Сөз туралы 235
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер сөздің қуаты, тіл мәдениеті мен ой дәлдігін насихаттайды.
235
Мақал-мәтелдер
34.8K
Барлық қаралым
148
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Өткен күн оралмас,
Кұнды сөз жоғалмас.
Кұнды сөз жоғалмас.
Сегіз тұтам сар садақ,
Секірген аңды сұлатар.
Сегіз қырлы өткір сөз,
Ақырған ерді құлатар.
Секірген аңды сұлатар.
Сегіз қырлы өткір сөз,
Ақырған ерді құлатар.
Жақсы лепес - жарым ырыс.
Санаулы сөз салмақты.
Естімеске айтқан есіл сөзім,
Жыламасқа жылаған екі көзім.
Жыламасқа жылаған екі көзім.
Төрде отырып,
Теріс сөйлегеннен без.
Есікте отырып,
Керіс сөйлегеннен без.
Теріс сөйлегеннен без.
Есікте отырып,
Керіс сөйлегеннен без.
Жақсының сөзі жырмен тең.
Бір сөз
ұйықтап жатқан мың сөзді оятады.
ұйықтап жатқан мың сөзді оятады.
Аз сөйлесең де, саз сөйле.
Сөйлей білмес жамандар
Сөзді өзіне келтірер.
Көше білмес жамандар
Көшсе, көлік өлтірер.
Сөзді өзіне келтірер.
Көше білмес жамандар
Көшсе, көлік өлтірер.
Жақсы сөз жұбатады,
Жаман сөз жылатады.
Жаман сөз жылатады.
Су төркіні - әуіз,
Сөз төркіні - ауыз.
Сөз төркіні - ауыз.
Сәлем - сөздің анасы.
Көзі жаманның сөзі жаман.
Орынды сөз - өрең,
Орынсыз сөз - керең.
Орынсыз сөз - керең.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер қазақ дүниетанымында сөздің қадірі мен жауапкершілігін айқындайды. Бұл топта тілдің қуаты, шешендік, уәде мен анттың салмағы, ойды анық жеткізу, адамға әсер ететін сөздің орны туралы нақылдар жинақталады.
Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.
Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.