Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Кәсіп туралы 80

Кәсіп туралы мақал-мәтелдер еңбек, шеберлік, адал нәпақа және табысқа жетудің жолын дәріптейді.

80
Мақал-мәтелдер
7.9K
Барлық қаралым
99
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Темірді қызған кезде соқ.
EN 1 тақырыпша 304
Диқан жерін мақтайды,
Балықшы көлін мақтайды,
Кәсіпкер кенін мақтайды.
EN 2 тақырыпша 235
Қалауын тапса, қар жанар.
EN 1 тақырыпша 218
Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.
EN 1 тақырыпша 170
Шебер қол шет қалмайды.
EN 1 тақырыпша 146
Ұста пышаққа жарымайды,
Етікші етікке жарымайды.
EN 1 тақырыпша 138
Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел азар.
EN 1 тақырыпша 136
Ұста, ұстадан нұсқа.
EN 1 тақырыпша 136
Тігіншіні инесі асырайды.
EN 1 тақырыпша 136
Орман аралаған үйші болады,
Ел аралаған сыншы болады.
EN 1 тақырыпша 131
Қолың ұста болсын,
Сөзің қысқа болсын.
EN 1 тақырыпша 128
Диқан жерін анасындай сүйеді,
Жер диқанды баласындай сүйеді.
EN 2 тақырыпша 122
Жаман етікші біз таңдайды.
EN 1 тақырыпша 122
Қайықшымен жақын болсаң,
Дауыл күні қайығын суға саларсың.
EN 2 тақырыпша 120
Шебердің инесі де,
Күймесі де алтын.
EN 1 тақырыпша 119
Алдыңғы
1 2 ... 6
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Кәсіп туралы» мақал-мәтелдер қазақтың еңбекке, адал табысқа және шеберлікке қатысты өмірлік қағидаларын жинақтайды. Бұл топтағы нақыл сөздер кәсіптің адамды өсіретінін, талап пен төзімнің нәтижеге жеткізетінін, еріншектік пен салғырттықтың кесірін қысқа да нұсқа жеткізеді.

Категориядағы мәтіндер егіншілік, сауда, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты түрлі кәсіптің қадірін танытып, «еңбек етсең – емерсің» деген ойды бекітеді. Сондай-ақ адалдық, ұқыптылық, уақытты бағалау, кәсіпті меңгеру мен тәжірибені арттыру секілді құндылықтарды насихаттап, жасқа да, үлкенге де бағыт-бағдар береді.