Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63.1K
Барлық қаралым
98
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Болатын өгіз бұзауынан белгілі.
Түйеге - дақ, жылқыға - пышақ.
Түйе торы болмас,
Сиыр шабдар болмас.
Сиыр шабдар болмас.
Құрттаған қой далаға кетер,
Екі бұршақ, бір сабауды ала кетер.
Екі бұршақ, бір сабауды ала кетер.
Серкесіз қой отары болмайды.
Қабырғалы қара нар,
Қабырғасын сөксең, бақ етпес.
Қабырғасын сөксең, бақ етпес.
Түйе сойған жиыннан тоқты сойған той артық.
Құдай бергеннің тоқтысын Қыдыр бағады.
Нардың бақырғаны - ұят,
Арғымақтың жорғалағаны - ұят.
Арғымақтың жорғалағаны - ұят.
Ешкі бастаған қой егінге түсер,
Малдың бір ұшы білекте,
Бір ұшы жүректе.
Бір ұшы жүректе.
Керуеннің күні қомда.
Шөккен түйе соққанды білмейді.
Бір биеде екі емшек,
Бірі кетсе, сүті жоқ.
Бір түйеде екі өркеш,
Бірі кетсе, күші жоқ.
Бірі кетсе, сүті жоқ.
Бір түйеде екі өркеш,
Бірі кетсе, күші жоқ.
Жүйрік бестіден,
Кеңдік келбеттіден шығады.
Кеңдік келбеттіден шығады.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.