Кәсіп туралы 80
Кәсіп туралы мақал-мәтелдер еңбек, шеберлік, адал нәпақа және табысқа жетудің жолын дәріптейді.
80
Мақал-мәтелдер
7.9K
Барлық қаралым
99
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
Зер қадірін зергер білер.
Орақшының жаманы орақ таңдайды.
Шын орақшы орақ таңдамайды,
Шын батыр құрал таңдамайды.
Шын батыр құрал таңдамайды.
Кәсібі бөлектің - нәсібі бөлек.
Екі сауыншы кездессе,
Шелегі мен қаймағын айтады.
Екі ұста кездессе,
Балғасы мен салмағын айтады.
Екі ұры кездессе,
Қайдағы мен жайдағыны айтады.
Шелегі мен қаймағын айтады.
Екі ұста кездессе,
Балғасы мен салмағын айтады.
Екі ұры кездессе,
Қайдағы мен жайдағыны айтады.
Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса.
Қайдан құлақ шығарса.
Егінші жылда арманда,
Балықшы күнде арманда.
Балықшы күнде арманда.
Егінші мәрт,
Жер жомарт.
Жер жомарт.
Кемеші келсе, қайықшы судан шығар.
Құралайды көзден атқан мерген.
Ұстамен жақын болсаң, ісің бітеді.
Үйге үт кірді,
Егіншінің көкейіне құт кірді.
Егіншінің көкейіне құт кірді.
Темірші көміршіге үйір.
Кәсіп түбі нәсіп.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Кәсіп туралы» мақал-мәтелдер қазақтың еңбекке, адал табысқа және шеберлікке қатысты өмірлік қағидаларын жинақтайды. Бұл топтағы нақыл сөздер кәсіптің адамды өсіретінін, талап пен төзімнің нәтижеге жеткізетінін, еріншектік пен салғырттықтың кесірін қысқа да нұсқа жеткізеді.
Категориядағы мәтіндер егіншілік, сауда, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты түрлі кәсіптің қадірін танытып, «еңбек етсең – емерсің» деген ойды бекітеді. Сондай-ақ адалдық, ұқыптылық, уақытты бағалау, кәсіпті меңгеру мен тәжірибені арттыру секілді құндылықтарды насихаттап, жасқа да, үлкенге де бағыт-бағдар береді.