Сөз туралы 235
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер сөздің қуаты, тіл мәдениеті мен ой дәлдігін насихаттайды.
235
Мақал-мәтелдер
34.8K
Барлық қаралым
148
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Сөз - сөздің қуғыншысы.
Сөзге сөз келгенде сөйлемесе,
Сөздің анасы өледі.
Сөздің анасы өледі.
Кен байлығы жерде,
Сөз байлығы елде.
Сөз байлығы елде.
Сөзіңе қарауыл қой.
Жақсының сөзі шамдай жарық,
Айдай анық.
Айдай анық.
<<Сіз, біз» деген - сөздің желімі,
Өтірік - шындықтың келіні.
Өтірік - шындықтың келіні.
Бұралқы мал мінуге жақсы,
Бұралқы сөз күлуге жақсы.
Бұралқы сөз күлуге жақсы.
Ақырын айтқан ақыл сөз,
Асыл нәрсе бергендей.
Ақырын айтқан қатты сөз,
Қолға кірген шеңгелдей.
Асыл нәрсе бергендей.
Ақырын айтқан қатты сөз,
Қолға кірген шеңгелдей.
Көз көргеніне сенеді,
Құлақ естігеніне сенеді.
Құлақ естігеніне сенеді.
Сөз - жүректің шері,
Оның да бар ғой айтылар жері.
Оның да бар ғой айтылар жері.
Өлі - тірінің азығы,
Бір сөз - мың сөздің қазығы.
Бір сөз - мың сөздің қазығы.
Көре тұра айтпасаң, көргенсіз дер,
Біле тұра айтпасаң, жетесіз дер.
Біле тұра айтпасаң, жетесіз дер.
Кенеуі жоқ кеудеге,
Сылдыраған сөз бітер.
Миы жоқ қу басқа
Бадырайған көз бітер.
Сылдыраған сөз бітер.
Миы жоқ қу басқа
Бадырайған көз бітер.
Пышағыңды қайрап жүр,
Не соярыңды білмесең.
Жауабынды сайлап жүр,
Не сұрап, не айтарыңды білмесең.
Не соярыңды білмесең.
Жауабынды сайлап жүр,
Не сұрап, не айтарыңды білмесең.
Өлең алтын, сөз - күміс.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер қазақ дүниетанымында сөздің қадірі мен жауапкершілігін айқындайды. Бұл топта тілдің қуаты, шешендік, уәде мен анттың салмағы, ойды анық жеткізу, адамға әсер ететін сөздің орны туралы нақылдар жинақталады.
Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.
Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.