Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Әйел заты туралы 129

Әйел заты туралы қазақ мақал-мәтелдері: ана, жар, қыз тәрбиесі мен отбасы құндылығын дәріптейтін нақыл сөздер.

129
Мақал-мәтелдер
15.4K
Барлық қаралым
119
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Күзгі күннің көзіне қызыңды қой,
Көктемнің күніне келініңді қой.
EN 1 тақырыпша 90
Қызға қараған күн - айсыз қараңғы түн.
EN 1 тақырыпша 89
Қыдырмашыл шешенің қызы бастаңғышыл.
EN 1 тақырыпша 89
Қыз - ауылдың көркі,
Құндыз болса, бөркі.
EN 1 тақырыпша 89
Жерді шым, елді қыз біріктіреді.
EN 1 тақырыпша 89
Ақылды қызға ана көп,
Аяулы жанға пана көп.
EN 1 тақырыпша 88
Қатты айтқан қарындасқа жақпайды.
EN 1 тақырыпша 88
Қызды ауылдың иті жатпас.
EN 1 тақырыпша 88
Қыздың көркі - кигені,
Жігіттің көркі - сүйгені.
EN 1 тақырыпша 87
Бір қызымнан бір қызым сорақы.
EN 1 тақырыпша 87
Қыз жоқ жерде қызық жоқ.
EN 1 тақырыпша 87
Қызды таныс алады,
Таныс алмаса, қоныс алады.
EN 1 тақырыпша 86
Жігіт қыз таңдайды,
Қыз жігіт талғайды.
EN 1 тақырыпша 85
Өткелден өткенше қызынды алайын,
Өткен соң аузынды ұрайын.
EN 1 тақырыпша 85
Бесін болса, күн тұрмас,
Күйеу келсе, қыз тұрмас.
EN 1 тақырыпша 84

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Әйел заты туралы» мақал-мәтелдер – қазақ дүниетанымындағы ананың қадірі, әйелдің орны, отбасының берекесі мен ұрпақ тәрбиесі жайлы терең ойды жинақтаған нақыл мұра. Бұл топтағы сөздер әйелдің мейірімін, парасатын, сабырын, еңбекқорлығын, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілігін бейнелейді.

Категорияда анаға құрмет, жарға сыйластық, қыздың ибасы мен тәрбиесі, шаңырақтың ынтымағы сияқты тақырыптар кең көрініс табады. Мақал-мәтелдер арқылы ұрпаққа өнеге беріліп, отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қағидалар насихатталады.