Әйел заты туралы 129
Әйел заты туралы қазақ мақал-мәтелдері: ана, жар, қыз тәрбиесі мен отбасы құндылығын дәріптейтін нақыл сөздер.
129
Мақал-мәтелдер
15.4K
Барлық қаралым
119
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Қызы бардың - көзі бар,
Ұлы бардың - өзі бар.
Ұлы бардың - өзі бар.
Бас-басыңа бай қайда,
Шал да болса тиіп ал.
Шал да болса тиіп ал.
Қыз бала өріс.
Шыққан қыз шиден тысқары.
Жігіт алтын, қыз күміс бойдағында.
Қарты бардың хаты бар,
Қызы бардың назы бар.
Қызы бардың назы бар.
Қыздың жолы жіңішке.
Қыздан туғанның қиығы жоқ,
Туыс қылудың қиыны жоқ.
Туыс қылудың қиыны жоқ.
Қырық жеті - қыздың құны.
Қыз тілеуі - Қыдыр тілеуі.
Гүл өссе - жердің көркі,
Қыз өссе - елдің көркі.
Қыз өссе - елдің көркі.
Қызға бергенді қыз өтер.
Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар,
Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар.
Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар.
Ас таңдасаң, аяғына қара,
Қыз таңдасаң, анасына қара.
Қыз таңдасаң, анасына қара.
Қыз-мұңлық.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Әйел заты туралы» мақал-мәтелдер – қазақ дүниетанымындағы ананың қадірі, әйелдің орны, отбасының берекесі мен ұрпақ тәрбиесі жайлы терең ойды жинақтаған нақыл мұра. Бұл топтағы сөздер әйелдің мейірімін, парасатын, сабырын, еңбекқорлығын, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілігін бейнелейді.
Категорияда анаға құрмет, жарға сыйластық, қыздың ибасы мен тәрбиесі, шаңырақтың ынтымағы сияқты тақырыптар кең көрініс табады. Мақал-мәтелдер арқылы ұрпаққа өнеге беріліп, отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қағидалар насихатталады.
Категорияда анаға құрмет, жарға сыйластық, қыздың ибасы мен тәрбиесі, шаңырақтың ынтымағы сияқты тақырыптар кең көрініс табады. Мақал-мәтелдер арқылы ұрпаққа өнеге беріліп, отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қағидалар насихатталады.