Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Сақтық туралы 57

Сақтық туралы мақал-мәтелдер қауіптен сақтану, ойлы әрекет ету және алдын ала қамданудың мәнін үйретеді.

57
Мақал-мәтелдер
6.2K
Барлық қаралым
109
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара.
EN 1 тақырыпша 251
Тілдінің тілінен сақтан,
Сөздінің сөзінен сақтан.
Көздінің көзінен сақтан.
EN 1 тақырыпша 242
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
EN 1 тақырыпша 232
Кедейдің кербезінен сақтан.
EN 1 тақырыпша 208
Досыңмен дос болғанға шаттан,
Досыңмен дұшпан болғаннан сақтан.
EN 1 тақырыпша 189
Досыңмен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
EN 1 тақырыпша 180
Мұрын болмаса, екі көз бірін-бірі шұқыр еді.
EN 1 тақырыпша 149
Тұсау ат сақтайды,
Ат ер сақтайды,
Ер ел сақтайды.
EN 1 тақырыпша 143
Кезенген жаудың көзінен сақтан,
сойқанның сөзінен сақтан.
EN 1 тақырыпша 140
Көктұйғын көп шүйілме,
Алдыңда құрулы тор бар.
EN 1 тақырыпша 132
Сақ жүрсең - тоқ жүресің.
EN 1 тақырыпша 125
Сақтықта қорлық жоқ.
EN 1 тақырыпша 120
Өзіңе-өзің сақ бол.
EN 1 тақырыпша 120
Қатерлі жерде қаперсіз отырма.
EN 1 тақырыпша 113
Қас болып, дос болғанға мақтан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
EN 1 тақырыпша 112
Алдыңғы
1 2 ... 4
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Сақтық туралы» мақал-мәтелдер адамның қауіп-қатерді алдын ала болжап, әр істі ойланып атқаруына үндейді. Бұл санаттағы нақыл сөздер өмірде асығыстықтың орнына байыппен қадам жасауды, сақтансаң — сақтайтынын, ал немқұрайдылықтың өкінішке апаратынын еске салады.

Сақтыққа қатысты мақалдар тұрмыста да, жолда да, сөз бен істе де қырағылық қажет екенін көрсетеді. Олар жауапкершілік, тәртіп, қауіпсіздік, жоспарлау сияқты құндылықтарды дәріптеп, адамды өзіне де, айналасына да зиян келтірмей, ұқыпты өмір сүруге тәрбиелейді.