Ойын туралы 31

Ойыннан от шығар. Oıynnan ot shyǵar. Ой түбі - алтын, ойын түбі - от. Oı túbi - altyn, oıyn túbi - ot.
Орынсыз ойын - сындырар мойын. Orynsyz oıyn - syndyrar moıyn. Ойыншының тамағы тоқ. Oıynshynyń tamaǵy toq. Ойында өрелік жоқ,
Ханда төрелік жоқ. Oıynda órelik joq,
Handa tórelik joq.
Ойнаса да, ойындағысын айтады. Oınasa da, oıyndaǵysyn aıtady. Ойын сөзге шын жауап. Oıyn sózge shyn jaýap. Оспадардың ойыны бұзық. Ospadardyń oıyny buzyq. Ойнаса баласы,
Шындаса әкесі жығады. Oınasa balasy,
Shyndasa ákesi jyǵady.
Ойынды көтермегеннің басы таз болады. Oıyndy kótermegenniń basy taz bolady. Итпен ойнасаң - үрерсің,
Баламен ойнасаң - күлерсің. Itpen oınasań - úrersiń,
Balamen oınasań - kúlersiń.
Ойнақтаған бота от басады. Oınaqtaǵan bota ot basady. Келеріңде жетерсің ойын салып,
Қайтарыңда кетерсің мойын салып. Kelerińde jetersiń oıyn salyp,
Qaıtaryńda ketersiń moıyn salyp.
Ойнасақ та біраз жерге шаптық. Oınasaq ta biraz jerge shaptyq. Жаманның ойыны да жаман. Jamannyń oıyny da jaman. Алыспақ бар, атыспақ жоқ. Alyspaq bar, atyspaq joq. Көп ойнаған бір жылар,
Көп осырған бір тышар. Kóp oınaǵan bir jylar,
Kóp osyrǵan bir tyshar.
Сумен ойнама - батарсың,
Отпен ойнама- күйерсің. Sýmen oınama - batarsyń,
Otpen oınama- kúıersiń.
Ақылсызды жіберсең, ойын бұзар,
Арамзаны жіберсең, жиын бұзар. Aqylsyzdy jiberseń, oıyn buzar,
Aramzany jiberseń, jıyn buzar.
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де қой бағып,
Құйрық жеген озар. Asyq oınaǵan azar,
Dop oınaǵan tozar.
Bárinen de qoı baǵyp,
Quıryq jegen ozar.
Көтергенің құрысын,
Қолтыққа қолды тыққан соң. Kótergeniń qurysyn,
Qoltyqqa qoldy tyqqan soń.
Ойнамасаң ойын бақ,
Қойшыбайдың қойын бақ! Oınamasań oıyn baq,
Qoıshybaıdyń qoıyn baq!
Күңге күле қарасаң,
Көйлегіне жамау сұрайды. Kúńge kúle qarasań,
Kóılegine jamaý suraıdy.
Екі жеп, биге шыққан. Eki jep, bıge shyqqan. Аударыспақ ойнаса,
Аздың арты қылпылдар.
Бөрік алыспақ ойнаса,
Таздың арты қылпылдар. Aýdaryspaq oınasa,
Azdyń arty qylpyldar.
Bórik alyspaq oınasa,
Tazdyń arty qylpyldar.
Дырдушыл жастық - қайырсыз қарттық. Dyrdýshyl jastyq - qaıyrsyz qarttyq. Атан өлсе сойылар,
Арыс өлсе қойылар,
Қансонар қайдан табылар? Atan ólse soıylar,
Arys ólse qoıylar,
Qansonar qaıdan tabylar?
Отпен ойнама - өртенерсің,
Доспен ойнама - өкпелетерсің. Otpen oınama - órtenersiń,
Dospen oınama - ókpeletersiń.
Ережесіз ойын жоқ. Erejesiz oıyn joq. Аз ойна , көп ойла. Az oına , kóp oıla. Ойынға ойсыз құмар. Oıynǵa oısyz qumar.