Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Кәсіп туралы 80

Кәсіп туралы мақал-мәтелдер еңбек, шеберлік, адал нәпақа және табысқа жетудің жолын дәріптейді.

80
Мақал-мәтелдер
7.9K
Барлық қаралым
99
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Зергердің түбі - зейнет,
Делдалдың түбі - бейнет.
EN 1 тақырыпша 73
Еңбеққордың ерні майлы,
Жалқаудың басы қаңғы.
EN 1 тақырыпша 73
Атты қойшы - ашулы қойшы.
EN 1 тақырыпша 72
Зергердің пірі - Дәуіт пайғамбар.
EN 1 тақырыпша 72
Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.
EN 1 тақырыпша 72
Етікшіден құлаш қаш,
Бізі тиер көзіңе,
Тілі тиер өзіңе.
EN 1 тақырыпша 71
Жайлауды жайлап білмеген,
Малды айдап білмейді.
EN 1 тақырыпша 71
Ат жақсысы керуеннен,
Зат жақсысы шеберден.
EN 1 тақырыпша 70
Жаза баспас мерген болмас,
Жаңылмас жан болмас.
EN 1 тақырыпша 68
Диқан жауында тыяды,
Балықшы дауылда тыяды.
EN 1 тақырыпша 68
Түйелі қойшы - тұрған қойшы,
Төбесінен ұрған қойшы.
EN 1 тақырыпша 68
Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген.
EN 1 тақырыпша 68
Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан жарылқасын.
EN 1 тақырыпша 65
Диқан болсаң, сүдігеріңді сайла,
Шаруа болсаң, малыңның шөбін сайла.
EN 1 тақырыпша 65
Зергер білімді болса зейнет,
Білімсіз болса бейнет береді.
EN 1 тақырыпша 64

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Кәсіп туралы» мақал-мәтелдер қазақтың еңбекке, адал табысқа және шеберлікке қатысты өмірлік қағидаларын жинақтайды. Бұл топтағы нақыл сөздер кәсіптің адамды өсіретінін, талап пен төзімнің нәтижеге жеткізетінін, еріншектік пен салғырттықтың кесірін қысқа да нұсқа жеткізеді.

Категориядағы мәтіндер егіншілік, сауда, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты түрлі кәсіптің қадірін танытып, «еңбек етсең – емерсің» деген ойды бекітеді. Сондай-ақ адалдық, ұқыптылық, уақытты бағалау, кәсіпті меңгеру мен тәжірибені арттыру секілді құндылықтарды насихаттап, жасқа да, үлкенге де бағыт-бағдар береді.