Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Жолдас туралы 35

Жолдас туралы мақал-мәтелдер достықтың қадірін, адалдық пен бірлік мәнін қысқа да нұсқа жеткізеді.

35
Мақал-мәтелдер
6.1K
Барлық қаралым
174
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Бір көрген - біліс,
Екі көрген - таныс.
EN 1 тақырыпша 480
Тең теңімен, тезек қабымен.
EN 1 тақырыпша 372
Ат жаманы жолда қалдырар,
Жолдас жаманы қолда қалдырар.
EN 1 тақырыпша 306
Жақсы жолдас ерттім дегенше,
Жарты жолдан өттім де.
EN 1 тақырыпша 289
Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер,
Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.
EN 1 тақырыпша 269
Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл.
EN 1 тақырыпша 245
Өзіңнен жолдасың мықты болсын.
EN 1 тақырыпша 217
Жолдасың жақсы болса, жолым ұзақ деме,
Жолдасың жаман болса, қолым ұзын деме.
EN 1 тақырыпша 199
Жолдан қосылған жолдас болмайды.
EN 1 тақырыпша 194
Жалған жолдас көзіңе мақтар,
Сырт айналып сойылын баптар.
EN 1 тақырыпша 177
Жаман жігіт жолдасын жауға алдырар,
Өзін ұятқа қалдырар.
EN 1 тақырыпша 168
Жолдасың жаман болса,
Алыс жүріп түн қатпа;
Қатының жаман болса,
Кісі алдында тіл қатпа.
EN 1 тақырыпша 168
Жолдасты жол айырады.
EN 1 тақырыпша 167
Жігіт жолдасымен белгілі.
EN 1 тақырыпша 163
Жолдасы көптің қолдасы көп.
EN 1 тақырыпша 161
Алдыңғы
1 2 3
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Жолдас туралы» мақал-мәтелдер қазақтың достыққа, серіктестікке және адамдыққа қатысты өмірлік тәжірибесін жинақтайды. Бұл нақыл сөздер жолдастың сын сағатта танылатынын, қиындықта демеу болып, қуанышта бірге болудың қадірін айқын көрсетеді.

Категориядағы мақал-мәтелдер адал жолдас пен жалған достың айырмасын, татулық пен сенімнің күшін, бірліктің берекесін суреттейді. Жас ұрпаққа дос таңдаудың өлшемін үйретіп, қарым-қатынастағы сыйластық, уәдеге беріктік, өзара қолдау секілді құндылықтарды насихаттайды.