Су туралы 148
Су туралы мақал-мәтелдер — тіршілік, тазалық, береке мен үнемділік туралы халық даналығы.
148
Мақал-мәтелдер
24.7K
Барлық қаралым
167
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Ағын су ақ татыр,
Ақ шабағы бал татыр.
Ақ шабағы бал татыр.
Жердің бақыты тайса,
Су сайға құлайды.
Су сайға құлайды.
Шөлдегенге сағым су болып көрінер.
Жаманға ақыл айтсаң, алдайды дер,
Жаман атпен су кешсе, жалдайды дер.
Жаман атпен су кешсе, жалдайды дер.
Су келтірер бір кісі,
Егін егер мың кісі.
Егін егер мың кісі.
Нұр - Ай сұлулығы,
Су - сай сұлулығы.
Су - сай сұлулығы.
Бектің бұлағынан су ішпе.
Ердің ісі - келісу,
Ездің ісі - керісу.
Ездің ісі - керісу.
Сұлу дегенге су да риза.
Алыстан үрген ит қаппас,
Төбеге төменнен су ақпас.
Төбеге төменнен су ақпас.
Құлындаған байталдан,
Құдықтағы су артылмайды.
Құдықтағы су артылмайды.
Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді.
Ақымақ артын ойламас,
Аласа суға бойламас.
Аласа суға бойламас.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Су туралы» мақал-мәтелдер қазақтың табиғатпен етене тіршілігін, судың қадір-қасиетін және оның өмірдегі орнын бейнелейді. Су — тіршіліктің көзі, ырыс-берекенің бастауы болғандықтан, бұл топтағы нақылдар адамды үнемшілдікке, тазалыққа, қанағатқа және жауапкершілікке үндейді.
Бұл категориядағы мақал-мәтелдерде суға құрмет көрсету, көзін ашу, ысырап етпеу сияқты ұғымдар жиі айтылады. Сондай-ақ, су арқылы адам мінезі, бірлік пен татулық, еңбектің нәтижесі салыстырмалы түрде жеткізіліп, тәрбиелік мәні күшейеді. Су жайлы мақалдар — күнделікті тұрмысқа да, дүниетанымға да бағыт беретін өмірлік өсиет.