83
Мақал-мәтелдер
7.6K
Барлық қаралым
91
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
"Сіз", "біз' деген жылы сөз, ағайынға жарасар.
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Күйеу күл астында.
Бөлем,
бөлем үшін өлем.
бөлем үшін өлем.
Ағаның үйі - ақ мешіт.
Бөлемісің?
Бөлені көре тұра өлемісің?
Бөлені көре тұра өлемісің?
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Інісі бардың тынысы бар.
Жиеннің назары жаман.
Жиен ел болмас,
Желке ас болмас.
Желке ас болмас.
Үйдің жақсы болмағы ағашынан,
Ердің жақсы болмағы нағашыдан.
Ердің жақсы болмағы нағашыдан.
Ағайынның азары болса да, безері болмайды.
Жаман күйеу - қайыншыл.
Жеңім жаман болса да, жағам жақсы;
Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.
Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.
Ағайын - ағайынның айнасы.
Жаман туыстан жат артық.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл бөлімде туыс туралы қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар отбасы, ағайын-туыс, ата-ана, бауыр арасындағы байланыс пен жауапкершілікті қысқа да нұсқа оймен жеткізеді. Халық даналығы туыстың қадірін білуді, жақынға жанашыр болуды, татулықты сақтауды өсиет етеді.
Туысқа қатысты мақалдар өмірлік тәжірибеден туған: бірлік бар жерде береке болатынын, ал араздық туғанды да жат қылатынын ескертеді. Бұл нақылдар күнделікті қарым-қатынаста, тәрбие мен әдеп туралы әңгімеде, үлкеннің батасында жиі қолданылып, ұрпаққа ортақ құндылықтарды түсіндіруге көмектеседі.