Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63.2K
Барлық қаралым
98
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Жебір түйе жабуын жер,
Жебір жігіт ауылын жер.
Жебір жігіт ауылын жер.
Бұғаудан шошынған асау,
Қамытқа басын сұқпайды.
Қамытқа басын сұқпайды.
Өзеннің көркі - жар,
Түйенің көркі - нар.
Түйенің көркі - нар.
Азу тісі қаладай:
жабуы жамшыдай,
құйрығы қамшыдай,
бура сойған не сұмдық!
жабуы жамшыдай,
құйрығы қамшыдай,
бура сойған не сұмдық!
Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады.
Тұяқты тұяқ жібермейді.
Арамнан алған түйеден
Адалдан алған ешкі артық.
Адалдан алған ешкі артық.
Алыстан шабынған бураның күші қайтады.
Сиыр бақтым - сидаң қақтым.
Арбаның жүгі өгізге түсер.
Көшсе, мал семіреді,
Көшпесе, қатын семіреді.
Көшпесе, қатын семіреді.
Жылқы бақтым - жорғалаттым.
Қысыр қалған ешкіден лақтаған шыбыш артық.
Түйе мойнын тұз кесер.
Бурадан пішкен азбанға,
Буыршын басып шөге алмас.
Буыршын басып шөге алмас.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.