Кәсіп туралы 80
Кәсіп туралы мақал-мәтелдер еңбек, шеберлік, адал нәпақа және табысқа жетудің жолын дәріптейді.
80
Мақал-мәтелдер
7.9K
Барлық қаралым
99
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Диқан болсаң, жеріңнің басында бол,
Сыпайы болсаң, бегіңнің қасында бол.
Сыпайы болсаң, бегіңнің қасында бол.
Шын аңшының алдына аңның өзі келер.
Шеберлікке шек жоқ.
Қара суда қаймақ жоқ,
Қас шеберде оймақ жоқ.
Қас шеберде оймақ жоқ.
Жақсы қойшының төлі түлеп тұрады,
Жаман қойшының төлі жүдеп тұрады.
Жаман қойшының төлі жүдеп тұрады.
Білімді өлсе, қағазда аты қалады,
Ұста өлсе, артында заты қалады.
Ұста өлсе, артында заты қалады.
Ұстаны соққан пышағынан таниды.
Жаман ұста суын таппайды.
Шеберді шеге қағысынан таниды.
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
Бір нәрсеге машық бол.
Етікшіні балға мен бізі асырайды,
Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
Жаман іс жоқ,
Жаман ісші бар.
Жаман ісші бар.
Мал - баққандікі,
Жер - жыртқандікі.
Жер - жыртқандікі.
Қыстай қайрап, жаздай шапқан кетпенім,
Кетпен шауып мұратыма жеткенім.
Кетпен шауып мұратыма жеткенім.
Бақташы малын бағады,
Бақшашы бауын бағады.
Бақшашы бауын бағады.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Кәсіп туралы» мақал-мәтелдер қазақтың еңбекке, адал табысқа және шеберлікке қатысты өмірлік қағидаларын жинақтайды. Бұл топтағы нақыл сөздер кәсіптің адамды өсіретінін, талап пен төзімнің нәтижеге жеткізетінін, еріншектік пен салғырттықтың кесірін қысқа да нұсқа жеткізеді.
Категориядағы мәтіндер егіншілік, сауда, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты түрлі кәсіптің қадірін танытып, «еңбек етсең – емерсің» деген ойды бекітеді. Сондай-ақ адалдық, ұқыптылық, уақытты бағалау, кәсіпті меңгеру мен тәжірибені арттыру секілді құндылықтарды насихаттап, жасқа да, үлкенге де бағыт-бағдар береді.
Категориядағы мәтіндер егіншілік, сауда, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты түрлі кәсіптің қадірін танытып, «еңбек етсең – емерсің» деген ойды бекітеді. Сондай-ақ адалдық, ұқыптылық, уақытты бағалау, кәсіпті меңгеру мен тәжірибені арттыру секілді құндылықтарды насихаттап, жасқа да, үлкенге де бағыт-бағдар береді.