Пәле , Дау туралы 97
Пәле мен дау туралы мақал-мәтелдер даудың себебі, сақтану, сабыр және әділ шешім жайлы халық даналығын жинақтайды.
97
Мақал-мәтелдер
10.7K
Барлық қаралым
110
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Жанын аямаған жау алады,
Малын аямаған дау алады.
Малын аямаған дау алады.
Айран ішкен құтылады,
Шелек жалаған тұтылады.
Шелек жалаған тұтылады.
Жортушының басы жолда қалады.
Қылыш түбі - ұрыс.
Үндемеген үйдей пәледен құтылады.
Зекетсіздің малы арам,
Тілсіздің дауы арам.
Тілсіздің дауы арам.
Жазыққа - жаза, айыпқа - әнжі.
Сауға сұраймын деп дауға қалыпты.
Пәленің басы бурылдан.
Алты бақан, ала ауыз.
Пәледен машайық қашады.
Ашу үстінде ант жүрмейді.
Ұрыс ырыс қашырар.
Дау арылмас, алтын шірімес.
Пәле түбі - жұт.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Бұл бөлімде пәле, дау-жанжал және тартыс туралы қазақ мақал-мәтелдері топтастырылған. Олар өмірде кездесетін түсінбеушілік, өсек, кикілжіңнің неден шығатынын, пәленің қайдан келетінін ишаралап, адамды сақтыққа, сабырға және сөзге тоқтауға үндейді.
Пәле мен дау туралы нақылдар көбіне артық сөздің, асығыстықтың, қызбалықтың салдарын ескертеді. Сонымен бірге бітімге келу, ақылмен шешу, әділдік пен ынтымақтың қадірін танытып, даудың алдын алудың жолын көрсетеді.
Пәле мен дау туралы нақылдар көбіне артық сөздің, асығыстықтың, қызбалықтың салдарын ескертеді. Сонымен бірге бітімге келу, ақылмен шешу, әділдік пен ынтымақтың қадірін танытып, даудың алдын алудың жолын көрсетеді.