Замана туралы 40
«Замана туралы» мақал-мәтелдер уақыт рухын, қоғам өзгерісін, дәуір мінезін қысқа да нұсқа жеткізеді.
40
Мақал-мәтелдер
6K
Барлық қаралым
149
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Заманы бірдің амалы бір.
Заманың түлкі болса, тазы боп шал.
Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.
Тоғайына қарай аңы.
Замана зордікі.
Тауына қарай түлкісі,
Заманына қарай күлкісі.
Заманына қарай күлкісі.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар.
Еңбек - адамның көркі, Адам - заманның көркі.
Арғымақ мінген байлардың
Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның
Елге мұқтаж күні бар.
Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның
Елге мұқтаж күні бар.
Мына заман қай заман,
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке
Өлшеуі жоқ бай заман.
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке
Өлшеуі жоқ бай заман.
Заманың қалай болса,
Бөркіңді солай ки.
Бөркіңді солай ки.
Заманы бірдің зары бір.
Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.
Заманы бір құрдас.
Ақырзамаң боларда әулие көбейеді.
Заманына қарай адамы.
Замана өзгерсе, заңы да өзгереді.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Замана туралы» мақал-мәтелдер — уақыт ағымын, дәуірдің мінезін, қоғамдағы құбылыстар мен адам болмысының өзгерісін бейнелейтін нақыл сөздер. Мұнда халықтың өмір тәжірибесі, күнкөріс қалпы, еңбек пен тұрмыс, тәрбие мен жауапкершілік секілді ұғымдар заман сүзгісінен өтіп, дәл әрі әсерлі ойға айналады.
Бұл санаттағы мәтелдер өткен мен бүгінді салыстырып, әр кезеңнің өз шындығы барын еске салады. Олар жаңаға бейімделу, құндылықты жоғалтпау, елдік пен бірлікті сақтау туралы ой тастап, оқырманды уақыт талабын дұрыс түсінуге үндейді.
Бұл санаттағы мәтелдер өткен мен бүгінді салыстырып, әр кезеңнің өз шындығы барын еске салады. Олар жаңаға бейімделу, құндылықты жоғалтпау, елдік пен бірлікті сақтау туралы ой тастап, оқырманды уақыт талабын дұрыс түсінуге үндейді.